156
Қазақ тілінде біреудің аулына жақын келіп қоныс тепкен адамның
сыбай
аталуында да өз руластарынсыз салт, дара (бір өзі) деген мән бар.
Қоңсы
да сондай: бұрын «
қоңсы
қону» деген тіркес өз аталастарынан
шығып, өзге атаның, өзге рудың адамын паналау дегенді білдірген.
Сыбай
сөзінің «бір өзі, қарақан басы» деген мағынасы Қобыланды
сынды аға-інісіз жалғыз бас батырға астындағы тұлпарының:
Ат қылып Тәңірім жаратты
Сен сықылды
сыбайға,
–
дегенінен де аңғарылады. Қазіргі әдеби тілімізде
сыбай
сөзі түсіндір-
ме сөздікке жүгінсек, «жақын, аралас-құралас» деген мағынада қолда-
нылады дейді, бірақ келтірілген мысалдар айтыс өлеңдер сияқты
халық ауыз әдебиетінен алынған. Демек, бұл мысалдардағы
сыбай
сөзінің беріп тұрған мағынасы жырларда қолданылған бұрынғы
мағынасынан алшақтамағанын көреміз. Қазірде бұл сөз жеке-дара
сирек қолданылады.
СЫЗУ
. Бұл сөздің мағынасы қазіргі қолданысымызда – «қарын-
дашпен не қаламман қағаз бетіне сызық жүргізу, чертеж салу» (ҚТТС,
VIII, 444). Ал жырларда бұл сөз «жазу» мағынасында қолданылады.
Мысалы, «Қарабек» жырында:
Мінезіңнен таба алмадым бұзығыңды,
Қаламменен хат таныған
сызығыңды,
–
деп келсе, «Қобыланды» жырында:
Мінген атым қызыл-ды,
Іс тағдырға
сызылды,
–
дейді. Мұндағы
тағдырға сызылды
тіркесі – «тағдырда солай жа-
зылды» деген мәнде. Қазақ сөздерінің ертелі-кешті сыр-сипатын өте
жақсы білген ғалым – Әлкей Марғұлан
сызу
сөзінің «жазу» мағынасын
тап басып, Шоқан жазбаларындағы «Манас» жырының қырғызша
тексін қазақшаға аударғанда орынды пайдаланған. Мысалы:
Алақандай ақ қағаз
Хат
сыздырып
алып кел («Көкетайдың ертегісі»).
Сыз
сөзі – түркі-монғолға ортақ сөз. Саха (якут) тілінде
суруй
–
«жазу» деген сөз, чувашша «жазу, сызу» дегенді
сыр-
дейді. Монғол
тілінде «сызу, сурет салу» деген мағынада
зура(х)
сөзі бар. Осы күнгі
сурет
(монғолша –
зурат
) деген есім сөздің де түбірі – осы
сур (сыр
).
Ал
сыр- (сур-)
сөзінің өзге түркі тілдеріндегі фонетикалық варианты –
сыз- (суз-).
Түркі тілдерінің көпшілігінде
Достарыңызбен бөлісу: