Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет71/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ҚАЛЫҚПАН
. Махамбет өлеңдерінің екі-үш жерінде 
қалықпан
сөзі кездеседі:
Мен қарақұстан туған 
қалықпан
... 
Жалаулы найза қолға алып
Қалықпандай
қомданып…
Ақын мұрасының 1962 жылғы басылымында 
қалықпан
сөзіне 
«қыран құс» деген түсініктеме берілген. Контекске қарағанда
оның құс екені және асқақтықтың, биіктіктің образын беруге алын-
ғандықтан, қыран сияқты құс екені танылады. Бұл сөздің құс атауы 
екендігі сөз түбірінің мағынасынан да шығады: 
қалық
– көне түркі 
тілдерінде «көк, аспан» мағынасындағы сөз. Демек, 
қалықпан
– 
«аспан көкте, биікте самғайтын құс» дегенді білдіретін атау. Бұл атау 
бір замандарда ата-бабаларымыздың тілінде өзінің тура (номинатив) 
мағынасында белгілі бір құстың аты ретінде қолданылғанымен, кейін 
келе, мысалы, Махамбеттер заманында образ жасайтын 
тарпаң, 
тарлан, құлан, бұлан
сияқты сөздердің қатарына көшіп, поэтикалық 


121
сөзге (поэтизмге) айналған болар. Бұл сөздің сирек кездесетін көне 
сөздердің бірі екендігі сондай, ол қазіргі түсіндірме және екі тілдік 
сөздіктерге енбей қалған.
ҚАРАЛДЫ
. М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасын-
да 
қаралды
сөзін батырдың анасы Аналықтың аузына салады. Ол 
сапарға аттанып бара жатқан баласына берген бата-тілегінде:
Қаралдының
қызығын 
Қарық боп көрер сәтті бер... 
Қаралдымның
жұлдызын 
Оңынан туғыз, Қамбар-ау! – 
дейді. Бұл жердегі 
қаралды
сөзі – В.Радловтың көрсетуі бойын-
ша, қазақ тілінде «таяныш, үміт артқан тірек» мағынасында балаға 
қатысты айтылатын сөз, ал Л. Будагов башқұрт, татар тілдерінде бұл 
тұлға «1) аула ішіне салынған қосалқы құрылыс, үй» дегенді білдіреді 
дейді (Будагов, II, 47). Демек, М.Әуезов бұл сөздің ертеректегі қазақ 
тіліндегі мағынасын (Радлов көрсеткен) пайдаланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет