Сабақтың тақырыбы : Сөз құдыреті Сабақтың мақсаты



бет12/12
Дата04.11.2016
өлшемі1,87 Mb.
#294
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

  1. Қарт қайда сапар шегіп келеді?

  2. Қарт жолда қандай қиыншылықтарды басынан өткізді?

  3. Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» деп аталу себебін қалай ұғынасыңдар?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қ.Жұмаділовтың шығармаларын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы : Олжас Сүлейменов «Арғымақ»

Сабақтың мақсаты : білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу;

дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;

тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, геолог мамандығын алды. Одан кейін Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған.

Қазақстан Республикасының халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің "Арғымақтар", "Нұрлы түндер", "Мешін жылы", "Қыш кітап", "Талма түсте тағы да бір қайталап", "Әр күн - арайлы таң", "Жалынның шалқуы", "Асқардан асу", Таңдамалы", т.б. өлеңдері мен поэмалар жинақтары "Аз және я" атты ғылыми-зерттеу еңбегі жарық көрді. Ақынның әдеби сценарийі бойынша "Бабалар жері", "Көгілдір маршрут", "Қыс - қысылшаң мезгіл", "Мұхтар Әуезов туралы сөз", т.б. кинофильмдер түсірілді.

Өздеріңнің оқулықтарыңа енген "Арғымақ", "Қыз қуу", "Махамбетке" атты өлеңдерін оқығанда ақын өлеңдеріндегі ұлттық мінездің асқақтығына тәнті боласыңдар.

Арғымақ


Дала қандай!

Даладағы ат қандай!

Нөсер шөпке белшесінен батқандай.

Құйғытсам бір,

Дала,

Қала


Болады-ау

Көз алдымда аунап бара жатқандай.



Кітаппен жұмыс: «Арғымақ» өлеңін мәнерлеп оқиды

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

  1. Ақын суреткерлігі дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Арғымақтың шабысын суреттегенде қандай теңеулер үндестігі таңдап алынған?

  3. Даланың әсемдігі мен кеңдігіне,арғымақтың ұшқырлығына сендер осылайша шаттана алар ма едіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: О.Сүлейменовтің шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : ӘБІЛХАСАН РУДАКИ

Сабақтың мақсаты : а) әлем әдебиеті туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Парсы-тәжік ақыны Әбілхасан Рудаки Самарқан маңындағы Панжрудак аталатын таулы өлкеде туған. Атақты Әбунасыр әл-Фараби мен Ибн Синаның замандасы. Ақынның жүз мың бәйіттен тұратын бай мұрасынан мыңға жуық бәйіттері жеткен. Оның ішінде үндінің "Калила мен Димна" деп аталған ертегілер кітабынан жасаған аудармасы, тағы басқа дастандарынан үзінділер, рубаи, лирикалық өлеңдері бар.

Рудаки жасынан аса қабілетті бала болған. Сегіз жасында Құранды жатқа біліп, өлең жазған. Салмақты ойларымен жұртты таң қалдырған, ән айтқан, музыкалық аспапта ойнаған. Осы қабілет-талантының арқасында Хорасанның билеушісі оны өз сарайына шақырады. Оның өлеңінің әсерлілігі мен ақындық шеберлігі, даусының сұлулығы сондай — бір күні чанг аспабына қосылып, әмірді аспандата мақтап тұрып: "Әмір - ай, Бұхара - аспан, ай аспанға телміреді; Әмір - кипарис, Бұхара - бақ, кипарис баққа қарай сап түзейді", — деген кезде толқып кеткен Әмір, тағынан жалаң аяқ түсе салып, жүйрік тұлпарына мініп, Бұхараға қарай шаба жөнелген екен.

Рудаки араб халифатының қол астында болған Иранның ұлттық мүддесін, тәуелсіздігін, тіл дербестігін қолдаған. Өлеңдері өмірдің сан алуан тақырыбын қозғап, адамшылық пен ізгілікке жол салады. "Жамандықпен жапса әзәзіл (шайтан) бір есік, жақсылықпен ашатын бол мың есік", — дейді. Рудаки Шығыстың санаулы ұлы ақындарының бірі ретінде танылған. "Ақындардың Адам-Атасы" атанған.



Кітаппен жұмыс: өлеңдерін мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдау жасайды.

Үш күндік// бұл пәниге// келген пенде, 1 шумақ

Байлама //жүрегіңді, //пейіл берме. 4 тармақ

Бәрібір //жатар жерің //- сыз қара жер, 12 бунақ

Жібекке //оралсаң да,// керіп кеуде. 11 буынды

Сөздікпен жұмыс: Бәйіт-екі жолдан тұратын өлең

Рубаи- төрт жолды өлең

Кипарис-қарағай тұқымдас сымбатты ағаш

Пәни-өмір

Көлгірсіген-алдаған

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Әбілхасан Рудакидің шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы : Омар Һәйәм

Сабақтың мақсаты : а) әлем әдебиеті туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Омар Һәйәм ақын, математик, астроном, ойшыл. Ол Нишапур маңында туған. Жасынан зерек, ғылым қуған жігітті Бұқара әкімі өз сарайына алдырады. Ол 25—30 жастар шама-сында алгебра туралы трактат жазып танылған болатын. Сол заманда Исфаханда аса ірі обсер-ватория болған, соны басқарады. Мұсылман елдері қолданып келген ай күнтізбесінің орнына күн күнтізбесін енгізеді.

Омар Һәйәм астроном ғана емес, ұлы математик, емші де болған. Көне грек геометрі Евклидтің ережелерін түсіндірген трактат жазды. "Медицина каноны" деп аталатын еңбек жазған Шығыс ғұламасы Ибн Синаның философиялық шығармасын парсы тіліне аударды. Өзі де емшілікпен айналысқан. Омар Һәйәмнің "Әлем және оның міндеттері", "Тіршілік туралы", "Алгебра туралы" трактаттары, фило-софиялық еңбектері бар. Ғылыми кітаптарын араб тілінде, өлеңді парсы тілінде жазған. Жан-жақты талантты, кемеңгер ғалымның еңбектерінің ішінде ақын ретіндегі орны ерекше.

Оның 300-ден астам рубаилары бар. Онда ақын: өмірдің мәні, уақыттың тез өтпелілігі, жақсылық пен ізгілік, надандық пен ғылым іздеу, о дүние жайлы толғаныстарын жазған. Дін ғылымын шала білетін діндарларды сынайды. Сопылық поэзия дәстүрін жалғастырады.

Кітаппен жұмыс: Омар Һәйәмнің өлеңін мәнерлеп оқиды
Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Омар Һәйәмнің шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы : ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ

Сабақтың мақсаты : а) әлем әдебиеті туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер аулында дүниеге келген. Әкесі Төреқүл өте парасатты, пайымды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937—1938 жылдардағы "халық жауы" деген жазықсыз жаланың құрбаны болады. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.

Ш. Айтматовтың шын мамандығы - табиғат сыйлаған жазушылық өнер. Ол осы өнерін шыңдау үшін, жетілдіру үшін, М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған "Жәмила" хикаяты бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тілінде, іле-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті.

Қазақ, Қырғыз - ежелден қандас, бауырлас елдер. Бұрынгы кезде халық ақындары екі ауылда кезек-кезек ән шырқап, ақындар қазақ-қырғыз боп айтысып жүрсе, қазақтың ардақты ұлы Шоқан Уәлиханов — "Манастың" еуропалық өредегі тұңғыш зерттеушісі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. "Манастың" зерттеушісі Мұхтар Әуезов Шыңғыстың ұстазы болды. Жақсы дәстүр жалғасы деген - осы.

Бұл күнде Шыңгыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс ең көп аударылған қаламгердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.

Жазушының "Боранды бекет" романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихын айтатын - психологиялық роман.



Кітаппен жұмыс: Ш.Айтматовтың шығармаларын оқып, құрылысына қарай талдайды.

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

  1. Ш.Айтматовтың қандай шығармалары бар?

  2. Айтматовтың есімін әлемге паш еткен қандай шығармасы?

  3. Қазақ ақындарының ішінде кіммен дос?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ш.Айтматовтың шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8



Cабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: білімділік - қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту,прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру; дамытушылық – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге дағдыландыру,әдеби дүниетанымдарын кеңейту,қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,прозалық шығарманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету; тәрбиелік - оқушыларды әңгіменің сюжеті арқылы адамгершілікке,ізгілікке,мейірімділікке баулу,ата-ана алдындағы борышын ұмытпауға үндеу,шәкірттердің бойына халқымыздың ізгі қасиеттерін ұялату.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: 1)баяндау; 2) мәнерлеп оқу; 3) сұрақ-жауап; 4) салыстыру; 5) әңгімелеу; 6) талдау.

Сабақтың көрнекілігі: 1) Венн диаграммасы; 2) үлестірме қағаздар; 3) жазушының портреті,кітаптары.

Пәнаралық байланыс: тіл,халықтық педагогика.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. 4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жазушы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет.


ІІІ. Бекіту сабағын өткізу.

Төлен Әбдіковтың кітаптарынан көрме ұйымдастыру,шығармалары туралы қысқаша мәлімет беру.


2. Әңгіменің сюжетін топтарға бөлініп баяндау.

І топ.Ерғабыл шал мен оның кейіпкерінің баласын сағына күтуі.

ІІ топ. Қалада тұратын ұлы Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасы.Жетпіс бес жасқа келген Ерғабыл шалдың арманы.

Сағына күткен баласының әңгімесіне көңілі толмаған Ерғабыл шал.

ІІІ топ. Қарияның ендігі бір үміті – немересі Жеңісті алып қалып тәрбиелеу.

Баласы мен келінінің қартты бұл қуаныштан айыруы.

IV топ. Қалаға асығыс аттанған Сапабек.

Ұлымен қимай қоштасқан ата-ананың құлазыған көңілі.


3. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

1) Ерғабыл шалдың арманы не еді?

2) Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласын күтуі,оған деген сағынышы қалай суреттелген?

3) Ұлына Ерғабыл шалдың көңілі не себептен толмады?

4) Ерғабыл шалға,Сапабекке,олардың ой-толғаныстарына,сөздеріне сүйене отырып мінездеме бер.

5) Баланың ата-ана,туған жер алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесің?


4. Оқулықпен жұмыс (дәптермен жұмыс).

1) Диалог дегеніміз не? (әдебиет теориясы)

2) Әңгімедегі диалогқа (Тома мен Жеңістің сөйлесуі) мысал келтіру арқылы республикамыздағы мемлекеттік тілдің ахуалы жайында баяндау,оның өткені мен бүгінін салыстыра отырып келешегіне көз жіберу.
5. Композициялық жоспар құру.

Композиция - әңгіменің (көркем шығарманың) құрылымы.

1.Ерғабыл шалдың арманы.

2.Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласы Сапабекті күтуі,оған деген сағынышы.

3.Ұлы Сапабекке көңілі толмаған Ерғабыл шал.

4. Қалаға асығыс аттанған Сапабек.



5. Ата-ананың ұлымен қимай қоштасуы.


  1. Венн диаграммасы


ұқсастығы

7.«Ата-ана және балалар» тақырыбына ауызша ойтолғау.
8. Менің (мұғалімнің) «Қонақтар» әңгімесі бойынша қорытындым.

- Сонымен,оқушылар,бүгінгі сабақта біз қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын таныдық.Әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық.Қалаға асығатын Сапабектің ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған,перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін,ата-анасына деген мейрімділігі жоқ екенін байқадық.


9. Үй тапсырмасы: Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесіне сүйене отырып «Ата-ананың қадірі» деген тақырыпта шығарма жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет