183
курсты өтетін студенттерге көмекші құрал болар деп ойлаймыз.
Әсіресе, осы кітаптаты талдаулар диахрондық лексикология курсы-
ның дайын иллюстративтік материалы болары хақ.
Қазақ тілінің сөздік қазынасының қазіргі және бұдан бұрынғы,
яғни тіпті ертеректегі және «күні кешегі» – XV-XIX ғасырлардағы күй-
қалпын: жеке сөздердің мағыналарын, қолданылу ерекшеліктерін,
ескіріп, жаңаруын, тұлғалық көрінісін таныға-білуде біздің жоғары-
дағы талдауларымыз мынадай ой-түйіндерге алып келеді.
§1.
Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында көне түркі заманынан
сақталып келген, бірақ бұл күнде жеке тұрып, сол көне мағынасында
қолданылмайтын бір алуан сөздер бары байқалады. Ол сөздер
негізінен тұрақты тіркестер (фразеологизмдер мен қос сөздер) және
лексикалық тіркестердің (күрделі есімдер мен күрделі етістіктердің)
құрамында қолданылады. Сондай-ақ олар кейбір жеке сөздердің
этимоны, яғни мағыналық және тұлғалық түптамыры болып келеді.
Бұған мысал ретінде
аты шулы
деген тіркесті алуға болады. Мұның
екінші сыңары (компоненті) –
шулы
«даңқ, атақ, даңқты, атақты» де-
ген мағынадағы көне түркілік
чау
сөзі. Студенттер мен оқытушыларға
көне түркі тілдерінде
Достарыңызбен бөлісу: