ТОЛҒАНУ, ТОЛҒАМАЛЫ
.
Толғану
сөзі қазірде негізінен «ой-
лану, терең ойға бату, бір нәрсенің шешімін қиналып іздеу» деген
ұғымда қолданылады. Ал бұл сөздің «жиырылу, оралу, бір нәрсені
айналу, төңкерілу» деген көне мағынасы қазіргі тілімізде ұмыт
болған. Көне түркі тілінде
толға
- сөзі «орау, иіру» дегенді білдіргенін
Махмұт Қашқари көрсетеді (ДС, 573). Л. Будагов
толғамақ
(толғау)
сөзінің «бір нәрсені орау, иіру, қоршау, айналу, айналдыру» деген
мағыналарда өткен кезде қазақ тілінде де қолданылғанын тіркейді
(Будагов, I, 752). Қазақ тіліндегі
абжыландай толғану
деген тіркес
«абжыландай иірілу» дегенді, одан барып «әбжыландай арбау,
қызықтыру» деген ауыспалы мәнде қолданылғандығын жоғарыда
айттық (қараңыз:
абжыландай толғану
). Тек
абжылан
сөзімен кел-
генде ғана емес, өзге тұстарда да «иірілу» мағынасын беруде осы
сөзді қолдану жоқ емес. Мысалы, Махамбетте:
толғай-толғай
оқ
атқан.
Толғау
сөзінің «орау» мағынасы
толғамалы найза, толғамалы
мылтық, толтамалы балта
деген тіркестерде де келеді:
Толғамалы ақ балта...
Толғамалы ала балта
қолға алып (Доспамбет).
Толғамалы ақ сүңгім
(«Қобыланды»)
Толғамалы найзамен
Толықсып жауға шапқанда (Махамбет).
168
Найза, сүңгі, айбалта (ала балта) тәрізді соғыс қаруларын ұстаған-
да, олардың сабы сусып, жылжып кетпес үшін былғары, қайыс, жіп
т.б. сияқтылармен орап тастайтын болған немесе олардың ағаш сап-
тарын орама (спираль) түрінде кертіп қоятын болған (Ильминский,
113). Сондықтан оларда
толғамалы
(сабы оралған) деген эпитет пай-
да болған. Бұл сын есім келе-келе соғыс қаруын суреттейтін образ
болып, тұрақты тіркеске айналғандығы байқалады.
Сөйтіп,
толғау, толғану, толғамалы
сөздері ертеректе қазақ
тілінде «орау, иіру, үйіру, оралу, иірілу, үйірілу» мағыналарында да
қолданылған.
ТОЛҒАУ
. Бұл сөздің халық жырлары мен ертедегі ақын-жыраулар
тілінде кездесетін және бір мағынасын арнайы әңгіме етуге тура
келеді. «Орақ туралы жырда» Қарабатыр:
Мен
толға
десең,
толғайын
,
Орақ, саған
толғайын,
–
дейді. Бұл жерде
толға
- етістігінің мағынасы жоғарғы «орау, иіру,
жиыру» мәніндегі
толға
- етістігінен басқаша. Бұл сөздің түркі тілд-
еріндегі және бір мағынасы – «өлеңмен біреу немесе бір нәрсе жа-
йында айту». Өткен ғасырда қазақ лексикологиясымен шұғылданып,
қазақ сөздерінің мағынасын түсіндіргендер
толға
- «біреу тура-
лы жақсы сөзді өлеңмен айту» деп береді (Ильминский, 113). Бұл
етістіктің қазіргі мағынасын түсіндірушілер: «1) бұрай қозғап, үйіре
айналдыру
(найза толғау, құрық толғау),
2) бір нәрсе жайында жан-
жақты терең ойға шому
(дүниені тереңнен толғау)
, 3) мақамға қосып,
жырғып шерту» деген анықтамалар береді» (ҚТТС, IX, 180-181).
Сірә, ертеректе
толғау
сөзі «келелі ойды, әлеуметтік (ел-жұрттық)
үні бар сөзді айту» деген мағыналық реңкпен қолданылған болу ке-
рек. Сондықтан жыраулардың дидактикалық (насихат) сөздерінің
толғау
(
өлең
емес,
жыр
емес) деп аталуы осыдан туындаған. Демек,
жоғарыдағы Қарабатырдың
Орақ, саған толғайын
дегені: «Орақ,
саған мынадай ел қамын жегізетін, ел-жұрттық намысыңды оятатын,
қаныңды қайнататын сөзімді айтайын» дегені:
Мен
толға
десең,
толғайын
,
Орақ саған
толғайын
.
Қайғайдағы мажид (таджік?)
Өтер кемен көр және.
Терек бойлы естекті,
Мұнарасы биік Мәскеуді,
Аузы түкті орысты,
169
Басы шоқты қалмақты,
Шүлдірлеген шүршітті
Ауызыма қараттым...
Он сан қолға бас болдым...
Әлинің ұлы, әй Орақ,
Қайдар да қайда жүріп теңелдің?
Сөйтіп, қатарынан талданған
толғау
етістігі сыртқы тұлғасы
бірдей, мағынасы бөлек омоним сөздер болып қолданылған. Өткен
кезеңдердегі үлгілерде кездесетін мағыналары қазіргі көрсетілген
мағыналарына жуық келгенмен, қосымша реңкі (мағыналық бояуы)
бар сөздер болып танылады. Ал
толға
- етістігінің «орау» мағынасы
бұл күнде еркін (актив) қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |