Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет99/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ТАРПАН/ТАРПАҢ
. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:
Тарпаңды
асауменен бір қоймайды, – 
десе, Махамбет ақын:
Тарпаңдай
тізесін бүгіп от жеген,
Тағыдай таңдап су ішкен 
Тағы сынды жан едік, – 
дейді. 
Тарпан (тарпаң)
сөзі – В.В.Радловтың көрсетуінше, қазақ 
тілінде жабайы жылқының атауы. Мамандардың айтуына қарағанда, 
құлан – Азия жерінің жабайы жылқысы болса, тарпаң – Еуропа 
жерінің жабайы жылқысы. Ата-бабалары Оңтүстік орыс ойпатының 
біраз жерін, Каспий теңізінің солтүстігін (демек, Еуропа топырағын 
да) жайлаған қазақтар үшін 
тарпан
жат болмаған, оны қазақтар 
жақсы білген. Азиядағы тектесі – 
құлан
сөзін поэтикалық образ 
жасауға пайдаланғаны сияқты, 
тарпаң
-ды да ешкімге бағынбайтын 
еркіндіктің символы ретінде поэтизмге айналдырған деп табамыз.
ТАС
. Бұл сөз зат есім ретінде қолданылуынан басқа етістік, 
сын есім, үстеу сияқты сөздердің алдында келіп, заттық ұғымда 
емес, үстеулік мәнде қолданылады: 
тас керең, тас жетім, тас 


162
түйін, тас қараңғы, тас қып байлау, тас табандау, тас төбе 
т.б.
 
Бұл тіркестердегі 
тас
сөзінің 
тау-тас, тас көмір
дегендердегі 
тас
сөзіне қатысы жоқ. 
Тас
сөзі монғол тілінде «мүлдем, әбден, мықты» 
деген мағынаны білдіреді. Жоғарғы келтірілген тіркестердегі 
тас
осы ұғымда қолданылған. Демек, бұл да бір кезеңдерде түркі-монғол 
тілдеріне ортақ сөз болғанға ұқсайды. Қазақ тілінде өзге сөздермен 
еркін тіркесу қабілетінен айырылған бұл көне сөз тек белгілі тіркес 
құрамында тұрып қолданылу құқығын сақтап қалған.
ТАУАП ЕТУ, ТАУАП ҚЫЛУ
. «Алпамыс батыр» жырында:
Болды 
тауап қылғандай

Ниет қылып қағбаны, – 
деген жолдар бар. Бұндағы 
тауап қылу (ету)
тіркесін Шалкиіз жырау-
дан да табамыз:
Ниет еттің Тәңірінің үйі кебеге, 
Ниет етсең жетерсің, 
Жетсең 
тауап етерсің.
Тауап ету (қылу
) тіркесі көбінесе 
қағбаны тауап ету
түрінде 
кездеседі. Қағба (арабша Қа`аба) – Меккедегі храмның аты, мұның 
бір қабырғасына атақты аспанға ілініп тұрған қара тас қойылған
Меккеге барушылардың барлығы осы тасқа қолдарын тигізбей 
кетпейтін болған. Мұндағы 
тауап
сөзінің, біздің байқауымызша, 
төменде талданатын 
тәу (тәу ету)
сөзіне қатысы жоқ. 
Тауап
– 
арабтың 
тауаф
«бір нәрсені айналу» деген сөзі. Түрікше де 
тауаф 
ету (қылу)
«бір нәрсені, оның ішінде қасиетті жерді айналып жүру» 
дегенді білдіреді. 
Қағбаны тауап ету
– храмды айналып жүрудің, 
яғни Меккеге барғандықтың белгісі.
Бірақ 
тауап ету
тіркесінің 
тәу ету
дегенге сыртқы тұлғасы 
жағынан ұқсастығы мен мағынасы жағынан жақындығы (яғни «бір 
нәрсені қасиеттеу» ұғымы) оны 
тәу ету 
деген сияқты «бас ию» 
мәнінде жұмсауға себепкер болғанға ұқсайды. Мысалы, XIX ғасырда 
жасап өткен Нұрым жырау Шыршағұлұлының «Әтембетке айтқаны» 
деген толғауында:
Сондықтан сізге келгенім,
Қағбаға тауап еткендей

Иіліп сәлем бергенім, – 
дейді. Мұнда жырау 
тауап ету
дегенді бас ию, иіліп сәлем берумен 
шеңдестіреді.
ТӘУ ЕТУ
. «Алпамыс батыр» жырында Байбөрі байдың қуаны-
шын:


163
Тілекті Алла берді деп,
Бабаларым келді деп,
Тәу етті
барып айналып, – 
деп суреттейді. Мұндағы 
тәу етті
тіркесі өзге жырларда да кездеседі. 
Мағынасы – «бас иді, тағзым етті». Бұл тіркес о баста ислам дінін 
қабылдағанға дейінгі салттық-нанымдық рәсімге байланысты пай-
да болған тәрізді. Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: «Халықтың 
бірден-бір [күнкөріс] көзі болып саналатын мал атаулыны адамдар әр 
түрде қастерлейтін болған: малдың сүйегін басуға болмайды, егер сүт 
төгілсе, қазақтар оның кесірі тимесін деп, төгілген жерді әбден тазар-
тып, тәу етеді. Желіден аттағанда да, оның киесі бар деп санап, оған 
тәу етеді», ол үшін оң қолын маңдайына, иегіне, оң иығына, одан соң 
сол иығына тигізеді» (Валиханов, I, 114).
Демек, 
тәу ету
– о баста малдың киесін сыйлау үшін, яғни оның 
кесірінен сақтану үшін жасалатын нақтылы рәсімнің атауы болған. 
Тәу ету
тіркесі, сірә, малдан өзге де «киелілерге» (мысалы, айға) бас 
июді білдірген. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» 
пьесасында екі-үш жерде 
ай
көргендей тәу еткен
деген сияқты об-
разды қолданады. 
Тәу ету
нақты бір нәрсеге (малға, айға) бас июде 
айтылады. Ал Тәңірі, Құдай (Алла) сияқты абстракт (дерексіз) 
ұғымдарға қазақтар тәу етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет