Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет92/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

СИМИЯ: ХИМИЯ-СИМИЯ (ҚИМИЕ-СИМИЕ
). XIX ғасырдың 
II жартысында жасап өткен Шәңгерей ақын Америка ғалымы Эдисон 
туралы өлеңінде:
Пәндерден 
қимие-симие
ғылыми хикмет, 
Көп сырлар ашты хикмет дүниеден, – 
дейді. Мұндағы 
қимие-симие
сөзіне берілген түсініктемеде «хи-
мия ғылымын айтып отыр» деп қана беріледі (XVIII-XIX ғ. қазақ 
ақындары... 416). Бұл тіркестегі 
симие
компонентін 
ат-мат, жігіт-
мігіт
дегендердегі сияқты қос сөздің мәнсіз сыңары болар деп ой-
лаймыз. Ал, шындығында, 
қимие
– «химия», 
симие
– парсы тілінде 
«магия, көз бояушылық, керемет іс» деген мағынаны білдіретін сөз. 
Ол 
қимие (химия
) сөзімен қатар айтылғанда, «алхимия» ұғымын да 
береді. Демек, Шәңгерей Бөкеевтің 
қимие-симие
деп отырғаны – 
«химиядан да, алхимиядан да, яғни барлық ғылымнан хабары бар» 
ғалым дегені.
Сірә, өткендегі әдеби мұраларда кездесетін бейтаныс сөздерді 
түсіндіруде мейлінше дәл, толық мағлұмат берілсе, ол текстерді 
түсініп, тұшынып оқуға көмектесер еді. Біздің осы кітаптағы барлық 
талдауларымыз айтылған талап-тілекке септігіп тигізу мақсатын 
көздейді.
СОЙУРҒАЛ/СОҺУРҒАЛ/СҰЙҰРҒАЛ
. Бұл сөз қазіргі қолда-
ныста жоқ, тіпті ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулары 
тілінде де, эпостық жырларда да кездеспейді. Бірақ бұл термин 


151
дәрежесіндегі ескі атау қазақтың ертедегі жазба тілінде, оның ішінде 
ХVІ ғасырда тарақ таңбалы жалайыр тайпасынан шыққан Қадырғали 
бидің кейін «Жами` ат-тауарих» деген атқа ие болған атақты 
жылнамасының біраз жерінен ұшыратамыз: «Барис Федарауич 
…Ораз Мухаммедке Кермен шаһарын 
соһурғал
қылыб берді». 
«…
Соһурғал
қылыб, йарлықауың теңізге охшар» (Р.Сыздықова, 
М.Қойгелдиев Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар 
жинағы, 242 және 125-бетте). Бұл мысалдардағы 
соһурғал
(кей жер-
де 
сойурғал
деп жазылған) сөзі «тарту» дегенді білдіреді. Ол тарту 
– тұрмыстық тарту-таралғы емес, орта ғасырдағы хан, бек, патша 
сияқты әміршілердің әскери және мемлекеттік қызметі үшін өз адам-
дарына сыйға бөліп берген жер үлесі. Борис Годунов саяси мақсатта 
бірнеше жыл қолында ұстаған қазақ ханзадасы – Оразмұхаммедке 
алдымен Мәскеу түбінен поместье, кейін өзіне әскери жорықтарға 
қатысып, үлкен еңбек еткені үшін «Қасым хандығы» деп аталатын 
кішігірім жері бар хандықты (Орталық Ресейдегі хандықты) тарту 
етеді, бұл хандықтың бас қаласы «Кермен шаһары» деп аталатын еді. 
Қадырғали би тарихшы осы хандықты сойурғал етіп берді деп отыр. 
Тарихшы бабамыз бұл еңбегінде Шыңғыс ханның да өз бектеріне 
жасаған сойурғалдығы туралы да айтып отырған. 
Сойурғал/суйурғал
сөзінің соңындағы 
л 
дыбысы қатысып та, түсіп 
қалып та қолданылғаны байқалады, мысалы осы мәтінде 
сойурғамыш
қылды
деген де тұлға бар, бұл жердегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет