Аудандық Мұқағали оқулары
І Жүргізуші:
Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал қазақ!
Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі аудандық жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткелі отырған Мұқағали Мақатаев оқуларына қош келдіңіздер!
Алғашқы құттықтау сөзді аудандық білім бөлімінің әдіскері Токкожинова Ғалия Сайранқызына ұсынамыз.
Келесі құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Хамзин Руслан Амантайұлына ұсынамыз.
ІІ жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне сапар шеккелі отырмыз.
Ондай болса ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы 4-сыныптың қыздары таныстырып өтсін. (слайд жүріптұрады)
І жүргізуші:
Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің
Бір түйір жерге түскен тамшым едің
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім.
Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды,
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды, - деген екен. Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де - өзіміз. Ендеше бүгінгі жыр додасы Мұқағали сынды өр ақынға арналмақ.
Көпжүрсінов Мейірбек Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия» өлеңімен ортада
4-сынып қыздары Советова Ақнұр, Амиржанова Гүлім
7-сынып Кенжетай Гүлден
ІІ жүргізуші:
Бүгінгі аудандық Мұқағали оқуларының басты мақсаты мен міндеттері:
- Аудандық жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
- Аудандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума – талант, табиғи дарындарын анықтау.
- Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
- Жас ақындарға әлеуметтік – рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру.
ІІ жүргізуші:
Мұқағали оқуларының шарттары:
Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:
1."Поэзия, менімен егіз бе едің"?.
(М.Мақатаевқа арналған өлеңдер). Ақынның туындысының мазмұны адамның
көркемділігін, шығарманың поэзиядағы орнын, оның тарихының жылнамасымен таныстыратын болуы керек..(Мұқағали Мақатаев жайлы ақындардың өлеңдері мен
М. Мақатаевқа арнап шығарылған өлеңдер тыңдалады)
2. "...Екінші бақытым - тілім менің"
(туған тіл тақырыбына арналған өлең- жырлар). Тақырып туған тілдің бағасыз байлығы, сөз құдыреті ,ата - бабаның сарқылмас мұрасы болуы керек. (М.Мақатаевтың туған тіл тақырыбындағы өлеңдері мен туған жерге арналаған шығарылған өлеңдер тыңдалады)
3. "Болашағым, тұрсаң сен, өлмеспін мен!.
"Күнделік жаз, жарқыным"!.
Мұқағали Мақатаев күнделігіндегі құпия туралы сыр бөлісу, ақын бейнесі арқылы көркемсөз оқу шеберлігін көрсету; (Ақын күнделігінен және өлеңдерін жатқа білу)
"Есіңе алғайсың" мені
Ақынның сөздеріне жазылған әндерді орындау.
(қатысушының тілегі бойынша 1 туынды орындалады)
Оқитын шығарма көлемі 2-3 минуттан аспауы керек (Ән орындау)
І жүргізуші:
Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік
Аудандық әдістемелік бөлімнің жетекшісі. Токкожинова Галия Сайрановна
___________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Сүлейменова Дильназдың орындауында Роза Әлқожаның әні «Атамекен»
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар, 12:00 де мектебіміздің АКТ залында, аудандық Мұқағали оқуларының салтанатты жабылуына және жеңімпаздарды марапаттауға шақырамыз.
Құрметті оқушылар, сіздерге алдағы сайыста сәттілік тілейміз!
Жабылуы:
І жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім.
, – деп болашағына сеніммен қараған еді ақиық ақын. Ендеше, байқаудың екінші бөлімін "Поэзия, менімен егіз бе едің"?. айдарын М.Мақатаевқа арналған өлеңдері тыңдалды. Ортаға Жеңімпаздарды марапаттауға шақырайық
Ән
ІІ жүргізуші.
Дүниеден өтті қанша ұлылар,
Ұлылар да уақытпен құбылар
Сиқырыңды зерттеп бітпес біз үшін
Бір өзің бір құбылыссың сыры бар, - деп Қанипа ақын Мұқағали ақынды еске алған екен.
Ендігі кезек, "...Екінші бақытым - тілім менің" туған тіл тақырыбына арналған өлең- жырлар. Ортаға Жеңімпаздарды марапаттауға шақырайық
Іжүргізуші.
Мен сенің үніңменен үндесемін,
Мен сенің тіліңменен тілдесемін.
Сауық құрып бойында бір көшенің
Болашағым, сен тұрсың, мен де өсімін
"Болашағым, тұрсаң сен, өлмеспін мен!.
"Күнделік жаз, жарқыным"!. Ортаға Жеңімпаздарды марапаттауға шақырайық
ІІ жүргізуші.Өлең деген тумайды жайшылықта
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа
"Есіңе алғайсың" мені Ортаға Жеңімпаздарды марапаттауға шақырайық
Хор : Есіңе мені алғайсың
І жүргізуші. Қорытынды:
Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.
... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына. Облыстық Мұқағали оқуларына қатысушы түлекке аудан намысын абыроймен қорғап, жүлделі орынға жетуіне тілектеспіз.
Қош болыңыздар! Кездескенше күн нұрлы, болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |