Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет95/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

СҰРЫ ҚАШУ
. Түсіндірме сөздікте 
сұр
сөзінің бір мағынасы 
деп «сиық, түр, түс» деген көрсетіледі де 
сұры қашты
тіркесі «өңі 
қашты, түсі бұзылды» деп түсіндіріледі. Ал түптамырын қуаласақ, 
сұр (сүр)
сөзі монғол тілінде «қорқыныш, үрей» және «күш, айбар» 
дегендерді білдіреді. Монғол тілімен ілік-шатысы молдау Сібір 
түркілері (саха, хақас) тілдерінде 
сұр

сүрээ
сөздерінің мағынасы 
жоғарғы көрсетілгендей. Демек, 
сұры қашу
– «айбарынан айырылу, 
яғни үрейлену, қорқу» деген сөз екен.
Сұр(сүр
) сөзі де – түркі-монғол тілдеріне ортақ көне тұлғалардың 
бірі болу керек. Қазақ тілінде о бастағы немесе өзге түркі тілдері мен 
монғол, бурят тілдеріндегі мағынасы біраз құбылып, әуелі «кісінің 
айбарлы өңі, мықты боп көрінген сиқы» дегенді, одан кейін де тары-
лып, жалпы «өң, түс, сиық» дегенді білдірсе керек. Сөз мағынасының 
не кеңейіп, не тарылып, өзгеруі – тіл эволюциясының заңдылығы.
СЫБАЙ
. Бұл сөз әдетте 
сыбай-салтаң
деген қос сөз құрамында 
айтылады. Ілгеріректе 
сыбай
сөзінің жеке тұрып, белгілі бір мағынаны 
білдіргенін байқаймыз. Мысалы, «Қобыланды» жырында:
Көп қайырың тиеді 
Еліңде қоңсы, 
сыбайға,
– 
деп келеді. Өткен ғасырда құрастырылған Н.И.Ильминскийдің 
сөздігінде: «
сыбай
– живущий близ чьего аула» (бір ауылға іргелес, 
қонсы қонған адам) деген аударманы береді (Ильминский, 158). 
Сонда 
сыбай
сөзі 
қоңсы
сөзінің синонимі іспеттес болып келеді. Оны 
жоғарыдағы мысалда қатар қолданылғаны да дәлелдейді.
Сыбай/субай
сөзінің екінші мағынасы және бар. Л. Будагов 
субай
сөзі шағатай тілінде «бір өзі, жеке жүрген салт атты» деп 
көрсетеді (Будагов, II, 404). Ал жалпы 
сыбай
сөзінің «салт, бір өзі, 
қарақан басы» («яғни баласыз, мүліксіз, туыстарсыз» деген сияқты) 
үғымы бары сезіледі. Қырғыз тілінде бұл сөз 
субай
тұлғасында және 
қолданылып, малға қатысты айтылса, «төлсіз» дегенді (
субай
жылқы 
– «ішінде төлдері жоқ жылқы үйірі»), ал адам жайында айтылса, жал-
пы «баласыз әйел» немесе «бала-шағасын ертпей шыққан (бір жерге 
келген не кеткен) әйел» деген ұғымда жұмсалады: 
субай
барамыз
де-
ген сөз – бала-шағасыз және артық жүксіз бір жерге кеткен не барған 
ересектердің айтатын сөзі.


156
Қазақ тілінде біреудің аулына жақын келіп қоныс тепкен адамның 
сыбай
аталуында да өз руластарынсыз салт, дара (бір өзі) деген мән бар. 
Қоңсы 
да сондай: бұрын «
қоңсы
қону» деген тіркес өз аталастарынан 
шығып, өзге атаның, өзге рудың адамын паналау дегенді білдірген. 
Сыбай
сөзінің «бір өзі, қарақан басы» деген мағынасы Қобыланды 
сынды аға-інісіз жалғыз бас батырға астындағы тұлпарының:
Ат қылып Тәңірім жаратты 
Сен сықылды 
сыбайға,
– 
дегенінен де аңғарылады. Қазіргі әдеби тілімізде 
сыбай
сөзі түсіндір-
ме сөздікке жүгінсек, «жақын, аралас-құралас» деген мағынада қолда-
нылады дейді, бірақ келтірілген мысалдар айтыс өлеңдер сияқты 
халық ауыз әдебиетінен алынған. Демек, бұл мысалдардағы 
сыбай
сөзінің беріп тұрған мағынасы жырларда қолданылған бұрынғы 
мағынасынан алшақтамағанын көреміз. Қазірде бұл сөз жеке-дара 
сирек қолданылады.
СЫЗУ
. Бұл сөздің мағынасы қазіргі қолданысымызда – «қарын-
дашпен не қаламман қағаз бетіне сызық жүргізу, чертеж салу» (ҚТТС, 
VIII, 444). Ал жырларда бұл сөз «жазу» мағынасында қолданылады. 
Мысалы, «Қарабек» жырында:
Мінезіңнен таба алмадым бұзығыңды, 
Қаламменен хат таныған 
сызығыңды,
– 
деп келсе, «Қобыланды» жырында:
Мінген атым қызыл-ды, 
Іс тағдырға 
сызылды,
– 
дейді. Мұндағы 
тағдырға сызылды
тіркесі – «тағдырда солай жа-
зылды» деген мәнде. Қазақ сөздерінің ертелі-кешті сыр-сипатын өте 
жақсы білген ғалым – Әлкей Марғұлан 
сызу
сөзінің «жазу» мағынасын 
тап басып, Шоқан жазбаларындағы «Манас» жырының қырғызша 
тексін қазақшаға аударғанда орынды пайдаланған. Мысалы:
Алақандай ақ қағаз
Хат 
сыздырып
алып кел («Көкетайдың ертегісі»).
Сыз
сөзі – түркі-монғолға ортақ сөз. Саха (якут) тілінде 
суруй
– 
«жазу» деген сөз, чувашша «жазу, сызу» дегенді 
сыр-
дейді. Монғол 
тілінде «сызу, сурет салу» деген мағынада 
зура(х)
сөзі бар. Осы күнгі 
сурет
(монғолша – 
зурат
) деген есім сөздің де түбірі – осы 
сур (сыр
). 
Ал 
сыр- (сур-)
сөзінің өзге түркі тілдеріндегі фонетикалық варианты – 
сыз- (суз-).
Түркі тілдерінің көпшілігінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет