Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет77/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ҚОРАМСАҚ, ҚЫЛШАН. 
Қорамсақ
– 
садақ оғының қабы. 
Эпостар тідінде 
қорамсақ
 
пен 
садақ
 
сөздері синонимдік қатар түзеді. 
«Оқ қабы» мағынасында ілгеріректе 
қылшан
 
сөзі де қолданылғанын 
көреміз. Мысалы, Қазтуғанда:
Қарағайдан садақ будырып, 
Қылшанымды
сары жүн оққа толтырып, – 
деген толғау жолдарын табамыз.
Садақ
сөзінің «оқ қабы, жақ қабы» мағынасында қолданылғаны 
туралы «Садақ» деген сөзтізбеден қараңыз. Мысалы, Қобыланды ба-
тыр:
Садақтың
бауы сартылдап, – 
деп суреттелсе, мұндағы 
садақ
– белге байлап алған жақ және оқ қабы. 
Бұл сөздердің морфологиялық құрамын талдап, түптөркінін ашып 
берген – зерттеуші Ә. Қайдаров. Ол Халықаралық Алтаистика конфе-
ренциясының 1972 жылы Вена қаласында өткен XV сессиясында 
қазақ тіліндегі қару-жарақ, сауыт-сайман атаулары жөнінде арнайы 
баяндама жасап, 
қорамсақ
сөзінің құрамындағы 
сақ
элементі – бір 
сөз түбірінің 
йа/йақ/жа/жақ

са/сақ
сияқты варианттарының бірі 
дейді, ал 
қылшан
сөзі 
қыл
(аттың құйрығы не жалының қылы) сөзіне 
«ыдыс, қап» мағынасындағы 
шан
сөзі немесе 
-шан (-шын, -шін)
жұрнағы қосылып жасалған сөз болу керек дейді (Қайдаров, 31-
32). Орыс тіліндегі осы мағынадағы 
колчан
сөзі – түркі тілдерінен 
шамамен XIII-XV ғасырларда енген сөз (Шипова, 193).


130
Бір көңіл аударатын нәрсе – 
қорамсақ
сөзі 
қорам
тұлғасында да 
қолданылған. Мысалы, «Қыз Жібек» жырында:
Енді қолын алғанша, 
Қорамға
қолын салғанша, – 
деп келеді. Бұл мысал 
қорамсақ
сөзінің құрамы 
қорам+ сақ
деген екі 
бөлек сөзден тұратындығын, оның 
сақ
компонентін қоспай да «оқ 
қабы» ұғымын бере алатындығын аңғартады.
Осы сөздің 
қорамса
варианты және болған. «Ақжонасұлы Ер 
Кеңес» деген жырда:
Қорамсаны
қолға алды, 
Атайын деп оңдалды, – 
деп келген жолдарды кездестіреміз. Бұлар – емлелік қателер емес, 
біз әңгіме етіп отырған сөздің және оның құрамдарының бірнеше 
фонетикалық вариантта келген 
(са/сақ)
бір сөзден пайда болғандығын 
көрсететін фактілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет