140
Толықсып тұрған баланы
Толғап тартып қалады.
Бұл екі мысалда
садақ
– қарудың өзі, яғни жақ.
Сонымен қатар
садақ
сөзі жақтың өзінің қабын да білдірген.
Мысалы, жырларда кездесетін
бұлғары садақ, бұхаржай
немесе
көн
садақты демесең, көпке тиер сөзім бар
дегендердегі
бұлғары садақ,,
көн садақ
тіркестері – былғарыдан жасалған (әлде бұлғарлықтардың
үлгісімен жасалған ба?) және көннен жасалған қап (жақ салатын фут-
ляр).
Қазақ тілінде жақтың жабдығымен қоса алғандағы жалпы атауы
ретінде қолданылуы да жоқ емес. Мысалы, Махамбеттің «беркініп
садақ асынған» дегенінде ақын «жалпы қару (садақ) асынып, жауға
аттану» дегенді айтып тұр.
Қазірде ұмыт бола бастаған бұл көне атауларды осы күнгі
кітаптарда жаңылыс түсіндірушілік жиі кездеседі. Мысалы,
Махамбет ақынның 1962 жылғы жинағанда
жай
– «садақ оғы» деп
қате түсіндірілген. Бұл түсінік ақынның:
Толғай да толғай оқ атқан,
Он екі тұтам
жай тартқан,
–
деген жолдарына қарай айтылған. Бірақ бұл жердегі ақынның
он екі
тұтам
дегені – оқтың ұзындығы емес, жақтың кермесінің (адыр-
насының) өлшемін, яғни жақтың өзін айтқаны. Немесе «Қазақ совет
энциклопедиясы»
жақ
сөзінің
жай
вариантын «жақтың оғы алысқа
ұшатындықтан, жақты кейде «жай» деп атайды» деп түсіндіреді.
Шындығында, бұл екеуі – бір сөз, яғни
жақ
пен
жай
параллельдері –
түркі тілдеріне тән дыбыс алмасуларының
(ғ~й)
нәтижесі (Қайдаров,
29). Сол сияқты
бұхаржа
сөзін «Батырлар жыры» атты кітаптың II
томында (1961, 23-бет) «Бұқар қаласында жасалған сауыт (?)» деп
түсіндіреді. Дұрысында,
бухаржа
және
сарыжа
сөздеріндегі
жа
компоненті – көне
йа
сөзінің қазақша варианты (сөз басындағы
Достарыңызбен бөлісу: