шыр біту
дегендегі
шыр (көне түркілерде «май»), «біреудің әйелі, жұбайы» мағынасын
186
білдірген кіші сөзінен жасалған кішілік сөздерін қосуға болады.
Бұлардың көпшілігі – тұрақты тіркес құрамында емес, жеке де (еркін
тіркесте) қолданылатын сөздер. Бірақ олардың көне мағыналары
ұмыт болған. Бақа, бақа балпақ, көзің неге тостақ? деген балалар
өлеңіндегі
тостақ
дегеңнің «бақырайған» деген ұғымдағы сөз екенін
контекске қарап қана шамалаймыз. Ал, шындығында, бұл сөздің
түбірі «көзді кең ашу» мағынасындағы көне
тоста-
етістігі екендігін
тек этимологиялық ізденіс арқылы білуге болады.
Сөздің көнелігі оның о бастағы мағынасын ұмыттырып, тек
тұрақты тіркес құрамында қалдырады. Айталық, қара құрттай қай-
наған халық немесе
құж-құж
қайнау дегендердігі қайнау етістігінің
көне «ерсілі-қарсылы бейберекет сапырылысу, құжынап жату» деген
мағынасы ұмыт болғандықтан, бұл күнде көшеде адамдар қайнады,
құмырсқа қайнады ден еркін тіркес жасап айтпаймыз. Оның бұл көне
мағынасы тек
қара құрттай қайнау, қайнаған халық (жұрт, адам-
дар), құж-құж қайнау
сияқты тіркестерде тұрғанда ғана сақталған.
Келесі мысалдар:
күн
сөзінің «ел, халық» мағынасындағы тұлға
екенін тек
ел-күн
деген қос сөз тіркесінде тұрғанда ғана байқауға бо-
лады.
Құты қашу, құтын алу
дегендердегі
құт
көне түркі тілдерінде
«рух, адамның жан дәрмені» (орысша: «жизненная сила») дегенді
білдірсе, күн жайлату дегендегі жайлату
(жады>жайы + ла + т)
сөзі көне түркілік түбірден жасалғанын көреміз. Олар өздерінің көне
мағыналарын сөз тіркестерінде тұрғанда ғана сақтаған.
Мұндай фактілер қазіргі қазақ тілінде едәуір баршылық. Гәп –
олардың бар екенін көрсетуде емес, әңгіме, біріншіден, бірқатар
сөздердің мағынасы ұмыт болғанмен, өздері сақталып жетуін және
ол үшін белгілі бір жағдайдың (амалдың) болғандығын байқатуда.
Ол амалдың пәрменді (актив) бір түрі – тіркес құрамы, яғни күрделі
сөздер және тұрақты тіркестер мен қос сөздердің құрамында тұру
арқылы сөздің түпкі мағынасы және түптұлғасы ретінде этимондық
рөл атқаруы.
§3.
Бұл құбылыс тек көне түркілік тұлғалардың хатқа түскендеріне
қарай ғана емес, сонымен қатар кейбір сөздердің тіркес құрамында
келген көне мағыналарына қарай да орын алатындығын ала сөзінің
талдауынан байқауға болады.
Қазіргі түркі тілдері сөздіктерінің барлығында дерлік бұл сөздің
негізгі мағынасы – «біркелкі емес, әр түсті», одан ауысқан мағынасы
«келіспеушілік, ала-құлалық», одан да әрі ауысқан мағынасы – «жа-
сырын ой, бүкпе», «әділетсіздік» дегендер деп көрсетілген. Бұл –
дұрыс. «Тегіс емес, біркелкі емес, анық емес» және «бейберекеттік,
187
аласапырандық» деген ауыспалы мағыналары «ала-құлалық» де-
ген түпкі идеяға негізделеді. Бұл идея (мағына) қазақ тіліндегі
ала
көлеңке, алагеуім, ала көбеде, алаң-елеңде елең-алаңда, алағаншық
боран, алажаулы бұлт, алақанат
немесе
алашабыр жер, аласабыр
шер, ала құйын, апақ-сапақ кез,
қырғыз тіліндегі
ала шабыраң
не-
месе
ала шалбырт
(«көктемнің ерте кезі, аласабыр шақ»),
алағанчық
чыбырғақ, алабарман, аладүн,
татар тіліндегі
ала қар
(«ерте көктемдегі
бір жерде еріп, бір жерде сақталған қар»), ұйғыр тіліндегі
күн ала
қашқа болғанда
(«алагеуімде»),
алатайин
(«күмәнды, белгісіз») де-
ген сөздерде көрінеді. Қырғыз тіліндегі ала жай («ерте көктем, яғни
қыс емес, бірақ әлі жаз да емес аласабыр шақ») сияқты тіркестердегі
ала
сөзінің семантикалық кілтін де осы жерден іздеу керек.
«Біркелкі емес, тегіс емес, анық емес» деген мағынадан «бейбе-
рекеттік, тәртіпсіздік, дүрбелеңдік» идеясы туады. Сондықтан бұл мо-
дификацияны, яғни
Достарыңызбен бөлісу: |