Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет64/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

КҮНІЛЕСКЕН
. XV-XVII ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулары 
мен батырлар жырларында 
күңкілдескен көп жаман
деген өлең 
жолы кездеседі. Мұндағы 
күңкілдескен
деген сөзді «наразылығын 
ашып айта алмай, ренжіткен адамның сыртынан сөз ету» деген 
мәнде түсінуге болады. Ал бірақ, біздіңше, бұл сөздің дұрыс тұлғасы 
күнілескен
болуы мүмкін. Ол күнде сөз түбірі – 
күні
болмақ. 
Күні
сөзі 
көне түркі тілінде «қызғаныш, қызғанған» дегенді білдірген. Осыдан 
туған қазақтың 
күндеу
(«көре алмау, қызғану»), 
күндес
, қырғыздың 
күнү, күнүлөш
(«күйеулері бір әйелдер») деген сөздері бар.
Күні
(«қызғаныш») деген есім сөзден 
-
ле 
жұрнағы жалғанып, 
етістік туады (
балтала, қолда
дегендердегі сияқты), яғни осы күнгі 
күндеу
етістігінің о бастағы тұлғасы көне түркі тілдегідей 
күнілеу
болуы керек. Ал 
күнілеу

күнілесу
«күндеген, қызғанған, көре 
алмаған» деген мағынаға ие сөздер болып шығады. Бұл сөздің ер-
теде қолданылған көне тұлғасы келекеле күңгірттеніп, бір жерде 
күңкілдескен
(мұның да түбірі 
күні
болуы мүмкін), екінші жерде 
күйбеңдескен
(мысалы, Шалкиізде: «
Күйбеңдескен
көп жаман Сөзі 
тигенге ұқсайды»). Үшінші жерде 
қоңқалаған
(тағы да Шалкиізде: 
«
Қоңқалаған
көп жаман Сол жақсыны көре алмас») болып құбылып 
отырған. Белгілі бір тұрақты тіркестің ішіндегі сөздердің құбылуы 
сол құбылып өзгерген сөздің күңгірттенуінен, түсініксіздігінен туа-
тыны мәлім.
КІРІС
. Қазақтың эпостық жырларындағы, Махамбет сияқты 
жаугершілікті толғаған ақын-жыраулар тіліндегі 
кіріс
сөзі контекс-
ке қарасақ, көбінесе «жақтың тартпа бауы, кермесі, адырнасы» 
мағынасында жұмсалған. Мысалы, «Қыз Жібектегі»:
Саржанның 
кірісі
Тартуға келмей үзілді.
«Ер Қосай» жырындағы:
Он атқа алған бұқаржа 
Қуысына оқ салып, 
Ата алмасам, маған серт! 
Атқаныма шыдамай, 
Кірістен
кетсең саған серт! – 
деген жолдарда 
кіріс
адырна, тартпа, керме бауды аңғартады.
Көне дәуірлер мен орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерін-
де 
кіріш
– жақтың кермесі, яғни адырна (ДС, 309; Фазылов, I, 607; 
Құрышжанов, 146). Демек, қазақ тіліндегі 
кіріс
– көне замандар-
дан келе жатқан байырғы түркі сөздерінің бірі. Ертеректегі түркі 
тілдерінде «қуруғ йығач егілмес, қурмыш кіріш түгүлмес» деген 


110
мәтел болғанын Махмұт Қашқари көрсетеді (МҚ, I. 198). Қазіргі 
қазақшаға келтірсек, бұл мәтел «құрғақ ағаш иілмес, тартылған 
(құрылған) кіріс түйілмес (түюге келмес)» болар еді.
Кіріс
сөзін С.Аманжолов алшын диалектісінің, яғни Қазақстанның 
батыс өлкесінің сөзі деп санайды (Аманжолов, 134). Ал фактілерге 
қарасақ, қазақ даласының тек алшындар жайлаған аймағы емес, өзге 
өңірлерде туған өлең-жырларда да 
адырна
мен 
кіріс
сөздері қатар 
кездеседі.
Кіріс
сөзін қазақ тілінің екі томдық түсіндірме сөздігі де, екі тілдік 
сөздіктері де бермеген. Ал Ә.Қайдаров 
кіріс
-ті жақтың екі ортасының 
түйіскен жері, жақ ортасы деп таниды, яғни 
кіріс
– жақ атушының 
адырнаны созғанда, жебені ұстап тұратын жері дейді де бұл сөз 
кір
- деген етістік түбіріне 
-іс
жұрнағы жалғанып жасалған деп са-
найды (Кайдаров, 31). Зерттеуші Ғ. Мұсабаев та 
кіріс
сөзін «гнездо 
лука (жақтың ұясы)» деп аударады. Демек, ол да 
кіріс
сөзін жақтың 
оқ орнықтырып ұстайтын орта тұсы, оқ ұясы деп түсіндіреді. Ал 
біздің топшылауымызша, бұл сөз қазақ тілінде негізінен (көбінесе) 
«адырна, керме бау, жақ тартпасы» мағынасын берген және ол 
кіру
етістігінен емес, 
керу
етістігінен жасалған болу керек. 
Кер
- етістігі 
«тарту, созу» мағынасында түркі тілдерінде «атам заманнан» бар сөз 
(ДС, 300), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет