171
бас би» деген түсініктеме береді де оны көне сөз деп көрсетеді. Мұнда
«басты би» дегізіп отырған –
төбе
сөзінің «бір нәрсенің ең жоғарғы
жағы, басы» деген ұғымы болса керек. Төбе билердің феодалдық қазақ
қоғамында атқарған қызметі мен алған орны жағынан бұл түсінік
дұрыс сияқты көрінуі мүмкін. Ал, шындығында,
төбе
сөзінің, сірә,
«бас, басшы» деген ұғымға қатысы жоқ болар. Ол монғол тіліндегі
төв
сөзімен іліктес деп табамыз.
Көп мағыналы
төв
(түркіше
төбе
дегенге сай келетін тұлға)
сөзінің монғол тіліндегі бір мағынасы «тура сөзді, адал адам» дегенді
білдіреді. Демек,
төбе би
– «әділ би, билікті тура шешетін би» де-
ген күрделі атау (термин) болып шығады. Әрине,
бұл сөздің осы
мағынасы о баста түркі-монғол тілдеріне ортақ болған болу керек,
сондықтан оны қазақ тілі үшін кірме сөз деп қарауға болмайды, оны
тіркес құрамында тұрып, ертедегі
көне мағынасын сақтаған төл
сөздердің бірі деп танимыз. Көне мағынасы тек тіркес құрамында
сақталған, «консервіленген» сөздер бүгінгі сөздік қазынамызда аз
емес.
Достарыңызбен бөлісу: