134
1961, II 233). Қазақ ауыз әдебиетінде
саз
сөзі көбінесе 1-мағынада
келеді. Мысалы, қыз Назымды алмаққа келген қалмақ ханы қыздың
әкесіне:
Тікпекке ақ үй сұраймын
Ел қонбаған
сазыңды,
–
дейді. Н.Ф.Катанов жинап бастырған қазақ мақал-мәтелдерінің
ішінде «асылсаң – биікке, жығылсаң –
майданға
» деген мәтел бар.
Мұндағы
майдан
сөзі де «ұрыс даласы» дегенді емес, «алаң» дегенді
білдіреді.
Майдан
сөзінің осы күнгідей «ұрыс даласы» деген ұғымы
да батырлар жырларында жиі кездеседі. Мысалы, «Қамбар батыр»
жырында:
Олар
майдан ішінде
Түзетті бұлар ұрысты.
Қылыш шауып, қан төгіп,
Қыздырыңдар ұрысты, –
деген жолдарды оқысақ, мұндағы
майдан
– «ұрыс алаңы».
Сөйтіп,
майдан
мен
саз
сөздерінің осы күнгі әдеби тілімізде норма
емес «көгал, көкорай шалғынды жер» және «алаң» мағыналары ескі
жырлар мен мақал-мәтелдерде, сондай-ақ жергілікті сөйлеу тілінде
кеңінен орын алған.
Майдан
(егер өзі о бастан түркі сөзі болмаса) − парсы тілінен ен-
ген сөз, сөздіктердің көрсетуіне қарағанда, парсы тіліне араб тілінен
енген.
Достарыңызбен бөлісу: