Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


ғы  жұрнағы жалғанып,  маңғы - етістігі ( қаңғы-, саңғы - дегендер сияқты) жасалған, оған  -с



Pdf көрінісі
бет82/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ғы 
жұрнағы жалғанып
маңғы
- етістігі (
қаңғы-, саңғы
- дегендер сияқты) жасалған, оған 

жұрнағы қосылып, қайтадан зат есім туған, ал 
маңғыс
есіміне 
-та
жұрнағы жалғанып, екінші рет етістік пайда болған. Сөйтіп, 
маңғыста
- (
маңғыстау

маңғыстамақ
) деген морфологиялық 
«қырық шекпен» киген сөз ғана сақталған.
Маңғыстау
етістігінің мағынасы – көне түркідегі 
маң
- етістігіндей 
«адымдау жүру», мүмкін, бұған «ілгері басу, өрістеу» реңктері 
қосылған болу керек. Қазақ тілінде 
маң-маң басу
етістігі – белгілі 
бір «пропискасы бар» «паспортты» сөз, ол «пропискасы» – ақырын, 
байсалды түрде адымдау, мысалы, аяғын байсалды басатын түйеге 
айтылады 
(маң-маң басқан сары атан өріске маңғыстап шығады),
егер бұл етістік адамға қарата айтылса да, әңгіме жай ғана адымдау 
туралы емес, аяғын «ақырын, байсалды түрде маңғаздана басу» жай-
ында болады. Сөйтіп, 
маңғыстау
етістігі – «жүру, адымдау» дегенді 
білдіретін, бүгінде сирек қолданылатын, көбінесе образ үшін пайда-
ланылатын сөздердің бірі. Әдемі сөз, әсерлі сөз.
НАЖАҒАЙ/НАЙЗАҒАЙ
. Нөсер жауын кезінде ауада электр 
зарядтарының бір-біріне соқтығысуынан пайда болатын күшті 
(құбылысты) 
нажағай
немесе 
найзағай
дейміз (ҚТТС, VII, 310). Бұл 
сөз қыпшақ тілдерінде 
сазаған
тұлғасында да қолданылған. 
Сазаған
сөзі «бұлт ішіндегі аждаһа» дегенді білдіреді. Демек, 
нажағай
мен 
аждаһа/аждақай
сөздерінің өрісі («туысы») бір: 
нажағай
– «көктегі 
от болып жарқылдайтын қанатты аждаһа» деген сенімнен шыққан 
болар. Сондықтан бұл сөздің қару атауы ретіндегі 
найза
сөзіне еш 
қатысы жоқ тәрізді. Зерттеуші Ә.Нұрмағамбетов 
найзағай
сөзінің 
түбірі «жандыру» мағынасындағы монғолдың 
ноцоо(х)
етістігі деп 
таниды (Нұрмағамбетов, 38). Бұл да – «жаны бар» болжам.
ОЙЫН
. Бұл сөз ерте кездегі қазақ тілінде, оның ауыз әдебиеті 
үлгілерінде «соғыс, ұрыс» деген мағынада да жұмсалған. Мысалы, 
«Ер Шобан» толғауында батырлар айдап алып кеткен жылқының 
соңынан қуып келген Биғазыға Шобан: менің жиынымда (қосынымда) 
«түменді бұзған ерлер мен суырылып шабар батырлар бар» деп 
бірнешеуін атайды. Солардың бірі:


136
Бір 
ойында
алпыс ала балта сындырған
Айсаның ару ұлы – Қолай бар, – 
дейді. Мұндағы 
ойын
деп тұрғаны – «ұрыс».
Ойын
сөзінің батырлар жырларында жұмсалған сәттері бұл сөздің 
«ұрыс, соғыс» деген мағынасын тіпті айқын танытады. Мысалы, 
Қобыланды батырдың жауымен айқасын:
Қанжарменен қармасты, 
Семсерменен серместі, 
Сөйтіп 
ойын
ойнасты, – 
деп суреттейді. Мұндағы 
ойын ойнау
– нағыз «шайқасу, соғысу». «Ер 
Тарғын» жырындағы:
Толып жатқан қалмаққа
Тарғын салды 
ойынды,
– 
дегенде де ойнап жүрген батыр емес, ұрыс салған батыр сөз болып 
отыр. Қатты шайқасатын қас батырды 
ойыны қатты жас арыстан
деп бейнелейді. 
Ойын
сөзі көбінесе «ұрысты, соғысты» деген мәнде 
ойын салды
тіркесімен келеді.
Әрине, 
ойын
сөзімен қатар 
ұрыс, соғыс, шайқас
сөздері да 
қолданылған. Мысалы, «Қамбар батыр» жырында жау:
Бүркіттей жазып шеңгелін 
Салмаққа даяр 
соғысты.
.. 
Қайратымыз аспайды 
Қылайық, десек 
ұрысты,
– деп келеді.
Сол сияқты 
ойын
сөзінің құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру, жеңісті 
тойлау сияқты елеулі оқиғалар үстінде өткізетін сауық-сайранды да 
білдіретін мағынасы қатар жұмсалған. Мысалы, «Қамбар батыр» 
жырындағы:
Құда түсіп, құйрық жеп, 
Қыламыз қызық 
ойынды
... 
Қырық күн ұдай тойым бар
Әртүрлі қызық 
ойын
бар,– 
деген жолдарға назар аударалық.
ОҚУ
. Емші бақсы-балгерлер адамды жылан шаққанда; 
оның уы-
тын оқып шығарады 
дейді немесе ауру адамды үшкіріп 
оқып емдейді
дегенді де естиміз. Сондықтан 
оқы
- етістігінің үшінші мағынасы етіп 
түсіндірме сөздік «ішінен дұға айтып арбау, дуалау, дем салу» дегенді 
көрсетеді.
Оқы
- етістігінің көне түркі тілдеріндегі бір мағынасы «шақыру» 
болған: 
ол мені оқыды
«ол мені шақырды» (ДС, 369). 
Оқычы, оқығучы
сөздері «хабар беруші, жар салушы» дегенді білдірген. Осыдан көне 


137
оқра
- (қазақ тілінде 
оқыран
-) деген жылқы малының үйірін, құлынын 
шақырғанда шығаратын дыбысын білдіретін туынды етістік жасалған. 
Демек, 
оқыран
- да – «шақыру» деген сөз. Сонда 
жыланның уытын 
оқып шығару
деген – о баста «сол уытты адам денесінен 
шақырып 
алып
, шығарып тастау» деген ұғымда қолданылған сөздер. Бақсы-
балгердің үшкіріп оқып емдеуі де, ескі наным бойынша, адам бойына 
аурудың «иесі» кіргенде, адам ауырады, сол «иені» дуалап, үшкіріп 
шақыру (оқу)
керек, сонда ол жазылады деп сенген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет