Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет120/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

күнілесу
деген көне морфологиялық 
тұлғаның қолданылуы тек өлең-жырлар тіліне ғана тән. Іздестірсе, 
бұл сипаттағы фактілер қазіргі қазақ лексикасынан едәуір табылады.
§7. 
Қазіргі қазақ сөздерінің пайда болу, қолданылу және 
мағынасының құбылу тарихына үңілсек, олардың бірқатары түркі-
монғол ортақтығына алып барса, енді бірсыпырасының түптөркіні 
таза монғол тілдеріне барып тіреледі. Алдыңғы топ айтарлықтай 
мол. Бұлар плеонастық қатар түзбейді, керісінше, әбден қалыптасып, 
жымдасқан сөз тіркестерін құрайды не туынды сөз түбірі бо-
лып табылады. Мысалы, 
айылын жимау
деген күрделі етістіктің 
бірінші сыңары 
айыл
монғол тілдерінде «үрей, қорқыныш» дегенді 
білдіреді, демек, 
айылын жимау 
«үрейін, қорқынышын білдірмеу 
(жимау)» деген мәндегі тіркес болып қалыптасқан. Бұл жердегі 
«үрей» мағынасындағы 
айыл 
сөзін қазақтар монғолдардан алған 
кірме сөз деп санауға болмайтын сияқты. Сірә, осы кітапта біз 
талдаған тұралап қалу дегендегі тұралап, «жазу» мағынасындағы 
сызу, құр атқа мінгендей
дегендегі 
құр
(«өткен жылдан мінілмеген 
тың») сияқты ондаған сөз – о бастан түркі мен монғол халықтары 
тілдеріне ортақ дүниелер болса керек. Ол ортақтық қазіргі алта-
истика («алтай тілдері» теориясы) ғылымында орын алып келе 
жатқан екі концепцияның (көзқарастың) қайсысы, яғни түркі-монғол 
тілдерінің түп-тегі бір дегеннен (генетикалық жақындық теориясы-
нан) шығарыла ма, жоқ, әлде түркі, монғол тайпаларының ұзақ уақыт 
бойы аралас-құраластығынан (типологиялық сәйкестік теориясынан) 
шығарыла ма, ол − арнайы зерттеу объектісі, оны шешу біздің бұл 
жұмыстағы міндетімізге енбейді.
Жүздеген сөздің көне түркі және монғол тілдерінде сәл фоне-
тикалық өзгешелігімен, бірақ бір мағынада кездесетінін білеміз. 
Алтаистика саласындағы аса көрнекті поляк ғалымы В.Котвичтің 
көрсетуі бойынша, монғол тілінің шамамен 25% лексикасы (сөздері), 
50% морфологиялық элементтері түркі тілдерімен ортақ болып 
келеді
3
.

Котвич В.
Исследования по алтайским языкам. - М., 1962. - С. 351.


192
Ал біз бұл кітапта түркология мен монголистика атты ғылым 
салаларында көптен бері айтылып, көрсетіліп келе жатқан ортақ 
сөздерден гөрі (олар да бар), сөз тіркестерінде, сөздің морфемдік 
құрамында кездесетін кейбір тұлғалардың төркінін монғол тілдерінен 
тауып талдадық. Сонда түркі-монғолға ортақ болар деген сөздердің 
де, сондай-ақ таза монғолдық болар деген сөздердің де бар екені 
байқалды. Мысалы, «таза», одан ауысып «асыл, жақсы, игі», одан да 
ауысып «киелі, әулие» мағыналарында 
ару/ ары/ариғ/аруғ/аруқ/ари-
ун 
сөзі көрсетілген тұлғаларда түркі тілдерінде де, монғол тілдерінде 
де бар. Бұл сөзді таза түркілік не таза монғолдық деу қиын, өйткені, 
біріншіден, бұл түбірден тілдердің екі тобында да көптеген туын-
ды сөздер жасалған, екіншіден, сөздің морфемдік құрылымында не 
түркілік, не монғолдық ерекше белгілер жоқ, үшіншіден, 
ару
сөзі көне 
түркі, көне монғолдан бастап, орта ғасыр ескерткіштерінің тілінде 
және кейбір қазіргі түркі тілдерінде сақталған. Осындай ортақ сөздер 
деп біз бұдан басқа да «ой» мағынасындағы 
сана,
«арықтау, жүдеу» 
мағынасындағы 
тұралау, айылын жимау
дегендегі айыл (монғолша 
«үрей») сияқты сөздерді де топшыладық.
Әрине, бұл тұжырымымыз үзілді-кесілді дей алмаймыз. Мүмкін, 
бұлардың бірқатары кірме сөз болуы, оны әрі қарай зерттеушілер, 
әсіресе, алтай теориясымен шұғылданушылар нақтылайды деп ой-
лаймыз. Біздің бұл жердегі көздегеніміз – өзгелерге ой салу және 
ортақ элементтерді іздестіру көздерін көрсету болды. Мысалы, 
мұндай ортақтықты бірқатар сөздің өзге сөздермен тіркесу қабілетіне 
қарай айыруға болады. Айталық, 
тас қараңғы, тас түйін, тас 
жетім, тас керең, тас төбе (тас төбеден қойып қалды), тас қып 
байлау, тас тағандау
дегендердегі тас сөзінің мағынасы 
тау-тас, 
кесек тас 
дегендерде келетін 
тас
сөзіне еш қатысы жоқ. Бұл 
тас
сөзі – монғол тілінде «мүлде, тым, әбден» деген мағынаны беретін 
сөз, бірақ қазақ тілінде ол сындық, үстеулік, шылаулық қызмет 
атқарып, кез келген сөзбен емес, кейбір сөздермен ғана тұрақты 
тіркес жасайды, мағынасы монғол тілдеріндегідей. Демек, оның 
бұл мағынасы өте ертеде түркі тілдерінде де болып, кейін оны өзге 
сөздер алмастырған да 
тас
сөзі «мүлдем, тым, әбден, нағыз, нақ» де-
ген мағыналарда тек тіркес құрамында сақталған деп түйеміз. Бұл 
кірме сөз болуы да мүмкін, яғни түркі тілдеріне монғол тілдерінен 
өте ерте кезеңдерде ауысып, «түркілік» болып кетуі де ықтимал. 
Біздің бұл еңбектегі негізгі мақсатымыз – сөздердің генетикалық 
сипатын (тілдік төркінін) айқындаудан гөрі, мағынасын түсіндіру 
болғандықтан, әзірге ұсынғанымыз – көрсетілген тіркестердегі 
тас
сөзінің мағынасы.


193
§8.
Қазақ лексикасында түркі-монғол ортақтығын кесіп айта ал-
майтын, сірә, монғол сөздері болар дегендеріміз де бар. Біз талдаған 
тұлғалардың ішіндегі 
ереуіл ат 
тіркесіндегі 
ереуіл сөзі, алдияр, ба-
рымта, қарымта, үдере (көшу), дулыға, сұрқылтай, толағай (қу 
толағай бастану дегендегі), төбе (төбе би дегендегі)
сияқтыларды 
монғол сөздері деп топшылаймыз. Мысалы, 
алдияр
сөзі «даңқ, атақ, 
мәртебе» мағынасында монғол тілінде, «ұлы» мағынасында қалмақ 
тілінде бар екендігіне қарап және бұл сөз өзге түркі тілдерінде емес, 
көбінесе хан-сұлтандары Шыңғыс әулетінен болып келген казақ 
қауымында сол хан-сұлтандарға қарата айтылатын сөз екендігін 
ескеріп, біз оны «мәртебелі, ұлы» (орысша «ваше величество» деген 
сияқты) мағынасында қолданылған ресми мадақ эпитеті, құрметтеу 
сөзі деп санаймыз. Сол сияқты 
үдере көшу 
дегеннің «тал түсте аял-
дап көшу» (
үдер
– монғолша «тал түс, түс әлеті») екенін дәлелдедік. 
Толағай
сөзі монғол тілдерінде «бас» дегеннің баламасы екендігін 
көрсеттік. Ал сұрқылтай сөзінің монғолдық екенін оның морфемдік 
құрамының өзі айтып тұр: 
сурга-
– «оқыту, үйрету, тәрбиелеу» 
мағынасын беретін түбір, 
-тай
– монғол тілінде сын есім тудыра-
тын жұрнақ, сонда 
үйретуші, ақыл беруші сұрқылтайлар 
монғол 
әулетінен шыққан қазақ хандары жанында болғандығы, бұл сөздің 
«әр ханның тұсында – бір сұрқылтай» деген мәтел құрамында 
сақталғандығы көрсетеді. Тезек төренің Бұхар жырауды Абылай 
ханның ақылшы сұрқылтайы, Түбек жырауды Әбіл ханның кеңесшісі 
дей келіп, Сүйінбайды өзіне сұрқылтай еткісі келгені 
(Сұрқылтайым 
менің де екен мынау)
бұл сөздің кез келген адамның кеңесшісіне емес, 
тек хандардың не билеуші хан тұқымының ақылшыларына қарата 
айтылатындығы оның монғолдық төркінін дәлелдей түседі.
Сөздің түркі-монғол тілдеріне ортақтығын немесе бірінен біріне 
кірме сөз екендігін айқындау шарттары (критерийлері) болу керек. 
Ол шарттардың бірі – сөздің морфемдік құрылымын ескеру. Мысалы, 
В.И.Рассадин кейбір түркі сөздерінің этимологиясын ашуда монғол 
тілдерінің рөлі туралы мақаласында түркі тілдеріндегі 
олжа/улжа/
олжо/олдьо/олча/олджа/олца
сөзі монғол тілдерінде «табу, алу, жау-
лап алу» сияқты мағыналарды беретін 
ол-
етістігіне көне монғолша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет