Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет74/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ҚАС: ҚАС(А) БАТЫР. ҚАС(А) СҰЛУ
. «Қамбар батыр» жырында:
Қаса батыр
майданда 
Диірмендей дөңгелер, – 
деген жолдар бар. Абай да бұл сөзді 
қаса сұлу
деген тіркесте 
қолданады. Мұндағы 
қас(а)
сөзі бұл күнде «өте, нағыз, тым, аса» де-
ген мағынадағы күшейткіш мәнді үстеу деп танылады. Түптөркінін 
іздесек, бұл сөз көне түркі тілдеріндегі 
қашығ
«айрықша көзге 
түсетін» және «мықты, күшті» деген сөз емес пе екен деуге болады. 
Бұл сөздегі 
ш
дыбысының қазақ тіліне келгенде 
с-
ға айналып кетуі 
және соңғы 
ығ 
сусымалы дыбысының түсіп қалуы – табиғи құбылыс. 
О баста 
қас батыр, қас сұлу, қас жүйрік
«көзге түсетін, айрықша» 
деген жағымды мәндегі тіркестерде қолданыла келе, кейін 
қас надан, 
қас жауыз
сияқты о да көзге түсетін, ерекше көрінетін жағымсыз 
адамдарды да атап кетсе керек деп тошпылаймыз.
ҚАТТАНУ.
Жауға аттанардағы батырдың портретін бергенде, 
қазақ эпостарында:
Қатуланып, 
қаттанып

Буырқанып, бұрсанып, 
Мұздай темір құрсанып, – 


127
деп келеді. Осындағы 
қаттану
сөзі бұл күнде қолданылмайды. 
Көне түркі тілдерінде 
қатлан
- сөзінің бір мағынасы – «мықты болу, 
қатаю». Осы мағынада 
қатығлан
- сөзі де қолданылған. Түбірі – 
қатығ
(қазақша 
қатты
). Қазіргі нормамызбен айтсақ, 
қаттану
сөзі 
қаттылану
болар еді. Ал бірақ 
қаттану
тұлғасы – өте ертеден, яғни 
етістік жасайтын жұрнақ 
қатты
түбіріне емес, 
қат(ығ)
түбіріне 
жалғанған кезден келе жатқан көне сөз.
Осы тұлғаның 
қатулану
варианты және бар. Ол да 
қатығ
тұлғасынан жасалған. 
Тағ ~ тау, бағ ~ бау
деген сөздердегі сияқты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет