159
бар, ол – «атты жақсы танитын, оған баға бере алатын адам, экс-
перт». Бұл мағынадағы қолданысын эпостар тілінен де таба аламыз.
Мысалы:
Хан Қореннің қолында
Бір
сыншысы
бар еді («Қыз Жібек»).
Тарихшылардың пікірінше, бұл сөз XV ғасырлардағы Дешті
Қыпшақта белгілі бір қызмет бабындағы адамды атайтын термин сөз
болған, яғни хан қасындағы сыншылар әскерді атпен жабдықтайтын
хан кеңесшілері немесе инспекторлар болған болу керек (Материалы...
496). Бұл сөзді өткен ғасыр сөздіктері де көрсетеді. Н. Ильминский:
сыншы
– «танушы, көріп байқаушы» деп береді (Ильминский, 159).
Бұл жердегі «танушы (исследователь)» дегені – ғылым зерттеуші
емес, атты танып-білуші, соны бағалаушы деген мәнде.
Достарыңызбен бөлісу: