Бұл қойда кеңінен таралған гельминтоз.
Қоздырғышы - Chabertia ovinae – қой,iрi қара және кейбiр жабайы (қодас, бұғы т.б.) күйiстiлердiң бүйенi мен тоқ iшегiн мекеңдейтін iрi құрттар. Олардың тұрқы 1,3-2,6 см, ақсары түстi, денесiнiң жуандығы басынан құйрығына дейiн бiркелкi. Басы төмен қарай сәл қисайған, дамыған ауыз қуысы шар сияқты, көптеген ұсақ тiстерi бар. Ауыз тесiгi екi қатар орналасқан ұшы үшкiр жапырақшалармен көмкерiлген. Құйрық бұлтығы қысқа, қоңыр түстi, жолақ сызықты, спикулалары жiптей жiңiшке, рулегі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |