114
Бұл жерде
қазақ
– халық атауы да емес, бір халықтың өкілі де емес,
«жазыда (яғни кең далада, аулақта, шетте) жүрген және жай жүр-
меген, «мал іздеген, яғни тәуелсіз, еркін күн кешуді көздеген жеке
адам» дегенге меңзейді.
Қазақтың батырлар жырлары мен ХV-ХVІІ ғасырдағы ақын-
жырауларында
қазақ
сөзі көбінесе «шетке шыққан, іргелі жұрттан
бөлініп жүрген адам немесе адамдар тобы» деген мағынаны білдіреді.
Сірә, ХV-ХVІ ғасырларда ноғайлы-қазақ одақтастығы кезінде
ноғайлардан бөлектене бастаған ру-тайпаларды
қазақ
деп атағандары
байқалады. Мысалы, «Едіге» жырында:
Он сан ноғай ішінде
Үш жүз алпыс отау
қазағым
Сені тағы алдырттым, –
деген жолдарды оқимыз. Сондай-ақ ноғайлы-қазаққа ортақ жырау
деп саналатын Қазтуған (ХVғ.) бір жырда:
Қазақтың ұлы Қазтуған
Бір оралмай еліне
Тайлақты қуып кетер ме? – деп аталады.
Ертедегі қазақ өлең-жырларында да, ноғай жырларында да
қазақ
деген жеке сөзден гөрі
қазақ шығу,
қазақ шығып кету
тіркесі мен
қазақтық
деген жинақтау ұғым беретін абстракт есім сөз жиірек
кездеседі. Бұлардағы
қазақ шығу
тіркесі белгілі бір терминдік мәнде
жұмсалған, ол мән (мағына) – «іргелі ұлыстан бөлініп кету, көбінесе
сюзереніне (әміршісіне) өкпелі, наразы болып бағынбай кетіп қалу
немесе кінәлі болып, бас еркіндігін ойлап қашып кету».
Ноғайлы-қазақ жұртына ортақ «Шора батыр» жырында: Шора кісі
өлтіріп қайда барам деп жүргенде, бір түс көреді. Түсінде Қазанға
барған болады. Содан соң Шора Қырымнан қашып, бас сауғалаған
Қазанға кетпекші болады. Сол ойын әкесіне былай жеткізеді:
Ал, ал атам, ал атам,
Саулықпенен қал, атам.
Ақтәжінің Әлібиін өлтірдік,
Басымызға кетпес пәле келтірдік,
Қазан деген ел бар деп,
Бой тасалар жер бар деп.
Қазыналы Қырымды қалдырып,
Достарыңызбен бөлісу: