115
Менің ием Борақан
Шатырын тауға көшірсін,
Бізден
кеткен
қазақтың
Бір қатесін кешірсін! –
дегені мысал бола алады (Ноғай жырларынан алынған мысалдардың
барлығы қазақша аудармасы бойынша келтірілді. Қара: Қарайдар мен
Қызылгүл. Алматы, 1989. Бұлардағы
қазақ
,
қазақ шығу
сөздері ноғай
жырларында да осы түрінде, осы мағынада қолданылғаны даусыз).
Сірә, о баста
қазақ шығу-
дың екінші мағынасы да (немесе
мағыналық реңкі) болған болса керек. Ол – «мал іздеп (айдап кету,
саяқ жүрген малды иемдену, шабуыл жасап олжалау сияқты) шетке
шығып кету». Мұны мына мысалдар көрсететін тәрізді. Мысалы,
Шалкиіздің жоғарыда келтірілген «Жазыда
мал іздеген
қазақтың
Басы қайда қалмаған?» деген жолдарын келтіруге болады. Сол сияқты
«Қарайдар мен Қызылгүл» деген ноғай жырында:
Ғаріп басым мал қайда,
Қазақ
шығып кетпесем, –
деген жолдарды оқимыз.
Ноғай жырларының ішіндегі «Қазақ жырлары» циклінен:
Еңістен шыққан жылқы шұбырса,
Азаудағы
аш қазаққа
жолығар, –
деп келген жолдардан
қазақ
– төрт құбыласы түгел, ел ішінде жүрген
жай адам емес, түзде (жазыда) жүрген, мал іздеп, аң аулап үй-күйсіз
жүрген, қысқасы, жанкешті адам, оның суреті :
Тоғайды бұлан қашар етектеп,
Артынан
қазақ
қуар арғымағын жетектеп.
Бұл
қуған
қазаққа
Алла берер қызыл алтын етектеп.
Қызыл алтын Алла берген
қазаққа
Кімдер бермес ару қызын жетектеп…
Бұл жердегі
қазақ
– халықтың өкілі емес, қай жұрттікі болса да,
ол – ержүрек, батыр жігіт дегеннің атауы. Осыдан барып
қазақтық
деген дерексіз ұғым атауы да пайда болған:
Тумаластан несі кем
Қазақтықта
бірге жүрген жан жолдас?!
Қазақ шығу
тіркесінің беретін мағынасы алғашқыда
алаш мыңы,
алты алаш
деп аталып келген ру-тайпалардың одағын кейін
қазақ
де-
ген этноним арқылы атауға себепкер болуы мүмкін. Тарихшылардың
айтуларына қарағанда, ХV ғасырда Узбекия
арасынан бөлініп кет-
кен көптеген тайпалық қауымдарды Дашт-и Қыпшақта «қазақ» деп
116
атаған. Яғни
қазақ
атауы этноним бола бастаған, ал оған дейін қазақ
ру-тайпаларының бір жиынтық атауы болмаған (В.П.Юдин. Орды:
Белая, Синяя, Серая, Золотая… Кітап: Утемиш-хаджи. Чингиз-наме.
Алма-Ата, 1992). Атақты тарихшы Мухаммед Хайдардың көрсетуіне
қарағанда, Дашт-и Қыпшақты өзіне бағындырған Әбілхайырдың қол
астынан Керей хан мен Жәнібек сұлтан бірқатар қауымды көшіріп,
айырып әкеткенде, оларды сол кезде
қазақтар
(яғни бойсұнбай алыс-
тап кеткен, еркіндік іздеген) деп атаған болуы керек. Және бұлайша
атауды (этнонимдік) жырыла көшкен тайпалардың өздері емес, өзге
халықтар қолданған болса керек дейді тарихшылар. ХVІ ғасырдың
ең соңғы кезеңінде (1602 жылы жазып бітірген) жылнама жазып
қалдырған қазақ тарихшысы – Жалайыр Қадырғали би Қосымұлы өз
туындысында өз халқын «қазақ» деп атамаған, оны «
алаш мыңы
» деп
атаған (бұл жөнінде осы кітаптағы
алаш
сөзтізбесін қараңыз).
Қазақ шығу
тіркес-атауында және бір қосымша мағыналық реңк
(сема) болғанға ұқсайды, яғни қазақ шыққан жеке адам не адамдар
немесе тіпті рулы ел алғашқы кезде қиыншылық, кезбелік күй кеш-
кен. Мұны қазақ ақын-жырауларының: «Жазыда мал іздеген» немесе
«Арқада мезгілсіз жылқы жусаса, О дағы бір аш қазаққа жолығар»
деген жолдары дәлелдейді. Демек,
ертедегі эпос-жырларда, ақын-
жыраулар тілінде кездесетін
қазақ
сөзі мен
қазақ шығу
тіркесінің
мән-мағынасын осылайша түсініп оқыған жөн.
Қазақ
сөзі халықтың атауы – этноним ретінде батырлар жырларын-
да өте сирек кездеседі де, ХІХ ғасырда жасап өткен ақын-жыраулар
тілінде жиірек жұмсалғаны байқалады. Мысалы, ХІХ ғасырдың ІІ
жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде жасаған ақындардың туын-
дыларында
қазақ
сөзі халқымыздың атауы. Мысалы: Мұрат ақында
(ХІХ ғ.):
Атамыз қазақ
болғанда,
Әлденеше шапқан жер…
Жеті жұрт көшіп кеткен жер,
Атамыз қазақ
баласы
Қонып
мекен еткен жер, – дейді.
Қашаған ақында (ХІХ ғ.):
Қазақ
деген ел едік,
Қайырлы халық атанған,
Өсіп-өнген қатардан («Ақын», Қазан, 1912).
Қазақ
сөзі «осы халықтың жеке бір адамы» деген мағынада да
жұмсалады. Мысалы, Махамбетте:
Бір
қазақпен
тең едім,
…
Қай
қазақтан
кем едім.
117
Қашқымбай Қожамбетұлында:
Қазақтай
малды баға алман,
Қаламды қолға алайын.
Жоғарыда айтылғандай,
қазақ
сөзінің этимологиясы жайындағы
әңгіме өз алдына бөлек талдауларды қажет етеді. Дегенмен осы сөздің
түптөркініне қатысы бар бір ойымызды білдіріп кетсек.
Қазақ
сөзінің
шығу
етістігімен тіркесуі грамматикалық үйлесім
заңына қайшы
келіп тұрған сияқты көрінеді. Бұл тіркес не
қазақ болып шығып кету
,
немесе
қазақтыққа шығып кету
тәрізді болса керек қой. Әйтпесе
қазақ шығу
тіркесіміндегі
қазақ
сөзі
алыс шығу, оңаша шығу, шет
шығу, қашық шығу, қашыққа шығу
(қашық болу) дегендердегі
үстеулер сияқты сезіліп тұрады. Ал, шындығында, тіркес дұрыс
түзілген. Өйткені
шығу
етістігінің көне түркі тілдерінде 7-мағынасы
деп «біреуге не бір нәрсеге айналу», «біреу не
бір нәрсе болып
шығу» көрсетілген, яғни «біреу не бір нәрсе болу» деген мағынада
жұмсалған. Және атау тұлғадағы сөзбен жұмсалған:
қазақ шықты
–
«қазақ болды». Көне түркіде
йағы чықды −
«жау болды».
Қайткен күнде де бұл сөздің семантикалық қозғалысы бар: бүгінгі
қазақ
этнонимі мағыналық жағынан бірден қалыптаспаған, мұны
осы атаудың қазақ тіліндегі соңғы 4-5 ғасырлық қолданысының
ерекшеліктері көрсетеді.
Терминдік мәні бар
қазақ шығып кету
деген бұл тіркесті тарихи
романдар жазушы қазіргі авторлар да дұрыс пайдаланған. Мысалы
Мұхтар Мағауин «Аласапыран» романында: «Бүкіл Сібір жұртына
тірек болған тайпалы ел тұтасымен
қазақ шығып кетті
деп жазады»
(«Аласапыран», І кітап, 157-бет).
Достарыңызбен бөлісу: