Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет84/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ӨЛЕ ТОЙДЫ
. Көбінесе күнделікті сөйлеу тілінде қолданылатын 
өле
тою
деген тіркес бар. Осыдан барып 
өлгенше жеді, өлгенше 
ішті
деп те айта береміз. Бұлар – «мейлінше тою, көп жеу, көп ішу» 
деген мәнде айтылатын сөздер. Түптөркінін іздестірсек, мұндағы 
өле
сөзінің «дүние салу, өлу» мағынасындағы 
өл
- сөзіне еш қатысы 
жоқ екен. 
Өл
- етістігі – саха (якут) тілінде «тою» деген сөз. Демек, 
ертедегі түркі тілдерінде қолданылған 
өл
- «тою» сөзі мен қазіргі 
тіліміздегі 
той
- сөздері плеонастық қатар түзіп, яғни екі тұлғадағы 
«тою» мағынасындағы екі сөз қатарласа айтылып, «мейлінше тою» 
мағынасын беріп тұр. Әрине, «тою» мағынасын беретін 
өле
сөзі 
қазақ тіліне якут тілінен енген деуге болмайды. Бұл – сірә, өте ер-
теден қалған көненің көзі болар. Мұндай қалдықтар, сарқыншақтар 
(реликтілер) қазақ тілінде аз кездеспейді. 
САҒЫНУ, САҚЫНУ
. Бұхар жырау Абылай ханға:
Басына мұнша көтерген 
Жұртыңа жаулық 
сағынба,
– 
деп ақыл айтады. Мұндағы 
сағыну
сөзі – «біреуді көруге аңсау» 
мағынасындағы 
сағыну
сөзімен бір емес. Бұл жерде 
сағыну
сөзінің 


139
түбірі – 
сақ
-. Көне түркі тілдерінде 
сақ
- етістігі «ойлау, толғану, түю»
дегенді білдіреді, ал осы түбірден жасалған 
сақын
- етістігінің бір 
мағынасы «ойлау, есептеу» болған (ДС, 486). Бұл тұлғаның «ойлау, 
ойлану, ниеттену» мағынасы ертеректегі қазақ тілінде де жұмсалға-
нын жоғарыдағы Бұхар толғауы танытады. 
Жаулық сағыну 
тіркесі, 
осы күнгі тілімізше айтсақ, 
жаулық ойлау
дегенді білдіреді.
Сақын
- етістігінің мағынасы – «сақтану». Көне, орта ғасырлардағы 
түркі тілдерінде «сақтану, қорғану» мағынасында қолданылған 
сақын
- тұлғасы ертеректегі қазақ тілінде де орын алған. Оған Шал-
киізде кездесетін:
Алп, алп, ал 
сақын
,
Аңдып жүрген дұшпаннан 
жүз сақын
.
Күле кіріп, күңіреніп
Шыққан достан мың 
сақын,
– 
деген жолдар мысал бола алады. Махамбет ақынның:
Мен тауда ойнаған қарт марал 
Табаным тасқа тиер деп 
Сақсынып
шыққан қияға, – 
деген жолдарындағы 
сақсыну
сөзінің түбірі де 
сақын
- болуы мүмкін. 
«Қорғану, сақтану» мәніндегі 
сақыну
тұлғасы «күні кешегі» Махамбет 
заманындағы қазақ тілінде қолданыстан шығып қалып, ұмыт бола 
бастағандықтан, 
сақсыну
деп өзгеріп айтылуы әбден ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет