120
Әдейі қолданады. Пьесадағы оқиғаның өте ертеде, ислам діні қазақ
халқына әлі еніп үлгермеген дәуірде өткендігін суреттеу үшін тіл сы-
рын тамаша білген ұлы жазушы мұнда ондаған көне сөзді немесе осы
күнгі бар сөздің ертедегі қолданысын (мағынасын) келтіреді. Соның
бірі –
қайрақан
.
Тоқсандағы Тоқтарбай баласы
Қобыланды мен Құртқаның
қосылған тойында От ананың құрметіне арналған сыйыну ырым
үстінде (демек, ислам дініне дейінгі салт бойынша):
Қарғысы қатты
қайрақан
Қарғысынан
сен сақта, –
дейді. Жазушы бұл сөзді Қараманның аузына да салады.
Қайрақан
сөзін В.Радлов Сібір түркілерінде (алтайлықтарда, тувалықтарда,
телеуіттерде т.б.) «Жаратқан иенің қастерлі аты, жебеуші періште» де-
ген мағынаны білдіреді дейді (Радлов, т. II, ч. I, 22). Осы анықтаманы
Л. Будагов те береді. Ол бұл сөздің монғол тілінде келіп, «тау, су
сияқтылардың иесі» дегенді білдіретіндігін көрсетеді (Будагов, т. II,
32). Қазіргі
монғол тілі сөздіктері де
хайрхан
дегеннің көне сөз
екендігін және «керемет, құдіретті» (таудың қастерлі аты) деген
мағынаны беретіндігін көрсетеді (Монг.-русск. сл., 500).
Сөйтіп, тау-тас сияқты табиғат күштерінің «иесінің»
атауы
ретінде, яғни табынатын, сыйынатын, қорқатын «Тәңірлердің» аты
қатарында
қайрақан/қайраған
сөзі ертедегі қазақтардың да, дәлірек
айтсақ, қазақтарды құраған кейбір ру-тайпалардың да тілінде жұм-
салған деген тұжырымға келуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: