Сабақтың тақырыбы : Сөз құдыреті Сабақтың мақсаты



бет1/12
Дата04.11.2016
өлшемі1,87 Mb.
#294
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Сөз құдыреті

Сабақтың мақсаты :

а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қымбатты оқушылар! Сендер 8-сыныпқа арналған "Әдебиет" оқулығын қолдарыңа алып отырсыңдар, мүмкін, мазмұнымен танысып та шыққан боларсыңдар. Бүған дейін, 5-сыныптан бері, сендерді небір қиял-ғажайып ертегілер әлеміне, оқиғасы қызықты әңгіме-хикаяттар дүниесіне апарған, өлең жаттатып, көңілдеріңді шаттандырған әдебиет пәнін оқып-үйреніп келдіңдер.

Енді 8-сыныпта оқитын "Әдебиет" оқулығының 5—7-сыныптардағы әдебиет оқулыктарынан едәуір өзгешелігі бар. Ол өзгешелік — оқулык мазмұнында, тақырыптардың берілуінде. Оларда осы уақытқа дейін оқыған шығарма-ларыңнан алған әсерлеріңді, өздеріне ұнаған кейіпкерлерден бойларыңа ауыскан адамдық, тазалық, ұлтжандыльқ қасиеттерді, ең бастысы, осы кезге дейін алған әдеби білімдеріңді әрі қарай тереңдете түсетін жалпы түркі халықтарына ортақ жазба әдебиетіміздің бастауы — ежелгі дәуір әдебиетінің үлгілері берілді. Рас, бүл әдебиет сендерге алғашында осы уақытқа дейін оқыған туындыларыңнан тосындау көрінуі ықтимал. Сонау алыс ғасырлардан жеткен асыл мұраның тілі де үйреншікті емес, сондықтан да түсінуге қиындау соғар. Бірақ оларды сендердің шамаларың келмейтіндей қиындық деуге болмайды. "Ежелгі дәуірдің өзінде менің ата-бабамның керемет жазба өнері болған екен. Сонда мынадай асыл ойлар айтылған екен, сондағы тіл, мақал-мәтелдер бүгінге жетіп, оны біз айтып, қолданып жүр екенбіз" дегенді сезінудің өзі қаншалық ғанибет десендерші! Осы мақтаныш сезім мен сана ежелгі әдебиетті оқып-үйренуге сендерді құлшьндыра түсетініне күмәндануға бола ма!

Әдебиет адамға сөз қуаты, көркем бейне арқылы әсер етеді. Жазушы өткен тарихты, ондағы адамдардың жан – күйін, сезімін, қайғы – мұңын тебірене жазып, күшті әсерге бөлеп, ойға шомылдырады. Кейбір көркем шығарманы оқып отырып, оқиғасына өзің араласып кеткендей күй кешесің, кейіпкердің түр түсін, қуанғанын, ренжігенін жан жүрегіңмен қабылдайсың. Бұның бәрі көркем әдебиеттің, яғни сөз өнерінің құдыреті. Адам баласына қуаныш сыйлайтын, сезімімізді тәрбиелеп, байытып, азаматтық тұлға қалыптастыратын, жарасымды әдеби тілде сөйлеуге үйрететін әдебиеттің жеке адам өмірінде, қоғамдық болмыс тіршілікте алатын орны ерекше.

Ал нағыз оқырман болу үшін, көркем шығармалар туралы ғылыми білімге ие болып, оларды талдай білуге үйрену керек. Көркем туындыны талдау оқулықтан алған біліміңе ғана қатысты емес. Оқыған шығарма мазмұнын терең түсініп қабылдап, автордың ойы мен қөзқарасын айтпай танып, осы шығарма туралы өз сөзіңді, пікіріңді айту – талдаудың басы да, негізгісі де осы.

Оқырман шығарманы оқи отырып, шын қуаныш сезімін бастан кешіріп, эстетикалық ләззат алу үшін автордың өз туындысын жасау үстіндегі сезіміне жақындай түсу қажет. Оқулықта ұсынылған шығармаларды оқығанда, сендер де сөйтіңдер. Талантты жазушының талантты оқырмандары болуға тырысыңдар.

Сөз өнері – мәңгілік мектеп, оның өмірінің шегі жоқ.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Сөз құдіреті туралы ойтолғау жазу
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Ежелгі дәуір әдебиеті.

Сабақтың мақсаты : а) Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Біздің заманымызға дейінгі жазу сызулар мен аңыз жырлар.

Ұлан-байтақ қазақ жері — ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ата тегі — біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғүн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай "түрік", "түркілер" атанған.

Сақтар біздің заманымыздан бүрын Монғолия мен Дунай арасын мекендеген. "Сақ" сөзі қазакқ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып-сақ (қыпшақ), т.б. Көшпелі сақтар жайын-дағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.

Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: "Аға, саған бүл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!" — деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VII—V ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманы-мыздағы VIII ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.

Сақ, ғүн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып-Ер Түңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.

Біздің заманымызға дейінгі көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіш-терін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құрған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында білгеніміз жөн.

Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең-байтақ даласында сақ, ғұн, үйсін-дер өмір сүрген. Олар алғашқы қауымдық құрылыс тұсында аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан. Бұны сақтардың бұғы, арқар, арыстан, самұрық суреттерін салып және олардың бейнесін алтыннан құйып жасағандығынан байқаймыз. Заманымыздың Ү ғасырына дейін оларды «түрік», «түркілер» деп атаған. Олар көне түркі тілінде сөйлеген.

Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, ұлан-ғайыр өлкедегі негізгі тілге айналды. Олардың таңбәлары ру символдарына ұқсас болып келді. Кене түркі жазуы бертін келе тіл тарихында «Рунә» жәзуы деп аталып кетті. «Рунь» деген сөз «құпия», яғни «сыры ашылмаған» деген ұғымды білдіреді.

Міне, осы руна жазуындағы ескерткіштер тілі ҮІ - X ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ т.б. түркі тайпалардың бәріне бірдей ортақ жәзбаша әдеби тілі болды.

Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен Алып - Ер Тұңға, Тұмар патшайым; Ширақ батыр, Мөде батыр жайында аңыз-әңгімелер бар


Кітаппен жұмыс: Кітаптан ежелгі дәуір әдебиеті туралы оқып түсініктерін айтады.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ежелгі дәуір әдебиеті туралы оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы : АЛЫП-ЕР ТҰҢҒАНЫ ЖОҚТАУ

Сабақтың мақсаты : а) Алып-ер Тұңға туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Алып-Ер Тұңға - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидың «Шаһнама» кітабының кейіпкері. Бұл кітапта Алып-Ер Тұңға - Афрасияп, Тұранның (Түр елі - түріктердің) патшасы болып суреттеледі.

Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Ал Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында.

Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітабында бар.

Бұл жырдан қазақтың жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жырдың мазмұнында опасыз дүниенің Алып-Ер Тұңғаны аямағаны, түркілердің оның қазасына қатты қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады.

Алып-Ер Тұңға өлді ме?

Опасыз дүние қалды ма?

Заман өшін алды ма?

Енді жүрек жыртылар...

Сөздікпен жұмыс: Тұңға- алғашқы,бірінші деген мағынасында

Опасыз дүние-бұл дүниеде ешкім мәңгі қала алмайды деген мағынада
Кітаппен жұмыс: Алып-Ер Тұңғаны жоқтауын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


  1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

  2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  3. Ежелгі дәуір әдебиетіне қай ғасыр жатады?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Алып-Ер Тұңғаны жоқтауды оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8


Сабақтың тақырыбы : ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ (VIII ғ.)

Сабақтың мақсаты : а) Орхон ескерткіштері туралы мәлімет беріп, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс : қазақ тілі ,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Түркілер Ү-ҮІІІ ғасырларда «Түрік қағанаты» деп аталатын үлкен мемлекет құрды. Түркілер - қазіргі қазақ, қырғыз, қарашай, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, ноғай, саха (якут), хакас, әзірбайжан, түрік, құмық, авар, балқар, башқұрт сияқты тілдері бір-бірімен ұқсас, түркі тілінде сөйлейтін, тұтас түркі елі. Түркілердің түпкі Отаны - қазіргі қазақ жері.

Түрік қағанатының негізін құрғән Бұмын қаған еді. Ол 552 жылы қайтыс болып, кейінгі ұрпақтарынын біліксіздігінен қағанат екіге бөлініп, көрші жатқан тауғаштарға тәуелді болады. Елу жылдан кейін Елтеріс ханның тұсында бостандыққа қол жеткізеді.

Елтеріс қайтыс болған соң( артында қалған ұлдары Білге - жеті жаста, Күлтегін бес жаста екен. Мұрагерлері жас болғандықтан, елді інісі Қапаған билейді. Жиырма төрт жылдан кейін ған Білге қағандықты алып, Күлтегін әскербасы болады. Тонұқұқ ақылшь кеңесші болып отырады.

Орхон ескерткіштері дегеніміз - осы тарихи тұлғаларға арнап жасалған жәзулар. Түркілердің ежелгі мекені - Орхон өзенінің аңғарынан табылған. Мұндай тарихи тастар бұрын қәзақ жерінде көп болған, бірақ түрлі жаугершіліктер кезінде жойылып кеткен.

Орхон ескеркіштеріндегі жазулардың негізгі мазмұны - ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу.

Орхон жазулары мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты қазақтың эпостық жырларымен үндес, ұқсас.

Орхон жырларының құрылысы жағынан қазіргі өлеңнен біраз айырмашылығы бар. Онда арагідік болмаса, ұйқас кездесе бермейді. Дыбыс үндестігі, сөз қайталаулар ішкі ырғаққа құрылады.

Тіл тірі организм секілді өзгеріп отырады. VIII ғасырындағы ата-бабалар тілі мен бүгінгі тілде айырмашылықтар болуы заңды. Көрші елдермен қарым-қатынастарға байланысты біздің олардан, олардың біздің тілімізден сіңіргені аз емес. Сондықтан, бүгінгі оқушыға түсінікті болу үшін зерттеуші ғалымдар қазіргі тілімізге аударып берген.

Сөздікпен жұмыс: Тауғаштар-қытайға қараған түркі тайпалары

Тоңықұқ-алғашқы заң шығарушы деген мағынада

Кітаппен жұмыс: Орхон ескерткішін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Орхон ескерткішін оқып келу
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : ЕСКЕРТКІШТЕН ҮЗІНДІЛЕР

Сабақтың мақсаты : а) Орхон ескерткіштері туралы мәлімет беріп, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс : қазақ тілі ,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тәңір текті, Тәңірден жаралған,

Түрк Білге қаған.

Бұл шақта отырдым,

Сөзімді түгел есітіңдер:

Бүкіл жеткіншегім, ұланым,

Біріккен әулетім, халкым.

Оңымда шад, апа бектер,

Солымда тархан, бұйрық бектер.

Тоғыз оғыз бектері, халқы,

Бұл сөзімді мүқият тыңда,

Терең ұқ!

Өтүкен қойнауының нағыз иесі жоқ еді, бірақ ел тұтатын жер осы Өтүкен қойнауы еді.

(Дәл) осы жерде отырып,

тауғаш халқымен табыстым.

Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан тауғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді.

(Олар) тәтті сөз, асыл қазынасын беріп, жырақтағы халықты (өзіне) сонша жақындатар еді.

Ақылды кісілерді, батыл кісілерді тауғаштар қозғай алған жоқ.


Сөздікпен жұмыс: Білге-ақылды,дана

Қаған-хан

Тоғыз оғыз-ру-тайпаның аты
Кітаппен жұмыс: Орхон ескерткішінен үзіндіні мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Түркілердің тауғаштарға елу жыл ісін-күшін беру себебі не?

  2. Түрік қағанаты қалай құрылған еді?

  3. Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде?

  4. Айтар ойы қандай?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Орхон ескерткішінен үзіндіні оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы : Қорқыт ата кітабы. (ҮІІІ – ІХ ғғ.)

Сабақтың мақсаты : а) Қорқыт ата туралы айта отырып, ол туралы аңыздардан мәлімет беру;

ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға,қоғамдық-саяси дүниетанымын дамыту;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



  1. Түркілердің тауғаштарға елу жыл ісін-күшін беру себебі не?

  2. Түрік қағанаты қалай құрылған еді?

  3. Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде?

  4. Айтар ойы қандай?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қорқыт ата ҮІІІ – ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісінің мазары қармақшы стансасынан 18 шақырымдай жерде тұр.

Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде, түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсін», - деген соң, нағышылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?» - деп сұраса, олар: «Бұл Қорқыттың көрі», - деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады. Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп шығады.

Қорқыт бабаның «Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Кілем жайған», «Желмая», «Әупбай», «Башпай», т.б. он шақты күйін қобызшылар сақтап қалған. Қорқытты ажалдан құтқарған қобызы болғандықтан, кейінгі бақсылар ауруды қобызбен емдейтін болған.

Қорқыт айтқан жырлар ХҮ ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. Кітапта он екі жыр бар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұл», «Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр», «Хан Төрәлі», «Қазан Саларбектің ауылын жау шапқаны», т.б.

Кітаппен жұмыс: Қорқыт ата туралы аңыздарды мәнерлеп оқиды.

Топтастыру стратегиясы:
Ұшардың ұлуы Кілем жайған


Желмая Әупбай



Башпай Аққу
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Қорқыт ата кітабын оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы : Қорқыттың нақыл сөздері.

Сабақтың мақсаты : а) Қорқыт ата туралы айта отырып, нақыл сөздерінен мәлімет беру;

ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға,қоғамдық-саяси дүниетанымын дамыту;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Баят бойында Қорқыт ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарының бәрі тұп – тура келіп отырған әулиенің көңіліне тәңірім нұр құйған ғой...

Ол алдымен оғыз қауымның мүшкіл қалін айтқан. Нендей іс болса да, әбден таныспайынша, көз жеткізбейінше кіріспейтін Қорқыт атаның сөзінхалық ақыр соңына дейін ұйып тыңдаған.

Қорқыт ата сөйлейді:



  • Алла, Алла демейінше іс түзелмес, Тәңірі бермейінше ер байымас. Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкімде өлмес.Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара құрым мал бітсе, жияр,көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас. Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас, ол ішіп жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас. Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас. Жапалақ – жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс біз болмас. Ежелгі дұшпан дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. Ер малын қимайынша, аты шықпас.

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес. Ұл – атаның ері, екі көзінің бірі. Дәулетті ұлың болса, ошығыңның қоры болар. Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар.

Қорқыт ата тағы да сөйлейді, тыңдап көрелік, не дер екен.



  • Мықты жүйрік бедеуге қорқақ жігіт міне білмес, ол мінгенше, мінбесе игі... қонақ келмеген үйдің құлағаны артық. Ат жемейтін ащы шөп біткенше, бітпегені игі. Адам ішпес ащы су жылға қуып аққанша, ақпағаны игі. Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі. Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі.

Қорқыт ата тағы сөйлейді, тыңдап көрелік не айтар екен:

  • Жердің соңы шөбін киік білер. Жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер. Айырым – айырым жол сүрлеуін түйе білер. Жер бұлақтың хош иісін түлкі білер. Түндн керуен көшкенін қараторғай білер. Ердің батқанын ат білер. Ауыр жүктің салмағын тұлпар білер. Қаперімде бастың ауырғанын ми білер. Қыл қобызын арқалап, елден елге, бектен бекке жырау кезер...

Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті. Самай шашы ағарған баба көрікті. Ақ ссүтіне тойғыза – тойғыза емізген ана көрікті. Жанашыр ағайын туған көрікті. Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті. өнегелі баба көрікті.

Дәптермен жұмыс:Нақыл сөздерді тақырыптарға бөліп, дәптерлеріне жазады

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Қорқыт ата кім болған?

  2. Ол қандай қасиеттерімен ел есінде қалған?

  3. Қорқыт ата өлімне қашып құтыла алды ма?

  4. Өмірде өлмейтін не нәрсе?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Қорқыт атаның нақыл сөздерін оқып келу
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Оғыз қаған жыры

Сабақтың мақсаты : а) Оғыз қаған шығармаларын оқытып, мағынасан ашу,талдату;

ә) өзіндік ой,пікір айта білуге жетелеу,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

б) өлең арқылы оқу білімге үндеу,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, кітаптар,электронды оқулық

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет