165
луы керек (ескі өлең-жырларды, тіпті ұлы Абайдың мұрасын араб гра-
фикасымен жазылған нұсқалардан латын және қазіргі кириллицаға
көшірген (транскрипциялаған) кезде орасан көп жаңсақтық, яғни
қате жазу орын алғаны мәлім және мұның салқыны күні бүгінге
дейін тиіп келе жатыр. Сөйтіп, бұл жолдардағы
телі
сөзі «еркін,
алаңсыз» деген мағынадағы үстеу (кейде сын есім болуы да мүмкін)
болып танылады. Және бір көңіл аударатын жайт –
телі
сөзі есім не
үстеу ретінде «Түсіндірме сөздікте» тіркелмеген, тек малға қатысты
телу
етістігінің түбірі ретінде
телі
тұлғасы ғана берілген. Демек, бұл
күнде
телі
сөзінің үстеу не есім болып қолданысы мүлде ығысып
кеткен деуге болады.
Сонымен, «телі өскен көңілді тентек ету» деген бейнелі фразео-
логизм – «содыр, есер, есерсоқ» деген мәнде емес, «еркін, алаңсыз
көңіліңді бұзып, елеңдеткен (тентек еткен)» қылық (жырда бұл
– Қозыға: «Баян деген атастырған қалыңдығың бар еді, сені жетім
деп, қызын бермеу үшін Қарабай көшіп кетті» дегенді білдірген
ситуацияға қатысты жырланған тұстары). Сөйтіп, алдымен,
телі
сөзі де бұрынырақ қазақ тілінде жеке қолданылған үстеу не есім сөз
болған, екіншіден, оның мағынасы бұл күнгідей «сотқар, бұзақы,
ақымақ, есалаң, есерсоқ» дегеннен гөрі, «еркін, алаңсыз» дегенді
білдірген. Оның қазіргі мағынасы, тіпті
тентек бала
дегендегі мүлде
тарылған семантикасы – соңғы кезеңдердің жемісі.
Телі
сөзінің
ертеректегі мағынасы бірте-бірте ығысып, келе-келе «ақымақ»,
тіпті жай ақымақ емес, «бұзақы, тәртіпсіз, есерсоқ, сотқар» деген
семалық реңкі күшейіп,
телі
сөзі
тентек
сөзімен қосақталған (қос
сөз компоненті болған) тұлғада немесе мақал-мәтелдерде, фразео-
логизм құрамында (
телі
өскен
) сақталған деп түйеміз. Бұл – сөздің
семантикалық қозғалысының жақсы бір мысалы.
Достарыңызбен бөлісу: