130
Бір көңіл аударатын нәрсе –
қорамсақ
сөзі
қорам
тұлғасында да
қолданылған. Мысалы, «Қыз Жібек» жырында:
Енді қолын алғанша,
Қорамға
қолын салғанша, –
деп келеді. Бұл мысал
қорамсақ
сөзінің құрамы
қорам+ сақ
деген екі
бөлек сөзден тұратындығын, оның
сақ
компонентін қоспай да «оқ
қабы» ұғымын бере алатындығын аңғартады.
Осы сөздің
қорамса
варианты және болған. «Ақжонасұлы Ер
Кеңес» деген жырда:
Қорамсаны
қолға алды,
Атайын деп оңдалды, –
деп келген жолдарды кездестіреміз. Бұлар – емлелік қателер емес,
біз әңгіме етіп отырған сөздің және оның құрамдарының бірнеше
фонетикалық вариантта келген
(са/сақ)
бір сөзден пайда болғандығын
көрсететін фактілер.
Достарыңызбен бөлісу: