151
дәрежесіндегі ескі атау қазақтың ертедегі жазба тілінде, оның ішінде
ХVІ ғасырда тарақ таңбалы жалайыр тайпасынан шыққан Қадырғали
бидің кейін «Жами` ат-тауарих» деген атқа ие болған атақты
жылнамасының біраз жерінен ұшыратамыз: «Барис Федарауич
…Ораз Мухаммедке Кермен шаһарын
соһурғал
қылыб берді».
«…
Соһурғал
қылыб, йарлықауың теңізге охшар» (Р.Сыздықова,
М.Қойгелдиев Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар
жинағы, 242 және 125-бетте). Бұл мысалдардағы
соһурғал
(кей жер-
де
сойурғал
деп жазылған) сөзі «тарту» дегенді білдіреді. Ол тарту
– тұрмыстық тарту-таралғы емес, орта ғасырдағы хан, бек, патша
сияқты әміршілердің әскери және мемлекеттік қызметі үшін өз адам-
дарына сыйға бөліп берген жер үлесі. Борис Годунов саяси мақсатта
бірнеше жыл қолында ұстаған қазақ ханзадасы – Оразмұхаммедке
алдымен Мәскеу түбінен поместье, кейін өзіне әскери жорықтарға
қатысып, үлкен еңбек еткені үшін «Қасым хандығы» деп аталатын
кішігірім жері бар хандықты (Орталық Ресейдегі хандықты) тарту
етеді, бұл хандықтың бас қаласы «Кермен шаһары» деп аталатын еді.
Қадырғали би тарихшы осы хандықты сойурғал етіп берді деп отыр.
Тарихшы бабамыз бұл еңбегінде Шыңғыс ханның да өз бектеріне
жасаған сойурғалдығы туралы да айтып отырған.
Сойурғал/суйурғал
сөзінің соңындағы
л
дыбысы қатысып та, түсіп
қалып та қолданылғаны байқалады, мысалы осы мәтінде
сойурғамыш
қылды
деген де тұлға бар, бұл жердегі
Достарыңызбен бөлісу: