Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет76/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ҚОЙШЫ-ҚОЛАҢ
. Екінші компоненті жеке қолданылмайтын, 
мағынасы күңгірт қос сөздердің бірі − осы. Қосақтала жұмсалып, 
жымдасып, сіріленіп кеткен сөздердің дені, әдетте, бірі-біріне 
мағыналас болып келетіні мәлім. Демек, 
қолаң
тұлғасын не көне 
сөздер қорынан, не өзге тілдер қазынасынан іздеу керек болады. 
Сірә, бұл дыбыстық тұлғасы едәуір өзгерген парсының 
ғолам
сөзі 
болуы керек, бұл − «құл, жалшы» деген мағынаны білдіретін сөз. 
Сонда 
қойшы-қолаңымыз
«
қойшы-жалшы»
деген жинақтау ұғымын 
беретін қолданыс болып шығады. Сөздердің қолданыс тарихында 
қос сөздер болып қалыптасқан бірліктердің бір сыңары бөгде тілдік 
(парсылық, арабтық, монғолдық, бірен-саран қытайлық) болып, ерте-
ректе қалыптасқан фактілер едәуір. Олардың пайда болу уәждері мен 
кезеңдерін, семантикалық қозғалысын зерделеу – аса қызық та, қажет 
те қарекет болмақ.
ҚОМ СУ
. ХV-ХVІ ғасыр жырауларының өлең-толғауларында:
Қоғалы көлдер, 
қом сулар
Кімдерге қоныс болмаған (Шалкиіз); 
Қоғалы көлдер, қом сулар
Қоныстар қонған өкінбес (Доспамбет), – 
деген жолдарды оқимыз. ХV-ХVІІІ ғасырларда жасап өткен ақын-
жыраулар мұралары жарияланған басылымдардың барлығында 
дерлік бұл өлең тармағы «қоғалы көлдер, 
құм
сулар» болып жазылған. 
Дұрысы – 
қом
сулар
болуы керек. 
Қом
сөзінің қазірде біз білетін 
мағыналары: «1) түйе өркештерінің түп жағындағы тұтаса біткен 
жота майы, 2) түйеге жүк арту үшін, оның қос өркеші мен жотасын 
(қомын) орай салынған қабат-қабат киіз» (ҚТТС, т.6. 308-б.).
Бұл тұлғаның (сөздің) мағыналарын іздей түссек, алтай тілінде 
ол «толқын» деген ұғымды да береді екен (Радлов. Опыт словаря… 
т. ІІ, ч.1). 
Толқын тұрды
дегенді 
қом кірді
дейді. 
Қомды
тұлғасы 
«толқынды» дегенді білдіреді. 
Қом
сөзінің Сібір түркілеріндегі 
«толқын» мағынасы – төлтума түркі сөзі ме, кірме сөз бе, оны біз 
айыра алмадық, бірақ әйтеуір бар сөз. Сірә, көне түркі сөзі болуы 
мүмкін. Қазақ ру-тайпалары тілінде де бір кезде «толқын» мағынасын 
білдіретін 
қом
сөзі тек 
қом су
деген тіркес аясында қалған болса ке-
рек деп жорамалдаймыз. Сонда мағынасы «қоғалы көлдер, толқынды 
сулар» деген бейнелі тұрақты тіркес болып сақталып қалған деу-
ге болады. 
Қоғалы көл
– тыныш кішкене көлдер, ал 
толқынды су-
лар
– үлкен өзендер мен теңіздер болмақ. Әдетте өте көне сөздер 
мен кейбір ертеде енген кірме сөздер («ауыс-түйістер») көбінесе 


129
тұрақты тіркестер құрамында, мақал-мәтелдерде «консервіленеді». 
Заман өткен сайын мағынасы ұмыт болған сөз тұлғалық жағынан да 
өзгеріске ұшырайды, түсінікті сөзбен алмастырылады. 
Қом
«толқын» 
сөзі кейінгі замандағы қазақтар үшін әбден таныс 
құм
тұлғасына 
ауыстырылған, бірақ 
құм су
деген тіркестің мағынасы түсініксіз. 
Әдетте ауыз әдебиеті үлгілері мен ертедегі ақын-жыраулар туынды-
ларында әр алуан эпитетпен келген 
су
деген сөз образы жиі кездеседі: 
«
Ауан,ауан, ауан су»; «Айдынды сулар, аймақ көл, тасыса төңбек 
келтірер»
(Шалкиіз
); «Тоғай,тоғай, тоғай су,
тоғай қондым өкінбен» 
(Доспамбет); «
Қарқын су
келіп қаптады» («Қамбар батыр»). 
Жалпы қазақтың ескідегі поэзиясында 
су
(өзен, көл, дария) 
белгілі бір образды («мекен», «қоршаған табиғат», «табиғат күші» 
т.т. сияқты) білдіруге бейім тұрған. Сондықтан «толқын ұрған» да-
рия – Еділ мен Жайық сияқты (Шалкиіз, Доспамбеттер жасап өткен 
өлкедегі) мол сулы өзендерді «қом су» деп бейнелеп атаудың болуы 
заңды. Сөйтіп, «қоғалы көлдер, құм сулар» деген өлең жолын «қом 
сулар» деп жазып, осылай оқыған дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет