Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет91/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

САУЫН: САУЫН АЙТУ
. Күні кешеге дейін қазақ қауымында 
сауын
айту
дәстүрі болған. 
Сауын айту
– үлкен ас, ұлы той сияқты 
үлкен жиындар туралы ел-елге жариялап хабар беру. Бұрынырақ 
жорық, аттаныс жайында да елге сауын айтатын болған. «Айман-
Шолпан» жырында ас берген шөмекейлерге өкпелеп кеткен Көтібар:
Шабамын Маман байды жиылсын деп,
Еліне барысымен 
сауын айтты,
– 
дейді. Ал осыдан бұрын кісісі өлген Кіші жүз алшын-жаппас шөмекей 
елі:
Бір тұтқа Кіші жүзде бай еді деп, 
Шөмекей Маман байға 
айтты сауын, – 
деп келеді.
Сауын айту
– жай хабар айту емес, белгілі бір салттың рәсімі 
ретіндегі хабарды жеткізу. Сауын айтылған жақ сол үлкен жиынға өз 
үлесін, өз қатысын көрсетуге тиіс болған. Сондықтан сауын кез кел-
ген адамға емес, байлар мен билерге, батырлар мен белділерге айты-
лады, олар сол ұлы жиынға өз «пайларын» енгізеді: саба-саба қымыз 
бен сойылар малын, бәйгеге шабатын жүйріктерін, күреске түсетін 
балуандарын т.т. апарады. Мысалы, сол асқа:
Даңқымды шөмекейге білдірем деп, 
Саба артып
тоғыз нарға Маман келді.
және:
Шай-қант
пен тоғыз нарға 
тоқаш артып,
Көтібар өзі батыр шекті келді.
Осы көрсетілген рәсім сақталмайтын жайттарда сауын айту емес, 
өзгеше түрде хабарлау айтылады. Мысалы. «Айман-Шолпан» жы-
рында Маман байдың шабылып, екі қызы «жесір» (тұтқын) боп қолда 
кеткенін естіген Әлібек:
Әлібек мұны естіп аттаныпты, 
Жар салып
қатар өскен ерлеріне, – 
дейді. Бұл жерде Әлібек сауын айтпайды, 
жар салады, хабар береді.
Сауын айту
тіркесіндегі 
сауын
сөзінің 
сауу
етістігіне қатысы 
жоқ. Оның түбірі – көне түркі тілдеріндегі 
саб/ сап (sав) 
сөзі. 
Саб/
сап
дегеннің мағыналары – «1) сөз, сөйлеу, 2) хабар, 3) хат, 4) мақал, 
мәтел, 5) баяндау, тарих, әңгіме, 6) сәуегейлік» (ДС, 478, 421). Демек, 
саб
сөзі қазақтың 
сауын айту, сөз саптау
сияқты тұрақты тіркестері 
мен 
сәуегей
сияқты сөздерінде сақталып қалған. Алғашқы екі 


150
тіркесте бұл сөздің көне «сөз, сөйлеу, хабар» деген 1-2-мағыналары 
ғана сақталса, 
сәуегей
сөзінде 6-мағынасы сақталған. 
Сөз саптау
де-
ген тіркестегі 
сап
дегені де – сол көне 
саб
сөзі, бұл тіркес – 
сөз сөйлеу
дегеннің дәлме-дәл баламасы (эквиваленті), өйткені 
саб
– «сөз>, 
саб-
та
– «сөйле-».
Сөйтіп, 
сауын
сөзі – 
саб
түбіріне 
(саб~сау) -
ын 
жұрнағы жалғанған 
сөз, беретін мағынасы – «сөз-хабар».
Көне түркі ескерткіштерінде 
сауын
тұлғасы кездеспейді, мүмкін, 
бұл осы сөздің ескерткіштерде қолданылмағандығынан болар не-
месе 
сауын
сөзі белгілі бір дәстүрдің пайда болуына қарай кейінгі 
дәуірлерде (V-VIII ғасырлардан соң) жасалған сөз болуы. Әдет-
ғұрпы көбінесе қазақтарға сәйкес келетін қырғыздардың тілінде 
(сөздіктерінде) «хабар» мағынасындағы 
сауын
(
соон
) сөзі жоқ. Соған 
қарағанда, бұл сөз қазақ халқын құраған тайпаларда өте көнеден келе 
жатқан дәстүрге байланысты сақталған ұлттық сарқыншақтардың 
(реликтілердің) бірі болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет