ТҰЛА БОЙЫ.
Бұл тіркестің жалпы мағынасы түсінікті: оны
сөздіктер «бүкіл дене, он екі мүшесі түгелімен» деп түсіндіреді
(ҚТТС, т. 9. 269-бет). Мұндағы бой сөзі де түсінікті, ал
тұла
деген
немене? Ол жеке тұрып қолданылмайды. Іздестірсек,
тул
– парсы
тілінде «ұзындық, ұзындық аралығында» деген мағынаны беретін сөз
екен. Қазіргі қазақ тіліндегі
тұла бой
дегеніміз – адам денесінің ұзын
(бүкіл) бойы, яғни бүкіл денесі деген тіркес болып шығады. Өте ер-
теде қалыптасқан мұндай екі тілдік сөздердің тіркесі қазақ тілінде аз
кездеспейді. Мысалы, ұзақ қарға деген құс атауы да – «қарға + қарға»
деген сөз:
зағ
парсы тілінде «қарға» (ол парсы тіліне түркі тілдерінен
ауысқан сөз болуы мүмкін, ол күнде түркі тілдерінде
ұзақ
сөзі жеке
тұрып та
қарға
деген құс атауын білдірген сөз болуы керек). Және бір
мысал:
шарбы май
тіркесі. Бұл да – парсы-түркі сөздерінің қатарласа
қолданылған
май+май
сөздері, өйткені
чәрб
– парсыша «май».
ТҰРАЛАП ҚАЛУ.
Монғол тілінде
тура-
етістігі «арықтау» де-
ген мағынаны береді. Саха (якут) тілінде
туор,
хақас тілінде
торо
– «аш, арық» ұғымын білдіретін сөздер. Бұлардың түбірі көне түркі-
монғолдың
тура-
етістігі болса керек. Қазақ, қырғыз тілдерінде
көптеген сөздер зат есім ретінде танылып, оған етістік тудыратын
-ла
жұрнағы жалғанғаны мәлім (Юнусалиев, 52). Демек,
тұрала-
–
«арықтау» мағынасын беретін сөз. Бұл ұядан
арық-тұрық
деген қос
сөздің екінші сыңары да шыққан:
тұрық – арық
сөзінің көне вари-
анты.
ТҮЛЕЙ.
Бұл сөз қазақ тілінде көбінесе
түлкі жортпас түлей,
түлейден қашқан түлкі
деген сияқты тіркестерде кездеседі.
Түлей
сөзін түсіндірме сөздікте де, фразеологиялық сөздікте де «қалың, ну»
(екі томдық ҚТТС, II, 293), «қалың ну орман» (Кеңесбаев, 526) деп
анықтайды (он томдық толық түсіндірме сөздік бұл сөзді мүлде бер-
173
меген). К.К.Юдахин қырғыз тіліндегі
түлей
(«түлкү жүрбөс
түлей
жол») сөзін «саңырау, мылқау» мағынасындағы
дүлей
сөзімен бір деп
табады да, жоғарғы мысалдағы
түлей
жол
дегенді «глухая дорога»
(жым-жырт жол) деп аударады.
Түлей мен
дүлей
(дүлей күш, дүлей адам дегендердегі)
сөздері
бір тұлғаның − фонетикалық екі варианты ма, жоқ, екі басқа сөздер
ме, оны этимологтердің үлесіне қалдыра тұрып,
түлей
сөзінің
мағынасына контекске қарай үңілсек, ол «қалың (шөп, бұта, орман,
қамыс т. б.), ну орман» дегеннен гөрі, «жапан түз, жалпақ дала» де-
генге жуық келеді. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырында:
Қарсақ жортпас қалыңнан
Қарғып кетіп барады.
Түлкі жортпас түлейден,
Адыр-адыр белдерден
Шапқанда шаңы бұрқырап,
Жұлдыздай болып ағады, –
деген жолдарға қарағанда,
түлей
сөзі «ну орман» дегеннен гөрі
«жалпақ дала, ұшы-қиырсыз қашықтық» дегенді білдіретін сияқты,
өйткені жұлдыздай ағу үшін ну жынысты орман емес, адыр-адыр
белдері бар ен дала, үлкен кеңістік керек. Әрине, бұл тіркестер об-
раз ретінде қолданылған, сондықтан тіркес компоненттерінің жеке
тұрғандағы мағынасының өзгермей келуі шарт та болмас, дегенмен
образ жасайтын тіркестердің мағынасы шындықтан туатындығын
ескермеске және болмайды. Сол сияқты «Қамбар» жырында:
Түлейден қашқан түлкіңді
Ұстайын қуып ендетіп, –
дейді. Мұндағы
ендетіп
қуу деген тіркес «көсіліп, түлкі жолын кеу-
леп» деген мағына беретінін ескерсек,
түлкі қашатын түлей
– орман
емес, ашық жер, жалпақ дала.
Сірә, біздіңше,
түлкі жортпас түлей
дегеңдегі
түлей
сөзі осы
соңғы мағынаны білдіреді, «түлкі жүрмейтін жапан түз» деген
ұғымды беретін тәрізді. Жоғарыдағы мысалда да
қарсақ жортпас
қалың
– «орманды, шөпті дегендей жынысты жер» болса,
түлкі
жортпас түлей
– керісінше, «ашық дала», яғни бұл жердегі образ
қарама-қайшы параллельдерге құрылған.
Қырғыз тілінде
түлей
сөзінің түлей жол тәрізді тіркесте келетіні
де осы мағынаны («жапан түз, ашық дала» дегеннен шыққан «ұшы-
қиырсыз даладағы ұзаққа кеткен жол») білдіретін сияқты, өйткені
жолдың үстінде ну жыныс, орман өспейді ғой. Қазақ жазушыларын-
да
қу түлейде жорту
деген тіркес те кездеседі, мұнда да тіркес «қу
дала, ен дала, жапан түз» дегенге меңзейді.
174
Достарыңызбен бөлісу: |