Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет94/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

СҰРҚЫЛТАЙ
. Жетісуда Шыңғыс әулетінен төрелік еткен Тезек, 
төре тұқымының бірқатары сияқты, ақындыққа, өнерге бой ұрған 
адамның бірі болған. Оның Сүйінбаймен айтысында:
Тұсында Абылайдың Бұхар жырау
Хан Әділдің кезінде Түбек тұр-ау. 
«Әр заманның бар дейді 
сұрқылтайы
», 
Сұрқылтайым
менің де екен мынау, – 
дейді. Қазақта «әр ханның тұсында – бір 
сұрқылтай
» деген мәтел бар. 
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, оның көбін орыс тіліне аударып 
бастырған белгілі этнограф-фольклоршы – Шоқан Уәлихановпен 
Омск кадет корпусында қатар оқыған досы Г.Н.Потанин «Восточные 
мотивы в средневековом европейском эпосе» (М., 1899) деген 
еңбегінде 
гурулъдай
деген сөз монғолша «ханның кеңесшісі, ақыны» 
деп анықтайды. Қазақтар қолданған 
сұрқылтай
сөзінің мағынасы 
да «ханның кеңесшісі, ақылшысы, сөзін сөйлейтін ділмары, ақыны» 
дегенді білдіреді. Бұхар жырау – Абылай ханның ақылшы-кеңесшісі, 
сұрқылтайы болса, Тезек төренің айтуына қарағанда, Әділ ханның 
сұрқылтайы Түбек жырау болған. Зерттеуші М.Жолдасбековтің 
жазуына қарағанда, Тезек төре Сүйінбайды да, Бөлтірікті де 
ығына жығып, өзінің сұрқылтайы еткісі келген (М.Жолдасбеков, 
Асыл мұралар, 1990, 153). Мұны жоғарыдағы оның Сүйінбайға 
«
Сұрқылтайым
менің де екен мынау» дегені дәлелдей түседі.
Бұл сөздің түбірі монғолдың «1) оқыту, 2) бір нәрсеге үйрету, 
3) тәрбиелеу» мағыналарындағы 
сурга(х)
сөзі болу керек. 
Сургаал
сөзі 
«ілім» мағынасын, 
сургуулъ
сөзі «1) мектеп, училище, 2) оқу, үйрету, 
оқыту» дегенді білдіреді, ал -
тай
– монғол тілінде сын есім туды-
ратын жұрнақ. Сонда 
сургаалтай (сургултай)
қазақша 
сұрқылтай
«үйретуші (ақыл-кеңес беруші)» деген сөз болып шығады.
Сұрқылтай
сөзінің көне этнографизмдердің (белгілі бір халықтың 
материалдық, рухани мәдениеті мен тұрмыс-салтын танытатын 
сөздер) бірі екендігін оның қазіргі монғол тілі сөздіктеріне (мы-
салы, 1957 жылы Мәскеуде шыққан монғолша-орысша сөздікте) 
енбегендігі көрсетеді. Бұл сөз қазақ тілінде де мән-мағынасы мүлдем 
күңгірт тартып кеткендіктен, қазіргі жазушылардың бірқатары мұны 
жағымсыз адамды сипаттайтын сөз ретінде жұмсағандары байқалады. 
Мысалы, Қалихан Ысқақов «Тұйық» деген романында Қияқмұрт 
деп атаған кейіпкерін екінші кейіпкері Қажымұрат: «Ойпырай, бұл 
сұрқылтайдың
да жаны сірі екен, таңнан қара кешке дейін нәр татпай 
іздейтіні ілік», – деп сипаттайды (Қ. Ысқақов Тұйық. -1975. -192). 
Тіпті бұл сөзді сын есім (онда да жағымсыз сипатты білдіретін) 
ретінде жұмсаушылық та бар.


155
Бұл сирек кездесетін сөзді этнографизм ретінде сақтап, өз ма-
ғынасында ғана жұмсау – тілді танудың, оны сыйлаудың дәлелі 
болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет