92
есім тұлғасынан (
зыңыл
) жасалған болып келеді,
зың
еліктеуіш сөзіне
тікелей -
ыра
жұрнағын жалғап жасалған етістік сирек қолданылатын
сөзге айналған деп танимыз.
ИЛЕУ: ЗАР ИЛЕУ
. «Қайғыру, зар шегу»
деген мағынаны біл-
діретін бұл тіркестің алғашқы сөзі түсінікті, ал
илеу-і
нені білдіреді?
Бұл
илеу
сөзінің
нан илеу, балшық илеу
тіркестеріндегі
илеу
сөзіне
еш қатысы жоқ. Ол − оғыз тілдеріне тән
әйла-/айла
- көмекші етіс-
тігінің дыбыстық өзгеріске ұшыраған тұлғасы.
Айла
- етістігі қыпшақ
тілдеріндегі (мысалы, қазақ тіліндегі)
ет-, қыл
-
етістіктеріне сай
келеді.
Айла
- көмекші етістігі көбінесе араб-парсы сөздерімен
тіркесіп, күрделі етістік жасайды, бұл тәсіл орта ғасырлардағы
түркі жазба дүниелері тіліне тән, өте өнімді амалдардың бірі болған.
Мысалы, Ясауидің өлеңдерінде
байан әйла
- (баян ет-. баянда-),
‘афу
әйла
-(ғафу ет)-,
парһиз әйла
- (сақтан-) деген сөздер бар.
Қазақ
тілінде
айла
- етістігі
иле
- түрінде тек бірен-саран сөзбен
тіркесте сақталған болса, кейбір қазақ ақындары оны стильдік мақсатта
ара-тұра пайдаланып отырған. Мысалы, Әріп Тәңірбергеновтен:
Наз етіп ғашықтығым айтылған соң,
Көңіл
аусын көз жасыма
рахым айлап
.
Михнатты ауыр жүктер мойныма алып,
Бір жанды құрбандыққа тұрмын сайлап, –
деген шумақты оқимыз. Бұл тұлғаны белгілі бір стильдік мақсат
көздеп Сәкен Сейфуллин де пайдаланған:
Сөйледі Адақ тұрып Абылайға:
Я, тақсыр,
өтілім бар,
қабыл айла
.
Жұмбақты шешпей тұрып тілегім бар,
Қабыл қып тілегімді сөзді байла.
Мұнда
қабыл
ет
деген етістіктің орнына ақын
қабыл
айла
де-
ген тепе-тең тұлғаны (эквивалентін) қолданғанда,
біріншіден, бұл
сөз Абылай хан сияқты жоғары лауазым иесіне мәдениетті кітаби
стильде тіл қатуды танытатын элемент ретінде келсе, екіншіден,
алғашқы жолдағы
Абылайға
және төртінші жолдағы
сөзді байла
де-
ген тұлғаларға ұйқасатын сөз ретінде кәдеге асырылған.
Қазақтың жалпыхалықтық тілінде
айла
- сөзі оның қышпақтық
ет-,
қыл-
варианттары актив қолданылатын болғандықтан, тілде кеңінен
орын
таба алмай,
зар илеу
сияқты бірен-саран тіркес құрамында
«әлдеқалай» сақталып қалған тұлға екені байқалады. Бұған, сірә,
ортағасырлық түркі жазба тілі «атсалысқан» болу керек.