188
Демек, бұл сөздің түпкі мағынасында
шабуылға, талауға, қыр-
ғын-сүргінге
катысты мән бар. Сондықтан аталған сөздікте аламан
тұлғасы
ала-
етістігінен жасалған туынды есім сөз деп танылған.
Ала-
етістігінің түбірі
ал-
(бір нәрсені қолмен алу) деп талданады
да, оған қосылған
-а
форманты – қимылдың жиілігін танытатын
көрсеткіш деп беріледі. Осы себептен түрік тіліндегі
алғын, аланж
«тонау»,
алақ, алақты
«талан-таражға салу», қазақ тіліндегі
алаулау
«соғысу, ұрыс салу» дегендердің түбірінде бір нәрсені қолмен алуға
немесе бір халықты басып алуға қатысты идея (мағына) болғанмен,
ала сүргін, ала шапқын
дегендерде
алу
идеясы емес, «көпшілік»
идеясы басым (соңғы тіркестердегі «соғыс, ұрыс, талау» мағынасы
сүргін, шапқын сөздерінде). Сондықтан о баста қазақ халқын құраған
ру-тайпалар одағының
алаш (алты алаш, алты сан алаш)
аталуы бұл
сөздің «көпшілік, халық» мағынасын қамтитын
ала
түбірімен байла-
нысты екенін көрсетеді. Демек,
алаш
«көпшілік, одан барып «халық,
қауым» деген ұғымда қолданылған атау болған.
Сөйтіп, сөз тарихын қуалағанда,
ала
деген бір ғана тұлғаның
туынды сөз, күрделі сөз, яғни тіркес құрамында бірнеше мағынада
келетіні байқалады. Ол мағыналардың бірқатары түпкі (этимондық)
семантикадан тараған ауыспалы түрлері болса, енді біреулері
«ұрыс, соғыс, қырып-жою» мағыналары бар және «көпшілік, мас-
са» деген мағыналық реңкті қамтитын өз алдына бөлек сөздер бо-
лып шығады. Осы себептен қалың оқырманға
Достарыңызбен бөлісу: