ТОҒАНАҚТАУ
. «Айман-Шолпан» жырында:
Саба жетер жер емес, жері шалғай,
Әкелді қант пен шайын
тоғанақтап
...
Саба жетер жер емес, жері шалғай,
Шай артқан
тоғанақтап
тоғыз нарға, –
деген өлең жолдары бар.
Тоғанақ
сөзін Л.Будагов «арқанның бір
ұшына тағылған ағаш шығыршық (кольцо)» деп түсіндіреді. (Будагов,
I, 398). Соған қарағанда,
тоғанақта
- етістігі «жүкті шығыршығы
бар арқанмен буу» дегенді білдіретін сияқты. Тоғанақтап буылған
жүктің өзін
тоғанақ
деп атау да байқалады (
тоғанақ
– «үлкен етіп
буылған жүк, тай»).
Тоғанақ
сөзінің буылған жүкке қатысы бар сөз
166
екенін Доспамбет жыраудың:
Тоғынды сарты нар жегіп
деген өлең
жолынан да көруге болар. Бұл жердегі
тоғынды
сөзі «
тоғанақтап
буылған жүк артатын нар» деген мәндегі қолданыс болуы ықтимал.
ТОЛАҒАЙ
. Махамбеттің атақты «Ереуіл атқа ер салмай» деген
өлеңіндегі:
Темір қазық жастанбай,
Қу
толағай
бастанбай, –
деген тармақтарда кездесетін
толағай
сөзі ақын жинақтарында да,
мектеп оқулықтарында да «бас» деп түсіндіріліп жүр. Бұл – біршама
дұрыс түсінік.
Толағай
– таза түркі (қазақ) сөзі емес, ол – не түркі-
монғол тілдеріне ортақ, не тек монғол тілдеріне тән сөз. Қалмақ
тілінде
толһо
– «бас», монғол тілінде
толгой
– «1) бас, 2) басшы,
бастық, ие, 3) бастаушы, 4) бір нәрсенің басы (мысалы, таудың), 5) бір
бөлік, бір дана». Осы сөзден «басшы болу, басқару, жетекшілік ету»
мағынасын беретін
толгойло(х) (толағайлау)
деген етістік жасалған.
Ал қазақ тілінде бұл сөз
қу
толағай
тіркесі түрінде жұмсалғанда,
біздің байқауымызша, тек «бас» деген ұғымды емес, «тақыр бас,
жалаңаш бас» дегенді білдіреді. Бұл образды тіркесті Махамбеттен
өзге үлгілерден, мысалы, батырлар жырларынан да таптық. «Ер
Қосай» жырында Қосайдың сары аты жауды барлап келуге баланы
айдалаға жаяу тастап кеткенде, ол:
Ер-тоқымын жастанып:
Қу толағай бастанып
,
Сол бұлақтың басында,
Адамы жоқ қасында
Үш күн, үш түн жатады.
Біз топшылаған мағынаның дұрыстығын төмендегі мысалдар
дәлелдей түседі. Өткен ғасырда Н.Ф.Катанов жинап бастырған қазақ
мақал-мәтелдерінің ішінде «Құдайдан тілегенім қолаң қара шашты
еді, Құдайдың өзі қосты
қу толағай
бастыны» деген мәтелді келтіреді
де мұның екінші бөлігін «Бог дал мне жену с голой головой» («Құдай
маған тақыр бас, яғни шашы жоқ әйелді берді») деп аударады.
Бұл сөзді Қазақстанның батыс өңіріне ғана тән жергілікті сөз
(диалектизм) деп тануға болмайды. Өйткені
толағай
сөзін Көкше-
тау маңында туып-өсіп, сол өңірде жасап өткен Шал ақыннан да
(XVIII ғ.) табамыз. Шал ақын толғауының бірінде:
Тау
толағай
көрінер тасы кетсе, –
дейді. Бұл сөзді Семей облысының Аягөз маңында өмір сүрген Дулат
Бабатайұлынан да кездестіреміз:
167
Төрт түлікке толтырды
Толағай
тұлдыр қыратты.
Міне, бұларда да
толағай
сөзінде «жалаңаш, тақыр» деген мағына
бар. Бұл – түркі-монғол тілдеріне ортақ сөз бе, әлде монғол тілдерінен
ертеректе енген образ ба, немесе о баста
толағай
бас
болып айтылған
плеоназм ба (мағынасы бірдей сөздердің қатар қолданылуы ма)
– кесіп айту қиын. Бірақ қайткенде де бұл сөз
қу
эпитетімен келіп,
қу толағай бас
(бастану),
қу толағай көріну
сияқты тұрақты тіркес
құрап та, жеке қолданылып та «жалаңаш, тақыр» деген ұғымға ие
болған деп табамыз.
Қазақ тілінде
толағай
сөзінің екінші мағынада қолданылғаны
және кездеседі. Ол – «тоқтамай соққан, қатты жел». Марқасқа
жыраудың (XVII ғ.) толғауында:
Тоқтамай соққан толағай
Толастар мерзім жеткен дүр, –
деген тармақтар бар. Бұл жердегі
толағай
– жел (желдің бір түрінің
аты). Сірә, бұлар – омоним сөздер (тұлғалары бірдей, мағыналары
мүлде бөлек) болар.
Достарыңызбен бөлісу: |