139
түбірі –
сақ
-. Көне түркі тілдерінде
сақ
- етістігі «ойлау, толғану, түю»
дегенді білдіреді, ал осы түбірден жасалған
сақын
- етістігінің бір
мағынасы «ойлау, есептеу» болған (ДС, 486). Бұл тұлғаның «ойлау,
ойлану, ниеттену» мағынасы ертеректегі қазақ тілінде де жұмсалға-
нын жоғарыдағы Бұхар толғауы танытады.
Жаулық сағыну
тіркесі,
осы күнгі тілімізше айтсақ,
жаулық ойлау
дегенді білдіреді.
Сақын
- етістігінің мағынасы – «сақтану». Көне, орта ғасырлардағы
түркі тілдерінде «сақтану, қорғану» мағынасында қолданылған
сақын
- тұлғасы ертеректегі қазақ тілінде де орын алған. Оған Шал-
киізде кездесетін:
Алп, алп, ал
сақын
,
Аңдып жүрген дұшпаннан
жүз сақын
.
Күле кіріп, күңіреніп
Шыққан достан мың
сақын,
–
деген жолдар мысал бола алады. Махамбет ақынның:
Мен тауда ойнаған қарт марал
Табаным тасқа тиер деп
Сақсынып
шыққан қияға, –
деген жолдарындағы
сақсыну
сөзінің түбірі де
сақын
- болуы мүмкін.
«Қорғану, сақтану» мәніндегі
сақыну
тұлғасы «күні кешегі» Махамбет
заманындағы қазақ тілінде қолданыстан шығып қалып, ұмыт бола
бастағандықтан,
сақсыну
деп өзгеріп айтылуы әбден ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: