Күйістілердін трихостронгилидоздары trichostrongylidoses -жиі субклиникалық түрде арықтау, анемия, асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылуы белгілерімен өтетін нематодалық аурулар. Этиология



бет8/9
Дата28.05.2020
өлшемі32,56 Kb.
#71451
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документ (1)

Алдын алу шаралары басқа ішек стронгилятоздарындағыдай тәртіпте жүргізеді.

2-сурак


Желінсау

Желіннің механикалық, химиялық немесе биологиялық әсерлердің

салдарынан қабынуы. Желінсаудың субклиникалық және клиникалық түрлері

бар. Клиникалық түрі (А.П.Студенцов бойынша) былайша жіктеледі.

Сулы (серозды) желінсау –катаралды желінсау:

а) сүт цестернасы мен сүт жолының қатары;

б) альвеоланың қатары

Фибринді желінсау,

Іріңді желінсау:

а) іріңді -катаральді желінсау

б) желін бітеу жарасы

в) желін флегмонасы

Желінсаудың асқынуы:

а) желін индурациясы (ет желін)

б) желін гангренасы

Желінсау мал арасында жиі кездесетін ауру.Оның кейбір түрлерін қысқаша

сипаттап кетейік

Серозды желінсау. Сиырдың жалпы күйі өзгенрмейді, не сәл

нашарлайды, аздап ыстығы көтерілуі мүмкін . Желінің терісі қызарған

кернелген, тырсылдап тұрады, сәл тиіп кетсе қатты аурады. Көбінесе желін

жартылай не тұтасымен зақымдалады. Оның кей жерлері босаңсыған , көлемі

ұлғайған, сауып алған сүттің түсі сырттай қарағанда өзгермеген, бірақ кейін ол

сұйылады, оған ірімтіктер араласады.

Катаралды желінсау. Сиырдың жалпы күйі онша өзгермеген, тәбеті

қашып, ыстығы көтерілген, желі терісі өзгермеген, сәл қызған , сипап сыққан

кезде онша ауырмайды. Детте желінінң бір бөлігі ғана қабынады, сауған кезде

үрпіден сідай сұйық сүт шығады. Оның түсі ақшыл сұрғылттау, саорғыштау

болып келген, оған түйіршіктер араласқан. Альвеола катары кезінде түйіршіктер ұдайы (басынан аяғына дейін)кездесіп отырады, ал цестерна мен

сүт жолының қатары болса, сүтке ірінтік кейде ғана араласады да, кейін, сауу

аяқталарда жойылып кетеді.

Фибринді желінсау. Сиыр арықтаған, оның жалпы күйі нашар, тәбеті

төмендеген не мүлде жойылған. Малдың ыстығы көтерілген. Ол жүрген кезде

ақсайды. Желін терісі тырсыйып, кернелген, қызарған , тиіп кетсе қатты

аурады. Әдетте желінің бір бөлігі ғана зақымдалған. Ол ұлғайған, қатайған.

Желінің кейбір жері жұмсарған. Үрпілер ісінген, сыққан кезде олардан сықыр

естілуі мүмкін (крепитация).сауған кезде сүт орнына сары су шығады. Оған

фебрин талшықтары кейде ұйыған қан, ткань үзінділері, қою жалқаяқ

араласады.

Іріңді- катаралды желінсау. Сиыр мең – зең болып жем –шөптен

бастартады. Оның ыстығы көтеріледі , ол ақсайды. Желін терісі тырсиған,

қызарған, тиіп кетсе қатты аурады. Желіннің зақымдаған бөлігі қатты ұлғайған,

желінің кей жерлері жұмсарған. Сауған кезде желіннен ірің не ірін аралас

жылымшы су, кейде қан шығады.

Гемморрагиялық желінсау. Сиырдың жалпы күйі нашар,ыстығы

көтерілген. Ол жүрген кезде ақсайды. Желін терісі ісінген,қызарған,қызған тиіп

кетсе қатты ауырады. Әдетте желін бүтіндей не жартылай зақымданады,

желінің қабынған бөлігі ұлғайған, қатайған, үрпілері ісінген

Сауған кезде олардан сүт шықпайды. Шықса да өте аз шығады . Шыққан сұйық

қызғылт тартқан, оған ірімтік араласқан. Желінсаудың бір түрі екінші бір

түрімен қабысып қосақтаса жүруі мүмкін. Сондықтан оларды әбден анықтап

алған жөн.

Субклиникалық желінсау (белгілері білінбеген) демастин,

маститтин,бромтимолблау сияқты заттардың көмегімен сүтті зерттеу арқылы

анықталады. Біраз уақыт тұрған сүтте тұнба пайда болса, не одан отты

микроптар табылса, бұлда субклиникалық желінсаудың айғағы.

Субклиникалық желінсау дер кезінде анықталмаса, ауру сиырдың сүті сау

сиырдың сүтіне араласып кетіп, оны ішкен адам аураға шалдығуы мүмкін.

Сондықтан оны анықтаудың кейбір әдістеріне тоқтай кетейік.

Димастинмен және мастидинмен анықтау. Алдымен қайнаған суда

езіп,димастиннің 5% мастидиннің 2% ертіндісін даярлайды. Зерттеу төрт

шұңқыры және шеткей орналасқан тесігі бар арнаулы пластинкада жүргізіледі.

Сиырдың төрт үрпісінен төрт ыдысқа сүт сауып алады да,олардың әр біреуін

жоғарыда аталған шұнқырлардың біреуіне құяды (1-2мл). Пластинканың тесігін

сиырдың бакс жағына қаратып ұстап тұрады. Сонда қай шұңқыр қай үрпінің

еұсында екенін көріп тұруға болады

Шұңқырдың түбі қара боямен боялған, сондықтан сүттің ақ ірімтігі ап-

айқын болып көрініп түрады. Жеке шұңқырдағы сүттің үстіне демастин (1мл)

не мастидин (1 мл) тамызады да, 20-30 секунд бойы араластырады.Сиыр

субклиникалық маститке шалдыққан болса, оның зақымданған үрпісінен сауып

алынып зерттелген сүт іріп, қойыртпаққа айналады. Сүт ірімесе малдың жерін

саудан аман болғаны. Жоғарыда аталған реактивтер қосылса, мұнымен қатар, сүттің түсі өзгереді: димастин әсерінен таза сүт қызғылт-сары түске, мастидин

әсерінен сұрғылт түске боялады. Реакция күдікті болса, сүт қайтадан

тексеріледі.

Бромтимолблаумен анықтау. Сиыр тұрған орнында тексеріледі. Ол

үшін әр пластинкадан үрпіден 1мл сүт сауып алады да. Әр шұңқырдағы сүтке

екі үш тамшы бромтимолблау ерітіндісін 0,5% қосады. Ерітінді былай

дайындалады. : 0, 5 г бромитимолблау 50мл спиртке езіледі де, 50 мл

қайнаған таза суда ерітіледі. Сондай –ақ бромтимолблау тамызылған арнайы

қағаз қолдануға болады. Мұндай жағдайда реактив тамызылған әр дөңгелекке

бір тамшы сүт қосылады.

Сүт сауу үрпіден сауып алынған болса, реактив әсерінен ол жасыл таратады,

ал басқа түске боялса, оның реакциясы өзгереді. Мұндай жағдайда сүтті әбден

тұндырып,қайта тексеру керек. Ескеретін бір жайт сиыр бұзаулауға таянған

кезде суалтылса, оның сүті де осындай реакция беруі мүмкін. Сондықтан оны

әбден тексеріп алған пайдалы.

Тұндырып анықтау. Димастинмен не бромтимолблаумен

тексергенннен кейін сиырдың ауру екендігі жөнінде күдік туса, ондай сиырдың

сүтін пробиркаға сауып алады да (10-15мл) 16-18 сағат бойы салқын жерге

апарып қояды. Сиыр желінсаудан сау болса, осынша уақыт өткеннен кейін

пробирканың түбінде шөгінді яғни тұнба пайда болмайды,оның ішіндегі сүт

аппақ күйінде қалады. Сиыр желінсауға шалдыққан болса, пробирканың

түбінде шөгінді пайда болады,сүт көгілдір не сарғыш тартады. Шөгіндінің

ұалыңдығы 1 миллиметірден артық болса, сиырдың желінсауға ұшырағаны.

Желіннің зақымданған бөлігінен сауып алынған сүт малға қайнатып,

суытқаннан кейін ғана ішкізеді.

Емі. Желінсаудың барысына, түріне қарай емі де әртүрлі болады. Бірақ

алдымен оның барлық түрлеріне ортақ ем туралы қысқаша баяндай кетейік.

Ауру сиыр жеке саусақтармен емес желіні алақанға алынып, уыстап сауылады.

Желінің зақымданған бөлігіндегі сүтті бөлек ыдысқа сауып алады да, қайнатып

түөгіп тастайды. Желінің кернелуін (ішіндегі қысымды) азайту үшін оны жиі -

жиі (3-4сағат сайын) сауып отырады. Ем неғұрлым ерте ( 1-3 күненн

қалдырмай) басталса, соғұрлым нәтижелі болады. Керісінше ауру асқынып,

ұзаққа созылып кетсе, емнен ойдағыдай нәтиже шықпайды.

Фермадағы сиырлар жаппай желінсауға шалдықса , мұның себебін

табады. Алдымен сауын апараттарының жарамды- жарамсыздығы, лас -

тазалығын, сондай -ақ сиырлардың азығы мен күтімі қандай екендігі

анықталады. Олардан сауып алынған сүт бактериологиялық тұрғыдан

зеріттеледі.

Жоғарғыда айтылғандай, желінсау түрлі әдістермен емделедің. Солардың

бірі физикалық әдіс. Емдеуге кіріспей тұрып, желінді жылы сумен сабындап

жуадыда, таза орамалмен сүртіп құрғатады.

Желінсау жаңадан басталған болса, бір күн ғана өтсе, желінге салқын зат

басады. Осы мақсатпен оны зақымданған бөлігіне шланг арқылы салқын су

себелейді, сондай- ақ оның сірке суы қосылған балшықпен (1 литр суға 2-3 қасық сірке суы) салып тастауға болады. Кеуіп кетпес үшін балшыққа су

құйып тұру керек. Желінге салқын басу 3-4 сағаттан артпауға тиіс.

Желінсау басталғалы 3-5 күн өткен соң желінге керісінше, жылу

(жылытқыш крмпресс,парафин,озокерит, сольюкс,инфураруж шамдары)

басылады. Жылытқыш компресс ретінде спирт – ректификат не камфарла спирт

қолданылады.

Парафинмен емдеу үшін алдымен оны 45 градусқа дейін қыздырып

балқытады. Содан кейін дереу желінге жағады. Одан әрі парафиннің

температурасы 80-90 градусқа жеткізеді де, сол желінге жағылған парафиннің

үстіне құйып , қалыңдата түседі . Оның үстін қалың материалмен жауып таңып

тастайды. Парафинге 3 процент ихтиол қосуға болады .

Озокеритпен емдеу үшін алдымен оны 100-110 градуісқа дейін

қыздырады да түбін клеенка төселген екі жайпақ ыдысқа бөліп құяды. Бірінші

ыдыстағы парафиннің жылуы 40-45 градус , екінші ыдыстағынікі 45-60 градус.

Алғашқысы сиырдыцң беліне, соңғысы желініне байланады. Олардың сырты

қалың материалмен қымтап байлап тастайды. Парафин мен озокерит жағылған

жерінде біржарым алты сағат ұсталады.

Сольюкс не инфраруж шамдармен желінді күніне 2 мезгіл (30-60 мин)

қыздыру керек. Шам мен желін арасының қашықтығы 60-80 см.

Желінсауды емдеу мақсатымен ультрадыбысты қолдануға да болады (

В.А.Ахатов 1967) Ол үшін емделетін жердің жүнін тықырлап қырқып тастайды

да, сол жерді 70 гр спиртпен сүртіп тазартады. Содан кейін фурацелин,

риванол ерітіндісінің біреуімен шайып жібереді де, глицериннің судағы 50

процентті ерітіндісімен майлайды. Ақыр аяғында ультродыбыс аппаратын

тақап оны секундына 1,0-1,5 см жылдамдықпен жылытады. Ультродыбыс

мөлшері бастапқы кезде 0,6-0,9 вт \см2

кейін -1,2 -2 вт см2

. Емнің ұзақтығы- 5

-15 мин.

Ультра дыбыс күн сайын (2 – 15 дүркін) қолданылады. Ауру басталған

соң 3-4 күн өтісімен желінге массаж жасайды.Серозды желінсау кезінде

жоғарыдан төмен қарай жасалады. Желінсаудың басқа түрлері болса массаж

жасалмайды. Массаж кезінде түрлі дәрі – дәрмектерді, мәселен, сүртпе

майларды(камфара, трептоцид, салицил, йод, ихтиол, норсульфазол сүртпе

майлары ) басқа линименттердің қоса қолдануға болады.

Желінсау кезінде патогенетикалық ем де қолданылады. Мәселен , Д.Д.

Логвинов әдісімен желінге новакаин блокадасы жасалады. Алдымен ине

шаншылатын жер зарарсыздандырғыш дәрілердің біреуімен (йодпен)

тазартылады. Дәрі желін түбіндегі дәнекер тканьнің ішіне жіберіледі. Мөлшері :

новакаиннің 0,5 проценнті ертіндісі 150-200 мл, пеницилин мен стрептомоцин

300-500 мың өлшем. 8-12 см тереңдікке, желінің қақ ортасна 1-2 см ауытқып,

оның оң не сол жақ бөлігіне сұғылады. Блокада арасында

48 сағат салып екі рет жасалады. Блокада Б.А.Башкиоров әдісімен жасалатын

болса, ине 3-4 бел омыртқа қанаттарының арасында (жотадан 6-8 см не оңға не

солға) шаншылады. Ол 55-60 градус көлбеу күйінде 6-9 см тереңдікке омыртқаға тигенше) енгізіледі. Содан кейін иненің ұшын 2-3 см кері тартады

да, новакаинынң 0,5 процентті ертіндісін 80-100 мл жібереді.

Мұнымен қатар И.И.Магда әдісі бойынша -анестезия не В.В.Мосин

бойынша блокада жасауға болады. Сондай -ақ Д.Д.Логвиновтың, Н.Д.Вольвач

әдісәмен новакаинның1процентті ертіндісі аортаға жіберіледі

(100 мл). Ауру тым шапшаң өршіп бара жатса, тікелкй күре тамырға

окситицин (6-8 мл) енгізген жөн (И.Г.Велиток). дәрі енгізерден бұрын және

енгізіп болғаннан кейін желіндегі сүтті сарқып сауып тастайды. Желінге

жоғарыдан төмен қарай массаж жасайды. Қажет болса, ем 8-12 сағаттан кейін

қайталанады. Қабыну белгілері жойылса, екі үш күннен кейін сиырды

машинамен сауа беруге болады.

Антибиотиктермен емдеу бірден бір пәрменді әдіс. Желін шапсаң қабына

бастаса, антибиотик бүлшық етке жіберіледі. Мөлшері : мал салмағының әр кг

3-5 мың өлшем. Мұнымен қатар желінге үрпілері арқылы риванол (1:

1000 1: 300), фурацилин (1:500), ас содасының 1-2 процентті ертіндісі,

норсульфазолдың судағы 1-1,5 процентті ертіндісін, мастицид, мастисин т.б

дәрілер ( 50-100 мл ) жіберуге болады . 1-2 сағаттан кейін бұл дәрілерді сауып

тастау керек.

Субклиникалық желінсаудың емдеудегі ерекшелік- малға оның

денесіне сүтке ілесіп тез шығып кететін дәрілер беріледі. Осы мақсатпен 50-

100 мың өлшем мөлшерінде пеницилин ертіндісі, сондай ақ эритромицин

ертіндісі тері астына енгізіледі. Эритромицин әуелі10 мл спиртте, содан кейін

90мл қайнаған суда езіледі. Мұнымен құатар, мацтицид, мастицин, пенэрсин

пайданылады ( күніне үш мезгіл). Емдеу аяқталғаннан соң бес жеті күннен соң

сүт димастинмен тексеріледі. Мал желінсаудан айықпаған болса, ем екінші рет

қайталанады. Бір апта өтісімен сүт тағыда димастинмен тексеріледі. Сүттің

реакциясы ойдағыдай болса, ем тоқтатылмайды.

Ауру ұзаққа созылып кетсе, антибиотиктер үрпі арқылы тікеленй желінге

енгізіледі.

Желінсаудан сақтану. Сиырдың азығы мен күтімі жақсартылады, сауу

ережелері бұлжытпай орындалады. Әсіресе оның азығы құнарлы да сіңімді, әрі

түрлы болуға тиіс. Оған тек біріңғай дәнді азық не тек сүрлем, жем беруге

болмайды. Көгерген , үсіген жемщөп берілумен қадағалап отырады. Күз бен

қыста , яғни мал қорада бағылатын кезеідерде оны күн сайн кемінде 4-5 км

қыдыртады, сөйтіп оның бойын сергітеді. Бұзаулауы тақалған және

бұзауланған соң сиырға шырынды азық беру тоқтатылып, дәнді азық мөлшері

азайтылады (әрі шөп беріледі) . бұзаулаған соң 4-5 күн өтісімен шырынды

азықтарды мөлшері біртіндеп көбейтіле бастайды, 10-12 күннен кейін олар

толық мөлшерінде үлестіріледі. Төсеніш ылғал сіңіргіш, жылы да жұмсақ

болуы керек. Бұл талаптарға әсіресе сабан, ағаш ұнтаға сай келеді. Сиыр

қораның ауасы таза болуға , әрдайым алмастырылып, (мал басына 70-80 текше

метр) тұруға тиіс.

Фирмада айына бір рет санитарлық күн тағайындалады: жылына екі рет

(күздігүні, жазғытұры) профилактикалық (сақтық) дезинфекция жасалады. Сиыр бұзаулайтын болме 10 күн сайын тазартылып отырады. Оған уақытында

дезинфекция жасайды. Буаз сиыр бұл бөлмеге бұзаулауына 10-15 күн қалғанда

көшіріледі де, бұзаулап болған соң 10-14 күннен кейін жалпы қораға

ауыстырылады. Бұзаулауы тақалған сиырдың үсті –басын тазартып, сыртқы

жыныс мүшелерін зарарсыздандырғыш дәрілермен жуып шаяды. Желініне ісік

шыққаны байқалса сиырға берілетін шырынды азық пен су мөлшері

азайтылады, қыдыртып, бойын сергіту мерзімі ұзартылады. Сауардан бұрын

сиырдың желінін жылы сумен жуып, таза орамалмен сүртіп құрғатады. Оған

массаж жасайды. Массаж сауып болғаннан кейін де жасалады.

Сауыншылардың жеке басының гигиенасына (тазалығына) ерекше назар

аударылады. Олардың халаттары мен қолдары әрдайым таза болуға тиіс. Сиыр

саууға кірісер алдында олар қолдарын сабындап жууға, таза орамалмен сүртіп

құрғатуға міндетті.

Сүт резервуары –желіннің қабынуымен қатар, көптеген басқа да аурулары

(үрпінің жарылуы, агалактия, гипогалактия,лактореея т.б.) бар.

3-сурак




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет