Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет97/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

СЫМАРЫШ ЕТУ.
Шалкиіздің Би Темірге айтқан сөзінде:
Бұ халқыңды кімге 
сымарыш
етерсің? – 
деген жолдар бар. Мұндағы 
сымарыш
сөзі 
асмарла
- сөзімен түбірлес 
болар. Ал 
асмарла
- етістігі орта ғасыр түркі екерткіштерінің бірі – 
«Аттухфат уз закияту фил-луғат ит-түркийа»-ның тексінде «өсиет 
ету» деген мағынада қолданылған сөз деп көрсетілген. Орта 
ғасырлардары түркі тілдерінде 
асмар/сымар(ыш)
сөзі «өсиет» 
мағынасында қолданылып, одан жасалған 
асмарла
-, 
сымарыш
ет

етістіктерінің де болғаны байқалады. Бұл етістіктердің мағынасы – 
«өсиет етіп қалдыру, тапсыру». Демек, Құдайдың үйіне кетіп бара 
жатқан әміршісі – Би Темірге жырау: «Артыңда халқың қалып бара 
жатыр, оны кімге тапсырасың, өсиет етесің?» – деп тұрған сияқты.
СЫНТАС
. Көне түркі тілдерінде 
сын
сөзінің бір мағынасы «кеу-
де, дене, мүсін» дегенді білдірсе, екінші мағынасы – «мола» болған 
(ДС, 503). Демек, 
сынтас
дегенді екі түрлі түсіндіруге болады: бірі 
– «адамның мүсінін, көбінесе кеудесін бейнелейтін тас», екіншісі – 
«моланың басына қойылатын тас». Бұл екі мағына бір-бірімен іліктес. 
О баста 
сынтас
«адам мүсінін бейнелейтін тас» дегенді білдіре келе, 
мұндай тастарды моланың басына да қоятын болғандықтан, 
сын
сөзі 
«мола» ұғымын да беріп кеткен болу керек.
Қайткен күнде де 
сын
– көне түркі сөзі. Бұл күнде 
сын
сөзі өзінің 
көне мағынасында жеке тұрып қолданылмайды, тек тіркес құрамында 
сақталған.
СЫНШЫ
. Қазіргі тілімізде бұл сөздің мағынасы айқын: ол – «бір 
нәрсені (көбінесе жазылғанды) танып-біліп, сынап пікір айтушы 
адам». 
Сыншы
сөзінің қазақ, қырғыз тілдерінде және бір мағынасы 


159
бар, ол – «атты жақсы танитын, оған баға бере алатын адам, экс-
перт». Бұл мағынадағы қолданысын эпостар тілінен де таба аламыз. 
Мысалы:
Хан Қореннің қолында
Бір 
сыншысы
бар еді («Қыз Жібек»).
Тарихшылардың пікірінше, бұл сөз XV ғасырлардағы Дешті 
Қыпшақта белгілі бір қызмет бабындағы адамды атайтын термин сөз 
болған, яғни хан қасындағы сыншылар әскерді атпен жабдықтайтын 
хан кеңесшілері немесе инспекторлар болған болу керек (Материалы... 
496). Бұл сөзді өткен ғасыр сөздіктері де көрсетеді. Н. Ильминский: 
сыншы
– «танушы, көріп байқаушы» деп береді (Ильминский, 159). 
Бұл жердегі «танушы (исследователь)» дегені – ғылым зерттеуші 
емес, атты танып-білуші, соны бағалаушы деген мәнде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет