138
Бұл сөз өткен дәуірлерде де болған. Көне түркі тілінде
орунлуқ
–
«1) тақ, 2) тұрғы (бір нәрсенің тұратын, жататын тұрғысы)» (ДС, 372).
Қазақ тілінде де ертеде
орындық
сөзі бір нәрсенің тұрғысы дегенді
білдіргені байқалады. Махамбет өлеңінде кездесетін:
Орнықты
қара сабадан
Қымыз ішер күн қайда? –
деген жолдардағы бірінші сөз
орнықты емес, орындықты
болуы
керек, өйткені жерді азырақ шұңқырлап, үлкен сабаларды соған
қоятыны белгілі, демек, осы шұңқыр – сабаның
орындығы
(тұрғысы)
немесе саба қоятын төрт таған арнайы орындық та болған. Төсек те
жалпы алғанда – тұрғы (жататын жер, орысша
ложе
), сондықтан жа-
татын
кереует
сияқты ағаш төсекті де ертеде қазақтар
орындық
деп
атаса керек. Мысалы, Доспамбет жырау:
Зерлі
орындық
үстінде,
Ал шымылдық ішінде
Тұлымшағын төгілтіп,
Ару сүйдім – өкінбен! –
дейді. Мұндағы
орындық
деп тұрғаны – биік ағаш төсек, зерлі деп
отырғаны – не өрнектелген (инкрустацияланған) төсек болар, не зерлі
жамылғысы бар төсек болар, қайткенде де мұндағы
орындық
қазіргі
отырғыш (стул) емес, төсек және ол төсек образ үшін алынып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: