129
тұрақты тіркестер құрамында, мақал-мәтелдерде «консервіленеді».
Заман өткен сайын мағынасы ұмыт болған сөз тұлғалық жағынан да
өзгеріске ұшырайды, түсінікті сөзбен алмастырылады.
Қом
«толқын»
сөзі кейінгі замандағы қазақтар үшін әбден таныс
құм
тұлғасына
ауыстырылған, бірақ
құм су
деген тіркестің мағынасы түсініксіз.
Әдетте ауыз әдебиеті үлгілері мен ертедегі ақын-жыраулар туынды-
ларында әр алуан эпитетпен келген
су
деген сөз образы жиі кездеседі:
«
Ауан,ауан, ауан су»; «Айдынды сулар, аймақ көл, тасыса төңбек
келтірер»
(Шалкиіз
); «Тоғай,тоғай, тоғай су,
тоғай қондым өкінбен»
(Доспамбет); «
Қарқын су
келіп қаптады» («Қамбар батыр»).
Жалпы қазақтың ескідегі поэзиясында
су
(өзен, көл, дария)
белгілі бір образды («мекен», «қоршаған табиғат», «табиғат күші»
т.т. сияқты) білдіруге бейім тұрған. Сондықтан «толқын ұрған» да-
рия – Еділ мен Жайық сияқты (Шалкиіз, Доспамбеттер жасап өткен
өлкедегі) мол сулы өзендерді «қом су» деп бейнелеп атаудың болуы
заңды. Сөйтіп, «қоғалы көлдер, құм сулар» деген өлең жолын «қом
сулар» деп жазып, осылай оқыған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: