158
Сызық
сөзінде және бір
сема
(мағыналық реңк) бар, ол – «көңілдегі
қайғы-қасірет». Мұны да ақын-жазушылар пайдаланғаны байқалады.
Мысалы, Абайдан:
Жаралы көңлімнің
Жазылмай
сызығы,
– деген өлең жолдарын оқимыз.
Қайткенде де
сызу
сөзінің «сызу» -мен қатар «жазу» мағынасы
да күні кешеге дейін қолданылып келгенін ауыз әдебиеті үлгілері
тілінен көреміз. Келе-келе
жазу-сызу
болып плеонастық құбылыс жа-
сап, яғни бір мағынадағы екі сөз қосарлана айтылып, бір сөз ретінде
қолданылғаны да байқалады. Ал жеке-жеке келгенде, бұл екі сөз екі
түрлі мағынаны беретін болып кейін қалыптасқан.
Достарыңызбен бөлісу: