94
алғашқы түсіндірме дәлірек болар, өйткені «ерді
кебенек
ішінде
таны», «кебін
киген келмейді,
кебенек
киген келеді» дегендерге
қарағанда,
кебенек
тек малшылар емес және жауын-шашыннан қор-
ғану үшін ғана емес, жалпы кие беретін ең жұпыны (қарапайым)
шапан болғанға ұқсайды. Оны Шоқанның еңбектеріндегі сөздерге
берілген түсіндірмелер де растай түседі: «
Кебенек
– қазақтардың ерте
кездердегі киімі, ол тығыз әрі жұқа етіп басылған ақ киізден тігілетін
кең, ұзын шапан (плащ), бұл киім жаңбыр мен қардан қорғайды.
Кебенекті
ертеде көбінесе жауынгерлер киген» (Валиханов, II, 711).
Бұл
сөздің
кебе
варианты да бар. «Едіге» жырында:
Тоқсан баулы ақ
кебе
Тоғысқан жерде кигенмін, –
деген жолдар бар. Мұндағы
тоғысқан
жер деп тұрғаны − ұрыс май-
даны. Көне түркі тілдерінде
тоқуш
- «соғысу, ұрысу, шабуылдау» де-
ген мағынаны білдірген (ДС, 578). XVI ғасырдағы қазақ шежірешісі
Қадырғали би де
тоқуш, тоқушу
сөздерін «ұрыс», «соғысу»
мағыналарында жиі қолданған. Сонда
тоқсан баулы кебе
ұрыс май-
данында – тоғысқан (тоқушқан) жерде – киген жауынгер киімі болып
шығады.
Жоғарыдағы мәтелдердің бірінде
кебенек
сөзі
кебін
сөзімен қатар
айтылып, бір-біріне мағынасы жағынан жақын (екеуі де киім: бірі
– өлінікі, екіншісі – тірінікі) болғанмен, екеуі – екі түрлі сөз:
кебін
– түркі тілдеріне араб тілінен енген кірме сөз,
кепін
«өлік орайтын
материал». Ал
кебенек-тің
, түбірі –
кеп
сөзі болар деп есептейміз.
Көне түркі тілінде
кеп
– «қалып» («форма»), қазіргі қырғыз тілінде
де
кеп
сөзінің бір мағынасы – «қалып, киім, маска» (Юдахин, 375).
Бұл сөздің о бастағы «қалып» мағынасы да кездеседі. Мысалы, Қозы
тазша болып келгенде:
Таз
кепті
басындағы жұлып алды...
Мынау
қолдан жасаған
кебім
еді... –
дейді. «Тыңшы» етіп бір қызды қой ішіне жібергенде:
Бір сұм қызды жіберді қоймен бірге,
Тоқты
кебін
кигізіп терісіне, – деп суреттейді.
Сонымен қатар бұл сөзден қазіргі қазақ тіліндегі кептеу «нығыздау»
(басына бөркін кептеп кию),
кептелу, таз кепеш
(адамның
басына
қалып сияқты кептеле қалатын баскиім) сияқты сөздер де сақталған.
Бұл сөздің «қалып» (қалып та – киім сияқты бір нәрсені қаптайтын
нәрсе ғой) мағынасынан «киім» деген ауыспалы мағынаның тууы
– табиғи құбылыс. Сондықтан
кеп
түбірінен жасалған
кебене/кебе-
нек
сөзі «киім», оның бір түрі («киізден жасалған шапан»)
дегенді
білдірген деп топшылаймыз.