САЙЫП КЕЛГЕНДЕ
. Бір әңгімені қорыта айтқанда,
сайып кел-
генде
деген тіркесті қолданамыз.
Сайып
сөзінің төркіні –
сай-
етістігі.
Ол түрік, әзірбайжан тілдерінде «есептеу» деген мағынаны береді.
Демек,
сайып
келгенде – «әңгіменің түйінін есептеп келгенде» деген
мәнде қолданылатын сөздер екен.
САҚЕТЕР, САҚСЫР
. Ертеде өткен Доспамбет жыраудың бір
толғауында:
142
Сақетер
тиді саныма,
Сақсырым
толды қаныма, –
дейді. Мұндағы
сақетер, сақсыр
сөздері – бұл күнде қолданылмай-
тын бейтаныс атаулар. Контекске қарағанда,
сақетер
– қарапайым
соғыс қаруының аты (сақ етіп тиетін нәрсе) немесе «сақ етіп тие-
тін оқ» дегеннің образды атауы. С.Аманжолов «
сақетер
– әдеби тіл-
дегі
қылыш
дегеннің орнына қолданылатын диалектизм, яғни
Қазақстанның батыс өлкесіне тән жергілікті сөз деп таниды»
(Аманжолов, 340).
Сірә, ұрыс, соғыс қаруларының атауын
-ар/-ер
жұрнақты есімше
тұлғасымен беру – қазақ тілі үшін ертеден дағдыға айналған тәсіл
болу керек. Мысалы, «Қобыланды» жырынан:
Шауып келіп Қараман
Безеу тісті
кертартар
Тас төбеге салады, –
дегенді оқимыз. Мұндағы
кертартар
да – ұрыс қаруы. Соңғы дәуір-
лерде пайда болған
бесатар, алтатар
деген атыс құралдарының ата-
улары да – осы тәсілмен жасалған сөздер.
Ал
сақсыр
сөзі тағы да контекске қарағанда, киімнің, оның ішінде
не аяқкиімнің, не шалбардың атауы болса керек. Өйткені саннан
аққан қан не шалбардың ішіне, не аяқ киімнің ішіне толады ғой. Бұл
екі атаудың екеуі де өзге түркі тілдерінің, сондай-ақ көне және орта
ғасыр түркі тілдерінің сөздіктерінде жоқ. Соған қарағанда, бұлар –
қазақ топырағында туған образды тіркестер, образды атаулар болуы
мүмкін. Эпикалық жырлар тілі бір нәрсені бейнелеп атауға, ойды об-
разбен беруге икем екендігі белгілі.
САЛАР
. Ертеден келе жатқан «Сен
салар
да мен
салар
, атқа жемді
(немесе тоқым) кім
салар
» деген мәтел бар. Мұндағы
салар
сөздері –
қазақ тіліндегі
сал
- етістігінің есімше тұлғасы сияқты болып көрінеді.
Шындығында, мұндағы үш рет қайталанған
салар
сөзінің соңғысы
ғана – етістік, ал алдыңғы екеуі – есім сөз, ол – «басшы, бастаушы,
бастық» деген мағынадағы парсы сөзі. Парсы тілінде жоғары әскери
басшыны (орысша «главнокомандующий» дегенді)
сипаһсалар
деп
атайды,
сипаһ
– «әскер, армия» деген сөз, сонда
сипаһсалар
– «әскер
басы, армия басшысы» деген термин,
керуенбасы
дегенді
каруанса-
лар
деп атайды. Сонда жоғарыдағы қазақ мәтелі «мен де
бастықпын
,
сен де
бастықсың
, атқа жем салып (немесе тоқым салып) қызмет
ететін кім болмақшы» деген мәнді білдіреді.
143
САЛУ
. XV-XVI ғасырларда жасап өткен Шалкиіз, Қазтуғандар-
дың мұраларынан
сал
- етістігінің бұл күнгіден өзгеше келетін «та-
стау, қалдырып кету» мағынасында қолданылатын тұстарын көреміз.
Қазтуған атамекенімен қоштасқан толғауында:
Қайран менің Еділім,
Мен
салмадым
, сен
салдың,
–
дейді, яғни «мен сені өз еркіммен қалдырып бара жатқаным жоқ,
мен қалдырдым (кетуге мәжбүр болдым)» дегенді айтады. Мұны осы
жолдардан кейінгі:
Қайырлы болсын сіздерге
Менен
қалған
мынау Еділ жұрт, –
деген сөздері дәлелдей түседі. Шалкиіз жырау мен батырлар жырла-
рында кездесетін:
Жағы түкті жылқы айуан
Иесін қайда жаяу
Достарыңызбен бөлісу: |