161
деген жолдар кездеседі. Бұл үзіктің соңғы жолындағы
талау
деп
жазылған сөз
тарлау
болуы керек, өйткені
тарла
сөзі түрік,
әзірбайжан тілдерінде «жыртылған егістік», ал татар тілінде
тарлау
«қайта жыртылған бос жер» деген мағыналарда келсе, қазақ тілінде
ақ
от
(жылқы жейтін өсімдік) және
қара от
(қой, түйе жейтін өсімдік)
аралас өскен шалғынды атайтынын Л.Будагов, Н.Ильминский
сөздіктері көрсетеді (Будагов, I, 331, Ильминский, 160). Демек,
тар-
лау
сөзі өткенде қазақ тілінде (мүмкін, қазақ даласының белгілі бір
өңірлерінде) мал жейтін шалғыны бар жерді білдірген.
Сірә, сусымалы («әлсіз»)
р
дыбысының түсіп қалуы – түркі тілдері
үшін жат құбылыс болмағандықтан, бұл сөздің
тарлау ~ талау
деп
те айтыла беруі әбден ықтимал (ол күнде жоғарыда келтірілген
Махамбет өлеңінің «талаудан татқан дәні бар» деп жазылғанын
қате деп те санауға болмайды). Қазақ тілінде бұл күнде
тарлау
сөзі «биіктеу болып шығатын шалғын шөп» дегенді білдіреді деп
түсіндіріліп жүр. Оның «ақ от пен қара от аралас өсетін, шалғын»
мағынасы не ұмыт болған, не жергілікті сөз ретінде сақталып қалған.
Диалектологиялық сөздік бұл сөзді Семей, Үржар, Жамбыл, Мерке,
Шу өңірлерінде «биіктеу болып өсетін шөптің бір түрі» деп тіркеген
(Диал. сөздік, 318).
Достарыңызбен бөлісу: