Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет86/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

й
дыбысының қазақ тілінде 
ж
болып келетіні белгілі). Көне 
йа
– жақ, 
йа
кур
- – «жай тарту, жақ ату», 
йа қурғучы 
– «жайшы, жақ атушы» 
(ДС, 221). Қару атауының бұл көне түрі қазақша 
бұхаржа, сары-
жа
сөздерінде сақталған, осы сөздер келе-келе «жаңашаланып» 
бұхаржай, саржай
, одан барып 
саржан
түріне де көшкені және 
байқалады:
Бұлғары садақ, 
бұхаржай

Бұлғай тартты Ер Қосай,
«Ер Қосай» жырының келесі бір жерінде:
Алты атқа алған адырна, 
Он атқа алған 
бұхаржа,
– 


141
болып айтылады. Бір жырдың өзінде бірде 
бұхаржай
, бірде 
бұхар- 
жа
болып қолданылуы ұйқас шартына байланысты болып отыр: 
бұхаржай
сөзін (тұлғасын) 
Ер Қосай
сөзіне ұйқастыру үшін, ал 
бұхаржаны
адырнаға
ұйқастыру үшін алып отыр. «Ер Тарғын» 
жырындағы Ақжүніс сұлуды жыршы:
Қасы 
сарыжадай
керілген, 
Кірпігі оқтай тізілген, – 
деп суреттесе, «Қыз Жібек» жырында 
сарыжа
тұлғасы 
саржан
бо-
лып кетеді:
Саржанның
кірісі 
Тартуға келмей үзілді.
Сарыжа
дегенді өткен ғасыр лексикографы Л.Будагов былай-
ша анықтайды: «Қазақша 
сарыжа,
шағатайша 
сары йай
– сүйекпен 
әшекейленген, сарыға боялған жақ» (Будагов, I, 686). Ал 
бұхаржа
деп 
Орта Азия (Бұхар өңірі) үлгісінде жасалған немесе сол жақтан келген 
жақты атаса керек.
Сөйтіп, кермесіне (кірісіне, адырнасына) оқ (жебе) тіреп, тар-
тып ататын ағаштан жасалған (будырған) көне қару атауы XV-
XIX ғасырлардағы қазақ тілінде 
садақ, жақ, жай, жа
деп аталған 
(соңғысы біріккен сөз құрамында ғана). Демек, әр тілдегі сөздердің 
семантикалық (мағыналық) даму заңдарына қарай, о бастағы бір сөз, 
мысалы, 
садақ
сөзі бір тілде қарудың өзін, екінші бір тілдерде тек 
оның қабын, үшінші бір тілдерде қарудың өзін, жабдығын, сауытын 
(қабын) қоса алғандағы жалпы атауын білдіретін болып қалыптасқан. 
Қазақ тіліндегі 
садақ
сөзі – осы үш мағынаның үшеуіне де ие болып 
қолданылып келген сөз.
Осы сөзді түбегейлі әрі қисынды талдаған ғалым – Ә.Қайдаров-
тың пікірі орынды. Зерттеуші бұл сөздің түптөркіні түркі-монғол 
тілдеріне ортақ 
саа 
тұлғасы деп табады да, оның 
йә/йаа/жаа/чаа/һаа/
йей/жай/сай/чай/ жақ/сақ/чах/жайа/саға/даға
т.б. деген құбылмалы 
фонетикалық варианттары бар екенін көрсетеді (Қайдаров, 28-29).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет