Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет83/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ОРАЗДЫ, ЖИЫРЛЫ.
Көне жырларда: 
Ораздының
он ұлы
Жиырлының
жалғызы, − 
немесе:
Ораздының
ұлы өсер,
Жиырлының
қызы өсер, −
деген жолдар бар. Мұндағы 
оразды
сөзі «бақытты» деген сөз: 
ораз
– 
парсы тілінде «бақыт» дегенді білдіреді. Ал 
жиырлы
деген сөз ешбір 
түркі тілінде жоқ. Тегі, контекске қарағанда, бұл сөз 
жиырлы
емес, 
черлі
болуы керек. Араб жазуындағы бір таңба әрі 
ж,
әрі 
ч 
дыбысын 
білдірген. Арабша жазылған нұсқадан қазіргі жазуға көшіргенде қате 
оқылып, қате жазылған болуы керек. Сонда: «бақыттының он ұлы, 
шерлі адамның (бақытсыздың) жалғызы» деген қарама-қарсы образ-
ды білдіретін сөздер болып шығады. 
ОРДАЛЫ ЖЫЛАН
. Әдетте 
орда
сөзін жеке алғанда ханның, 
батырдың т.б. ордасы, орталық мекенжайы деп түсінеміз, ал тарихи 
шығармаларда 
Алтын Орда, Ақ Орда
сияқты хандықтардың атауын 
білдіретін сөз деп білеміз. Бұл күнде 
орда
сөзі белгілі бір мемлекет 
басшысының қызмет бабындағы орталық мекенжайы деген мағынада 
қалыптаса бастады: «Ресей президентінің 
ақ ордасы
, Қазақстан 
ІІрезидентінің 
ақ ордасы»
.
Ал 
ордалы жылан, ордалы құлан
дегендердегі 
орда
сөзінің 
мағынасы бұдан басқаша. Көне түркі тілдерінде 
орду
сөзінің бір 
мағынасы «жылан, тышқан сияқтылардың індері мен басқа да жан-
жануарлардың тұрақтары» деген болған (ДС, 370). Сонда 
ордалы 
жылан
– «белгілі бір жерде індері көп, шоғырланған жыландар, көп 
жылан», 
ордалы құлан
– «белгілі бір аймақты жайлаған құландар 
үйірі» дегенді білдіреді екен.
ОРЫНДЫҚ
. Қазірде өте түсінікті жиі қолданылатын сөздердің 
бірі – 
орындық
. Ол – адам отыратын үй жабдығы (орысша 
стул
). 


138
Бұл сөз өткен дәуірлерде де болған. Көне түркі тілінде 
орунлуқ
– 
«1) тақ, 2) тұрғы (бір нәрсенің тұратын, жататын тұрғысы)» (ДС, 372). 
Қазақ тілінде де ертеде 
орындық
сөзі бір нәрсенің тұрғысы дегенді 
білдіргені байқалады. Махамбет өлеңінде кездесетін:
Орнықты
қара сабадан 
Қымыз ішер күн қайда? – 
деген жолдардағы бірінші сөз 
орнықты емес, орындықты
болуы 
керек, өйткені жерді азырақ шұңқырлап, үлкен сабаларды соған 
қоятыны белгілі, демек, осы шұңқыр – сабаның 
орындығы
(тұрғысы) 
немесе саба қоятын төрт таған арнайы орындық та болған. Төсек те 
жалпы алғанда – тұрғы (жататын жер, орысша 
ложе
), сондықтан жа-
татын 
кереует
сияқты ағаш төсекті де ертеде қазақтар 
орындық
деп 
атаса керек. Мысалы, Доспамбет жырау:
Зерлі 
орындық
үстінде, 
Ал шымылдық ішінде 
Тұлымшағын төгілтіп, 
Ару сүйдім – өкінбен! – 
дейді. Мұндағы 
орындық
деп тұрғаны – биік ағаш төсек, зерлі деп 
отырғаны – не өрнектелген (инкрустацияланған) төсек болар, не зерлі 
жамылғысы бар төсек болар, қайткенде де мұндағы 
орындық
қазіргі 
отырғыш (стул) емес, төсек және ол төсек образ үшін алынып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет