Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет85/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

САДАҚ. ЖАҚ/ЖАЙ/ЖА
. Бұл сөздер қазақ эпостарында да, XV-
XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілінде де жиі кездесетін, қазірде 
көнере бастаған сөздердің қатарынан табылады. 
Садақ
сөзінің 
синонимдері – 
жақ/жай/жа
. Соңғы 
жа
варианты қазақ тілінде 
са-
рыжа, бұхаржа
сөздерінде сақталған.
Садақ (жақ)
– ағаштан доғаша иіп немесе иілген іспетті екі 
бөлікті жалғастырып, екі ұшын қайыспен керіп, сол кермеге оқ (жебе) 
салып, тартып ататын, өте көне замандардан келе жатқан қару атауы. 
Садақ
сөзі кейбір түркі тілдерінде қарудың өзін емес, оның қабын, са-
уытын білдіреді немесе жақтың бүкіл жабдығымен қоса аталған жал-
пы атауын береді. Ал қазақ тілінде 
садақ
сөзі қарудың өзін де, жақ 
пен оның оғын салатын қабын да білдіргенін байқаймыз. Мысалы, 
Қазтуған жырауда: 
Қарағайдан 
садақ
будырып, 
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, – 
деп келеді. «Қыз Жібек» жырында Қорен қалмақ:
Қарсы қарап тұра қап, 
Садақты
қолға алады. 


140
Толықсып тұрған баланы 
Толғап тартып қалады.
Бұл екі мысалда 
садақ
– қарудың өзі, яғни жақ.
Сонымен қатар 
садақ
сөзі жақтың өзінің қабын да білдірген. 
Мысалы, жырларда кездесетін 
бұлғары садақ, бұхаржай
немесе 
көн 
садақты демесең, көпке тиер сөзім бар
дегендердегі 
бұлғары садақ,, 
көн садақ
тіркестері – былғарыдан жасалған (әлде бұлғарлықтардың 
үлгісімен жасалған ба?) және көннен жасалған қап (жақ салатын фут-
ляр).
Қазақ тілінде жақтың жабдығымен қоса алғандағы жалпы атауы 
ретінде қолданылуы да жоқ емес. Мысалы, Махамбеттің «беркініп 
садақ асынған» дегенінде ақын «жалпы қару (садақ) асынып, жауға 
аттану» дегенді айтып тұр.
Қазірде ұмыт бола бастаған бұл көне атауларды осы күнгі 
кітаптарда жаңылыс түсіндірушілік жиі кездеседі. Мысалы, 
Махамбет ақынның 1962 жылғы жинағанда 
жай
– «садақ оғы» деп 
қате түсіндірілген. Бұл түсінік ақынның:
Толғай да толғай оқ атқан, 
Он екі тұтам 
жай тартқан,
– 
деген жолдарына қарай айтылған. Бірақ бұл жердегі ақынның 
он екі 
тұтам 
дегені – оқтың ұзындығы емес, жақтың кермесінің (адыр-
насының) өлшемін, яғни жақтың өзін айтқаны. Немесе «Қазақ совет 
энциклопедиясы» 
жақ
сөзінің 
жай
вариантын «жақтың оғы алысқа 
ұшатындықтан, жақты кейде «жай» деп атайды» деп түсіндіреді. 
Шындығында, бұл екеуі – бір сөз, яғни 
жақ
пен 
жай
параллельдері – 
түркі тілдеріне тән дыбыс алмасуларының 
(ғ~й)
нәтижесі (Қайдаров, 
29). Сол сияқты 
бұхаржа
сөзін «Батырлар жыры» атты кітаптың II 
томында (1961, 23-бет) «Бұқар қаласында жасалған сауыт (?)» деп 
түсіндіреді. Дұрысында, 
бухаржа
және 
сарыжа
сөздеріндегі 
жа
компоненті – көне 
йа
сөзінің қазақша варианты (сөз басындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет