Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет88/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

салмаған?
– 
немесе Махамбеттегі:
Таңдап мінген тұлпарлар 
Иесін қайда жаяу 
салмаған?
– 
деген жолдарда да 
салу
етістігі «тастау, қалдырып кету» мағынасында 
келіп тұр. Біздіңше, «құлын тастау» мағынасындағы 
құлын салу

«өлу» мағынасындағы 
дүние салу
деген тұрақты тіркестердегі 
салу
сөзі де – «тастау, қалдыру» мәнінде. Қырғыз тілінде 
бала салу, қозы 
салу
(«бала тастау», «қозы тастау») тіркестері бар.
Салу
етістігінің бұл мағынада жұмсалғанын XVI ғасырдың соңғы 
жылдарының түркі (қазақ) жазба ескерткіші – тарақ таңбалы жалай-
ыр руынан шыққан Қадырғали би Қосымұлының «Жами´ат-тауарих» 
деген тарихи шығармасының (шежіресінің) тілінен де көреміз. Ол бір 
жерде былай деп жазады: «[Чингиз хан Отчигин нойанды] нечүк уа-
лайат тәжікке атланғанда, аны үйінде, ордаларында ләшкері білән 
са-
лып кетті
». Бұл сөйлемнің қазіргі қазақшасы: «[Шыңғыс хан] тәжік 
уалаятына аттанғанда, оны [Отчигин ноянды] әскерімен қоса өз үйі 
ордасына 
қалдырып кетті
».
Сөйтіп, 
салу
деген етістік осы күнгі білдіретін мағыналарымен 
қатар («кою, орнату» т.т.), ертеректе қазақ тілінде «тастау, қалдырып 
кету» мағынасында да еркін жұмсалған. Біздіңше, бұл – омоним 
сөздер болар, яғни сыртқы тұлғасы 
(сал-)
бір, мағынасы екі бөлек екі 
сөз болар деп ойлаймыз.
Сал
- етістігінің қазіргі нормадан ауытқып қолданылған тұсы 
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында да бар екенін эпос тілін зерт-
теуші Е.Жұбанов көрсетеді. Ондағы:


144
Сол Баянды Қодар құл көзден 
салмас
... 
Садағыңды беліңнен 
салма
деген... 
Шырағым, мені есіңнен 
салма
дейді, – 
деген өлең жолдарында қолданылған 
салма
- етістігі «тастама, 
қалдырма, есіңнен шығарма» деген мағыналарды береді. 
Киімді сал-
мастан киді 
дегендегі 
салмастан
етістігі де «тастамастан» деген 
мағынада екенін осы зерттеуші қоса көрсетеді.
Сөз төркінін қуаласақ, бұл – көне түркі-монғол сөзі болуы ке-
рек. 
Сала(х)
сөзі – монғол тілінде «1) бір нәрседен құтылу, тастау, 
қалдырып кету, арылу, 2) бөліну, айырылу, 3) жоғалту, айырылып 
қалу» мағыналарын беретін етістік. Қазақ тілінде бұл сөзді тіркестер 
құрамында 
(дүние салу, салмастан кию) 
немесе ертедегі үлгілер 
тілінде қолданылған көненің көзі ретінде сақталған әлемент деп та-
бамыз.
САН
. Батырлар жырларында:
Он екі жасқа келгенде,
Он 
сан
қолға бас болдым, – 
деген жолдардағы 
сан
сөзі немесе Махамбеттегі:
Алты 
сан
алаш ат бөліп,
Тізгінін берсе қолыма, 
Заулар едім бір көшке...
Сол онымыз жүргенде,
Мың 
сан
әскер қол едік...
Сан
шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы – 
дегендеріндегі 
сан
сөзін бұл күндегі «есеп» мағынасындағы 
қолданысынан бөлек тану қажет. Өткен ғасырда қазақша-орысша 
сөздік түзген Н.И.Ильминский 
сан
сөзінің бір мағынасын «есепсіз 
көп сан» («большое, неопределенное, впрочем, число») деп көрсетеді. 
Бұл мәнде осы күні 
сансыз

сансыз көп
сөздері жұмсалады. Ал о ба-
ста 
сан
деген сөз «өте көп, мөлшерсіз көп» деген ұғымды білдірген. 
Жалпы өлең жолдарындағы 
сан
сөзі осы мағынада жұмсалып тұр. Ол 
он сан, алты сан, мың сан
деген тұрақты тіркестердегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет