ғ
дыбысы сонор
у
дыбысына айналған (ауысқан):
қатығ>қатыу.
Ал
қазіргі емлеміз бойынша жазылуы –
қату (+ла + н + у).
Қатулану
сөзінің о бастағы «қатты, берік болу, күшті болу» деген мағынасына
үстеме «қатты ашулану, буырқану, айбат шегу» деген ауыспалы
мағынасы да бар. Бұл екі тұлғаның плеонастық құбылыс жасап
(яғни бір мағынадағы екі сөздің қатарынан айтылуы), қабаттаса да
қолданылған жерлері кездеседі. Мысалы, «Қобыланды» жырында:
Қабағынан қар жауып,
Қатуланып
,
қаттанды,
–
деп келеді.
Қаттану
етістігі көрсетілген мағынада жеке де қол-
данылады. Мысалы, «Ер Тоған батыр» жырында:
Сонда ханың
қаттанып
,
Жеңсіз берен бұл киді, –
деген жолдарды оқимыз.
Сөйтіп,
қаттану
сөзінің мағынасы «мықты болу, берік болу,
қатаю», ал
қатулану
сөзі –
қаттану
сөзінің морфологиялық вариан-
ты, яғни өзгеше тұлғаланған түрі.
ҚАУҚЫЛДАСУ
. Мағынасы түсінікті сөз: «Түсіндірме сөздік»
мұны «
қауқылда-
етістігінің ортақ етіс тұлғасы» деп береді. Ал
қауқылданы
«1) ашық-жарқын салдырлап сөйлеу, аңқылдау,
2) қалбалақтау, далбалақтау» деп түсіндіреді. Бірақ сөздің
қауқыл
деген түбірі тілімізде жоқ. Бұл парсы тіліндегі «у-шу» деген
мағынадағы
ғауға
сөзі болуы керек, сөз түбіріне зат есім жасайтын
түркілік
-ыл
жұрнағы жалғанып,
ғауғыл >қауқыл
болғанға ұқсайды,
ал
-да –
есімнен етістік тудыратын жұрнақ, демек, о баста
қауқылдау
«улап-шулау, бейберекет қатты дауыс шығарып (салдырлап) сөйлеу»
дегенді білдіре келіп, бара-бара мағынасы «жұмсарып», «сыпайыла-
нып», «ашық-жарқын сөйлесу» дегенге көшкен сыңайлы. Дегенмен
қауқылдау
– жай ғана ашық-жарқын сөйлеу емес, салдырлап,
қаттырақ дауыстап сөйлесу дегенді білдіретін сөз болып қалыптасқан
деп шамалауға болады.
128
Достарыңызбен бөлісу: |