Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


з  дыбысымен келетін кейбір  сөздер чуваш тілінде (және монғол тілдерінде)  р



Pdf көрінісі
бет96/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

з 
дыбысымен келетін кейбір 
сөздер чуваш тілінде (және монғол тілдерінде) 
р
-мен айтылатындығы 
– тіл ғылымында белгілі құбылыс. Мысалы, 
егіз
сөзі чувашша 
йекер


157
болып келеді. Қазақша қамырды «жаз (жай)» деген мағынада чуваш 
тілініде 
сар
сөзі келеді, сол сияқты 
өгіз 

өкур

аз ~ ар
сөздерінің 
қатарында 
сыз ~ сыр
сөздері тұрады. Демек, 
сыз
- сөзінің о бастағы 
бір мағынасы «жазу» болған (алғашқы түркі жазуларының өзі тасқа 
қашап, яғни сызып жазу болғандықтан, бәлкім, «жазу» ұғымы 
сызу
сөзімен айтылған болар).
Жазу
сөзінің және бір мағыналық реңкі бар, ол – 
жазмыш
сөзіндегі 
жазу
, яғни Алла тағаланың адамға белгілеп (жазып) қойған тағдыры, 
бұйрығы, көресіні. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген мәтелдің 
мағынасы «о бастан Алла тағала (Құдай) маңдайыңа (өмір жолыңа) 
нені белгілеп (жазып) қойса, одан қашып (озып) құтыла алмайсың» 
дегенді білдіретіні түсінікті. Сондықтан тілімізде 
Тәңірдің (Алланың) 
жазғаны
деген тіркес бар, бұны 
тағдырдың сызығы 
деп те алмасты-
рып айта береді. Мысалы, Шортанбай ақында (ХІХ ғ.):
Әуелде менің ғұмырым
Құдіреттің жазған 
сызықта. 
Халықтық жырларда: 
Мінген атым қызыл-ды, 
Іс тағдырға 
сызылды
(«Ақсауыт», І, 32). 
Абай да осы тіркесті 
тағдырдың сызығы
деп береді.
Жүректегі жазылмай
Тағдырдың
салдың 
сызығын

Демек, 
жазу
етістігінің бүгінгі нақты мағынасы – кәдімгі қағазға 
(не матаға, тасқа) таңбалар(әріптер) түсіріп жазу процесі. Ал екінші 
мағынасы – адамның тағдырында болуы тиіс (Алла тағаланың адам 
баласына алдын ала белгілеп, жазып, сызып қойған) тағдыры. Бұл 
екі мағынаның түптөркіні – біреу. Сондықтан да 
жазу-сызу
деп 
қосарланып та айтылады. 
Сөздің семантикалық қозғалысына келсек, бұл күнде қаламмен, 
қарындашпен, қысқасы, кез келген жазу құралымен қағазға не өзге 
заттардың бетіне әріптер, йероглифтер сияқты таңбалар түсіруде 
жазу
етістігін қолданамыз. Демек, бір кезде 
жазу
мағынасында 
қолданылған 
сызу
сөзінің қызметі біршама тарылып, таңба түсірудің 
бір ғана түрін атауға көшкен. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» 
сызу
сөзінің бұл көне мағынасы («жазу» мағынасы) көрсетілмеген.
Сызу
етістігінен жасалған 
сызық
сөзінің «жазмыш» («тағдырдың 
жазуы») мағынасын «Түсіндірме» сөздік «сызық сызу» мағынасынан 
туған 
сызық
есімімінің ауыспалы мағынасы деп анықтапты. Ал 
сызық
сөзін 
жазмыш
сөзінің синонимі ретінде пайдалану күні бүгінге 
дейін келеді. Мысалы, Мұхтар Шахановта : «Бәрімізге ортақ бір ғана 
тағдыр 
сызығы
бар-ды». 


158
Сызық
сөзінде және бір 
сема
(мағыналық реңк) бар, ол – «көңілдегі 
қайғы-қасірет». Мұны да ақын-жазушылар пайдаланғаны байқалады. 
Мысалы, Абайдан:
Жаралы көңлімнің
Жазылмай 
сызығы,
– деген өлең жолдарын оқимыз.
Қайткенде де 
сызу
сөзінің «сызу» -мен қатар «жазу» мағынасы 
да күні кешеге дейін қолданылып келгенін ауыз әдебиеті үлгілері 
тілінен көреміз. Келе-келе 
жазу-сызу
болып плеонастық құбылыс жа-
сап, яғни бір мағынадағы екі сөз қосарлана айтылып, бір сөз ретінде 
қолданылғаны да байқалады. Ал жеке-жеке келгенде, бұл екі сөз екі 
түрлі мағынаны беретін болып кейін қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет